Жұмысты орындау реті
3.1.1 EDIBON M11 оқу стендін алдын ала Е-133 баспа платасын орналастыру арқылы жұмысқа дайындау.
3.1.2 Платада 3.1 суретіндегі қажетті сұлбаны табу және RS-триггердің екі типі үшін:
а) НЕМЕСЕ-ЕМЕС логикасында құрылған тура кірісті;
б) ЖӘНЕ-ЕМЕС логикасында құрылған терістелген кірісті ауысу кестесін құрып жұмысын зертеу.
3.1 сурет – Екі типтегі триггерлердің жұмысын зерттеу сұлбалары
3.1.3 3.2 суретінде келтірілген JK-триггердің ауысу кестесін құрып жұмысын зерттеу.
3.2 сурет- JK-триггердің жұмысын зерттеу сұлбасы
3.1.4 Платада 3.3 суретінде келтірілген Т-триггері тәртібінде жұмыс істейтін JK-триггерлері негізінде құрылған асинхрондық санауыш сұлбасын табыңыз. Санауышты қосындылау, азайту тәртіптерінде және Кс = 5 үшін зерттеңіз.
3.3 сурет – Кс = 5 үшін санауыш жұмысын зерттеу сұлбасы
3.1.5 3.4 суретінде келтірілген D-триггердің жұмысын ауысу кестесін құрып зерттеңіз.
3.4 сурет - D-триггердің жұмысын зерттеу сұлбасы
3.1.6 Ығысу регистрінің жұмысын зерттеу үшін 3.5 суретіндегі сұлбаны пайдаланамыз. Ол үшін алдын ала А, С және CLK орындарында тұйықтағыш қоямыз.
Тәжірибе жүргізген кездегі әрекеттердің реті келесідей:
а) А ауыстырып қосқышын 0-ге орнатыңыз, ал В және С ауыстырып қосқыштарын 1-ге орнатыңыз;
б) триггерлерді 0 күйіне келтіру үшін бірнеше тактілік импульс беру қажет;
в) А ауыстырып қосқышын 1-ге орнатып бір тактылық импульс беріңіз;
г) А ауыстырып қосқышын 0-ге орнатып төрт тактылық импульс беріңіз;
д) А ауыстырып қосқышын 1-ге орнатып төрт тактылық импульс беріңіз;
е) А ауыстырып қосқышын 0-ге орнатып төрт тактылық импульс беріңіз.
3.9 сурет – Ығысу регистрінің жұмысын зерттеу сұлбасы
Бақылау сұрақтары
3.2.1 Терістелген кірісті асинхрондық RS-триггердің кірісіне S=R=0 сигналдары берілді. Кейін бұл сигналдар S=R=1 өзгертілді. Триггер қандай күйде болады?
3.2.2 Триггерлердің динамикалық және статикалық басқарылу түрлерінің айырмашылығы неде?
3.2.3 JK-триггерден қалай Т-триггер алуға болады?
3.2.4 Тура кірісті асинхрондық RS-триггердің кірісіне S=R=1 сигналдары берілді. Кейін бұл сигналдар S=R=0 өзгертілді. Триггер қандай күйде болады?
3.2.5 Тура кірісті асинхрондық триггердің сұлбасын NAND элементтерінде құрыңыз.
3.2.6 D-триггерден қалай Т-триггер алуға болады?
3.2.7 Терістелген кірісті асинхрондық триггердің сұлбасын NOR элементтерінде құрыңыз.
3.2.8 JK-триггерден қалай D-триггер алуға болады?
Зерханалық жұмыс № 4. Ақырғы автоматтардың жұмысын зерттеу
Жұмыстың мақсаты:RS-триггерді NAND логикалық элементтерінде құру, D-триггердің жұмысын санау тәртібінде зерттеу, сондай-ақ ығысу регистрлері мен санауыштардың ықшам сұлбасын зерттеу.
Жұмыстың тапсырмасы:
- санау тәртібінде D–триггердің жұмысын зерттеу, ақиқат кестесін толтыру;
- реверсивтік санауыштың жұмысын зерттеу, ақиқат кестесін толтыру.