Оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Курсты меңгеру бойынша әдістемелік ұсыныстар келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:

· пәннің берілген мамандық (мамандандыру) бойынша кадрларды даярлаудағы әлеуметтік маңызы мен өзектілігін негіздеу;

· оқу жоспарының құрамындағы пәннің ролі мен орнын;

· оқу пәнін меңгеру ерекшеліктерін;

· оқу үдерісін ұйымдастыру нысандарын (әрбір тақырыпты меңгеру кезіндегі пайдаланылатын әдістің атауы көрсетіледі және оны қолдану сипатталады);

· пәнді меңгерудегі білім алушылардың өзіндік жұмысының ролін;

· курсты меңгеру кезіндегі білім алушылардың аудиториялық және өзіндік жұмысының өзара байланысын.

Курсты меңгеру бойынша жалпы әдістемелік ұсыныстар келесілерді сипаттауы тиіс:

· өзіндік жұмыстың кезеңдері мен тәртібін;

· әдебиеттермен жұмыс істеу әдісін;

· білім алушылардың өзіндік жұмысының негізгі қиындықтары және оларды жою жолдарын;

· курс бойынша өзіндік жұмыс нәтижелері туралы есеп беру нысанын.

Курстың теориялық материалын меңгеру бойынша әдістемелік ұсыныстар курстың әрбір модулі бойынша сараланып құрастырылуы және келесі элементтерді қамтитын типтік сызба бойынша құрылуы тиіс;

· модульдің реттік нөмірі мен атауын;

· тақырыптың негізгі сұрақтарын;

· тақырыпты меңгеру мақсаты мен міндеттерін;

· білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды;

· тақырыптың негізгі түсінік-терминологиялық аппаратының сипаттамасын;

· ұсынылатын әдебиет бойынша шолу-жол көрсетуші;

· модульді меңгеру нәтижелері бойынша қысқаша қорытындыны;

· білім алушылардың білімін өзін-өзі тексеру үшін бақылау сұрақтарын.

Модульдің және тақырыптың реттік нөмірі мен атауы курстың тақырыптық жоспары мен бағдарламасына қатаң сәйкес келуі тиіс.

Тақырыптың негізгі сұрақтары игерген кезде білім алушылардың даярлық сапасын көрсететін тақырыптың неғұрлым маңызды аспектілерін бейнелеуі тиіс. Тақырыптың негізгі сұрақтарының саны нақты тақырып мазмұнының ерекшеліктеріне қарай үш-бес аралығында белгіленеді.

Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптардың мазмұны алдыңғы оқылған оқу пәндерінің мазмұнын есепке ала отырып тақырыптың толықтырылуымен анықталады.

Білім алушылардың талап етілетін даярлық денгейін қамтамасыз ету мақсатында оның білімі жүйесіндегі айқындалған олқылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беретін оқу басылымдары көрсетілуі тиіс.

Тақырыптың түсінік-терминологиялық аппаратының сипаттамасы келесілер үшін қажет:

· оқу пәнінің терминологиялық базасының әзірлену деңгейі туралы түсінік беруге;

· білім алушыларды тақырыппен жұмыс жасау үдерісінде игеру қажет жетекші түсініктер жиынтығына бағыттауға;

· оқылатын тақырыптардың түсініктері арасындағы логикалық байласыстарды ашып көрсетуге;

· бірінші кезекте нормативті-техникалық құжаттар (терминологиялық стандарттар) көрсетілуі тиіс қарастырылатын түсініктерді анықтау көздерін көрсетуге;

· тақырыптағы түсініктердің әр түрлі көздерде анықталу тәсілдерін салыстырмалы бағалауды қамтуға.

Ұсынылатын әдебиет бойынша шолу-жол көрсетуші бұл тақырыптың сұрақтары бойынша жүйеленген ақпарат негізінде білім алушылардың өзіндік жұмысын ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әдістемелік материал.

Тақырыпты меңгеру үшін ұсынылатын әдебиет бойынша шолу-жол көрсетуші тиіс:

· тақырып сұрақтарының әзірлік жағдайы мен олардың әдебиетте қамтылу сипаттамасын беруге;

· білім алушыларды әдебиет көздерімен мақсатты кезекті жұмыс істеуге бағыттауы;

· білім алушылардың назарын оқу материалын баяндау мазмұны мен әдістемесі тұрғысынан неғұрлым құнды құжаттарға аударуы;

· білім алушыларды ұсынылатын құжаттар мәтіндерінің нақты неғұрлым маңызды фрагметтеріне, соның ішінде кестелер, суреттер, сызбалар және т.с.с. бағыттауы;

· қарастырылатын сұрақтар бойынша маңызды теориялық ережелердің, ғылымды, техниканы, өндірісті дамыту болашағы мен жетекші қарқынының қысқаша сипаттамасын қамтуы;

· теориялық материалдың практикамен байланысын көрсететін мәліметтерді қамтуы;

· берілген тақырып сұрақтарының курстың басқа тақырыптарымен және басқа оқу пәндерімен байланыстары туралы түсінік қалыптастыруды қамтамасыз етуі.

Шолу-жол көрсетушіні дайындау кезінде келесі негізгі ережелерді басшылыққа алу қажет:

· қарастырылатын сұрақтар мен түлектің кәсіби іс-қызметі объектілері және оның біліміне қойылатын талаптар арасындағы байланысқа ерекше назар аударылуы керек;

· әр түрлі ақпарат көздеріндегі қарама-қайшы мәліметтер ерекшеленіп көрсетілуі және арнайы айтылуы тиіс;

· шолуда оқытушының жеке қөзқарасына қарамастан қарастырылатын сұрақтарға әр түрлі көзқарастар бейнеленуі тиіс;

· шолуда ескірген немесе күмән туғызатын мәліметтерді пайдалануға жол берілмейді;

· тақырып сұрақтарының әзірленуі сипаттамасында отандық және шет елдік жетістіктердің салыстырмалы бағалануы көрсетілуі қажет;

· жаңа мәліметтерді (тұжырымдамаларды және факттерді) қарастыруға ерекше назар аударылуы тиіс.

Тақырып бойынша қысқаша қорытындылар білім алушыларды сенімді игеру және есте сақтау керек мәліметтердің жиынтығына бағыттаулары қажет. Білімін өзін-өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары білім алушыларға берілген тақырып бойынша өздерінің дайындықтарын тез арада бағалауға және келесі тақырып меңгеруге дайындығын анықтауға мүмкіндік береді. Практикалық тапсырмаларды өз бетінше орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар тапсырманың түрін, оның мазмұнын, орындау тәртібін, безендірілуіне қойылатын талаптарды анықтайды.


Наши рекомендации