Аралық бойынша електен өткізу

Аралық бойынша фильтрацияда мәліметтер жиынына өрістерінің мәндері көрсетілген аралықта болатын жазбалар енеді, яғни фильтрация шарты мәні > төменгі шекара AND мәні < жоғарғы шекара түріндегі өрнек болып табылады. Өрнек бойынша фильтрациядан айырмашылығы кестенің барлық жазбалары тізбектеліп қарап шыққанда, аралық бойынша фильтрациялау индекстік-тізбектелген әдіспен жүргізіледі, сондықтан фильтрацияның бұл тәсіліне тек индекстік өрістер қолданылады. Өріс аты, жазбаларды таңдау үшін критерий ретінде көрсетілген аралық, IndexName IndexFieldNames қасиеттерінің көмегімен ағымдағы сияқты қоюлуы керек. Егер ағымдағы индекс қойылмаса, онда келісім бойынша басты индекс қолданылады.

Аралық бойынша фильтрацияны қосу және ажырату ApplyRange және CancelRange әдістері қолданылады.

SetRangeStart және SetRangeEnd әдістері аралықтың төменгі және жоғарғы шекараларын қояды. Аталған процедуралардың параметрлері жоқ, сондықтан аралық шекараларын қою үшін меншіктеу инструкциясын қолданылады. Сонымен қатар SetRangeStart және SetRangeEnd әдістері мәліметтер жиынын dsSetKey режиміне ауыстырады.

Алдын ала қойылған аралық шекараларын өзгертуге SetRangeStart және

SetRangeEnd әдістерінің әрекеттеріне сәйкес келетін, EditRangeStart және EditRangeEnd әдістері арналған.

Аралық бойынша фильтрацияны қамтамасыз ететін қосымша формасы

оқиғасын өңдеу модулін мысал ретінде қарастырайық.

Аралық бойынша електен өткізу - student2.ru

26-сурет. Аралық бойынша електен өткізу формасына мысал

procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);

begin

Table1IndexName:='indSalary';

end;

// Salary өрісі бойынша фильтрация

/ / бұл өрістің индексі ағымдағы индекс сияқты қойылған болу керек

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

begin

with Table1 do begin

// аралықтың төменгі шекарасын қою

SetRangeStart;

FieldByName('Salary').AsString:=edit1.Text;

// аралықтың жоғарғы шекарасын қою

SetRangeEnd;

FieldByName('Salary').AsString:=edit2.Text;

// фильтрацияны қосу

ApplyRange;

end;

end;

//фильтрацияны алу

procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);

begin

Table1.CancelRange;

End;

end;

Бақылау сұрақтары:

1. Електен өткізу дегеніміз не?

2. Өрнек бойынша електен өткізу қалай жүзеге асырылады?

3. Аралық бойынша електен өткізу қалай жүзеге асырылады?

4. Аралық бойынша електен өткізу әдістері?

Әдебиеттер:

[4], [6], [9], [10].

ЫСҚАША ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ

Дәріс.

Тақырыбы:Байланысқан кестелерді қосымшаларда қолдану

Дәріс мақсаты:Байланысқан кестелермен жұмыс жасауды қарастыру.

Кілттік сөздер:байланыс, байланысқан кесте, негізгі кесте, бағынышты кесте, алғашқы кілт, сыртқы кілт.

Мәліметтер қорының бөлек кестелерінің арасында байланыс болуы мүмкін, ол кестелердің байланыс өрістері арқылы ұймдастырылады. Байланыс өрісі міндетті түрде индекстелген болуы қажет. Кестелер арасындағы байланыста бір кесте - негізгі кесте, ал екінші кесте – бағынышты кесте болып табылады. Кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыруда бағынышты кестеде келесі қасиеттер пайдалынады:

▪ MasterSource – негізгі кестенің мәліметтер көзі;

▪ IndexName – бағынышты кестенің ағымдағы индексі;

▪ IndexFieldNames – бағынышты кестенің ағымдағы индексінің өрісі немесе байланыс өрісі

▪ MasterFields – негізгі кесте индексінің өрісі немесе байланыс өрісі

Байланысқан кестелермен жұмысты қойма есебін автоматтандыруға арналған қосымша мысалын қарастырайық. Қойма есебін ұйымдастыруда екі

кесте пайдалынады: тауарлар тұратын Tovar кестесі және әр бір тауардың кірісі мен шығысынан тұратын, яғни тауарлар карточкаларынан тұратын Cards кестесі.

