Шін (a,b), (a,c), (a,d) жұптарының ЕҮОБ-тері анықталсын.
39. NOD2 функциясын пайдалана отырып (38-есеп), a/b бөлшегін қасқартылмайтын p/q бөлшегіне түрлендіретін Frac1(a,b,p,q) функциясын сипаттау керек (a,b – ену параметрлері, p,q – шығу параметрлері, барлығы бүтін типті). Нәтижелік p/q бөлшегінің таңбасы оның алымына тіркеледі, (яғни q>0). Frac1 функциясын қолданып, мәндері берілген бүтін a,b,c,d,e,f,g,h үшін a/b+c/d, a/b+e/f, a/b+g/h өрнектеріне тең қысқартылмайтын бөлшектер табылсын.
40. a және b бүтін сандарының ең кіші ортақ еселігі (ЕКОЕ) келесі формула көмегімен анықталатынын ескере отырып және 38-есептегі NOD2 функциясын қолдана отырып, a және b бүтін сандарының ең кіші ортақ еселігін табатын NOK2(a,b) бүтін функциясын сипаттау керек. Сипатталған функция көмегімен мәндері берілген бүтін a,b,c,d сандары үшін (a,b), (a,c), (a,d) жұптарының ЕКОЕ-тері анықталсын.
41. ЕҮОБ(a,b,c)= ЕҮОБ(ЕҮОБ(a,b),c) қатынасын және 38-есептегі NOD2 функциясын қолдана отырып, a, b және с бүтін оң сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табатын NOD3(a,b,c) бүтін функциясын сипаттау керек. Осы функцияны қолданып, мәндері берілген a,b,c,d шамалары үшін (a,b,c), (a,c,d), (b,c,d) үштіктерінің ЕҮОБ-рі анықталсын.
42. Секундпен берілген t уақыты бойынша ондағы сағат (h), минут (m) және секунд (s) көлемін анықтайтын TimeToHMS(t,h,m,s) процедурасын сипаттау керек (t – ену параметрі, h,m,s – әрі ену, әрі шығу параметрлері, барлығы оң бүтін сандар). Осы процедураны пайдаланып, t1,t2,…,t5 уақыт аралығындағы сағат (h), минут (m) және секунд (s) көлемі анықталсын.
43. Сағат (h), минут (m) және секунд (s) арқылы берілген уақытты t секундқа арттыратын IncTime(h,m,s,t) процедурасын сипаттау керек (t – ену параметрі, h,m,s – әрі ену, әрі шығу параметрлері, барлығы оң бүтін сандар). Бүтін t шамасы және қандай да бір уақыт аралығы сағат (h), минут (m) және секунд (s) арқылы берілген. IncTime процедурасының көмегімен берілген уақыт t секундқа арттырылсын және h,m,s-тің жаңа мәндері шығарылсын.
44. Оң бүтін y саны кібісе жылға сәйкес келсе (ақпанда 29 күн болса) – TRUE, әйтпесе – FALSE мәнін қайтаратын логикалық IsLeapYear(y) функциясын сипаттау керек. у параметрінің бес мәні үшін IsLeapYear функциясы орындалсын. Кібісе жылдың белгісі – 4-ке қалдықсыз бөлінеді (100-ге бөлінетін және 400-ге бөлінбейтіндерінен басқасы).
45. IsLeapYear функциясын пайдаланып (44-есеп), у-ші жылдың m-ші айындағы күндер санын анықтайтын бүтін MonthDays(m,y) функциясын сипаттау керек (1≤m≤12, y>0). Берілген у жылы мен m1,m2,m3 айлары үшін MonthDays функциясының мәндері табылсын.
46. MonthDays функциясын пайдаланып (45-есеп), күн (d), ай (m) және жылды (y) қамтитын дұрыс мәлімет бойынша осы күннен алдыңғы күнді анықтайтын PrevDate(d,m,y) процедурасын сипаттау керек (d,m,y – әрі ену, әрі шығу параметрлері, барлығы бүтін типті). Сипатталған процедура үш күнге қолданылсын және олардың алдындағы күндер шығарылсын.
47. MonthDays функциясын пайдаланып (45-есеп), күн (d), ай (m) және жылды (y) қамтитын дұрыс мәлімет бойынша осы күннен кейінгі күнді анықтайтын NextDate(d,m,y) процедурасын сипаттау керек (d,m,y – әрі ену, әрі шығу параметрлері, барлығы бүтін типті). Сипатталған процедура үш күнге қолданылсын және олардан кейінгі күндер шығарылсын.
48. Ұштарының координаттары арқылы берілген АВ кесіндісінің ұзындығын анықтайтын нақты типті Leng(xa,ya,xb,yb) функциясын сипаттау керек (xa,ya,xb,yb – нақты параметрлер). Кесінді ұзындығы келесі формула көмегімен анықталады: . Егер A,B,C,D нүктелерінің координаттары берілген болса, онда AB, АC, АD кесінділерінің ұзындықтары анықталсын.
49. Leng функциясын пайдаланып (48-есеп), төбелерінің координаттары арқылы берілген АВС үшбұрышының периметрін есептейтін нақты типті Perim(xa,ya,xb,yb,xc,yc) функциясын сипаттау керек (xa,ya,xb,yb,xc,yc – нақты параметрлер). Егер A,B,C,D нүктелерінің координаттары берілген болса, онда ABC, АCD, АBD үшбұрыштарының периметрі анықталсын.
50. Leng және Perim функцияларын пайдаланып (48 және 49-есептер), төбелерінің координаттары арқылы берілген АВС үшбұрышының ауданын есептейтін нақты типті Area(xa,ya,xb,yb,xc,yc) функциясын сипаттау керек (xa,ya,xb,yb,xc,yc – нақты параметрлер). Үшбұрыш ауданы келесі формула арқылы анықталады:
,
мұндағы р – жарты периметр. Егер A,B,C,D нүктелерінің координаттары
берілген болса, онда ABC, АCD, АBD үшбұрыштарының ауданы анық-
талсын.