Tovar кестесінің құрылымы

Өріс аты Типі Өлшемі Кілттік өріс Сипаттамасы
T_code +   * Тауардың уникальды коды. Бағынышты кестемен байланыс жасауға қолданылады.
T_name А   Тауардың аты. Міндетті түрде толтырылады.
T_unit А   Өлшем бірлігі. Міндетті түрде толтырылады.
T_price $       Тауардың құны. Міндетті түрде толтырылады.
T_col N       Қоймадағы тауарлар саны.
T_note А   Примечание

Cards кестесінің құрылымы

Өріс аты Типі Өлшемі Кілттік өріс Сипаттамасы
C_number +   * Тауарлар қозғалысы жазбасы- ның уникальды коды.
C_code I     Негізгі кестемен байланыс үшін қолданылатын тауар қозғалысы жазбасының коды.
C_move N     Кіріс және шығыс саны.
C_date D     Кіріс және шығыс датасы.

Кестелер арасында «негізгі-бағынышты» байланысы орнатылады. Tovar кестесі негізгі, ал Cards кестесі бағынышты кесте. Байланысты ұйымдастыру үшін негізгі кестеде байланыс өрісі ретінде S_Code автоинкременттік өрісі алынады. Бағынышты кестеде байланыс өрісі индекстік өріс құрылған C_Code бүтін типті өрісі болып табылады.

Аралық бойынша електен өткізу - student2.ru

Байланыс орналастыру үшін Table2 кестесінің MasterSource қасиетінде DataSource1 мәнін қою керек. Сосын Объект инспекторы MasterFields жолында үш нүктелі түймеге басып, байланыс редактор терезесін (Field Link Designer) шығару. Available Indexes (Индекстерді енгізу) тізімінде бағынышты кестенің C_Code индексін таңдау, сонда Detail Fields (Детальдық өріс) тізімінде байланыс өріс (C_Code) аты пайда болады. Бұл тізімнен бағынышты кесте өрісін, ал MasterFields (Негізгі өріс) тізімінде – негізгі кесте өрісін таңдау қажет (сурет). Енді Add түймесін басу, сонда таңдалған өрістер өз ара байланысады, Joined Fields (Байланысқан өрістер) тізімінде C_Code → S_Code түрінде бейнеленеді.

Аралық бойынша електен өткізу - student2.ru

27-сурет. Кестені қосымшадан байланыстыру

Бақылау сұрақтары:

1. Кестені байланыстырудың қажеттілігі?

2. Негізгі кесте деп қандай кестені айтамыз?

3. Бағынышты кесте деп қандай кестені айтамыз?

4. Алғашқы кілт, сыртқы кілттер не үшін анықталады?

Әдебиеттер:

[4], [6], [9], [10].

Дәріс.

Тақырыбы:Реляциялық қатынас жасау әдісі. SQL сұранымдар тілі.

Дәріс мақсаты:SQL тілі туралы түсінік беру және негізгі операторлармен

таныстыру.

Кілттік сөздер:SQL, сұраныс, агрегаттық функциялара, CREATE TABLE,

DROP TABLE, ALTER TABLE, INSERT, UPDATE, DELETE, SELECT.

Жоспары:

14.1. SQL тілі туралы түсінік. SQL функциялары.

14.2. Кестелермен орындалатын амалдар.

14.3. Кестеден мәліметті таңдау. Select операторының негізгі сипаттамалары.

14.4. Жазбаларды модификациялау

Наши рекомендации