Цифрлық беру жүйелерінің генераторлық жабдығы
Дәріс 4. АУБ – ИКМ цифрлық беру жүйелерінің негізгі функционалдық түйіндері
Арналық амплитудалы-импульсты модуляторлар және селекторлар
Арналық амплитудалы-импульсты модуляторлар және селекторлар (ААИМ-АС) берудің және қабылдаудың жеке АИМ трактысының негізгі элементтері болып табылады. Олардың ұзақтығы дискретизацияның жүру периодынан кіші, (яғни скважності тең болады), дискретизация жиілігімен жүретін, басқарушы импульстардың ампплитудасынан жұмыс істейтін, электронды кілт болып табылады (сурет 4.1).
ААИМ-АС қойылатын негізгі талаптар:
- кіріс аналогты сигналдан (әдетте біріншілік) қысқа периодты импульс- санаулар құру;
- берілген уақыт аралығында осы сигналдардың мағыналарын сақтау;
- тұйықталған жағдайда аз кедергіге және ашық жағдайда үлкен кедергіге ие болу керек;
- импульсты басқарылатын кернеуді қажетті шамаға дейін басу. ААИМ шығыстарына дискретизация импульстарының өтуі кодер кірісінде импульс санауларының кездейсоқ өзгеруіне және кванттау, кодалау операциялары барысында бұрмаланулардың өсуіне әкеледі, бұл арналарда шудың өсуіне әкеледі;
Сурет 4.1 - Электронды кілт - ААИМ-АС аналогы
- тез жұмыс істеуі, өйткені импульс санауларының алдыңғы және артқы фронттарының ұзақтығынан 1-ші және 2-ші жақты өтімді бұрмаланулардың шамасы тәуелді болады;
- АИМ сигналдың беру трактысына ААИМ –АС енгізетін, өшулік шамасы қатаң нормаланады, бұл дискретизацияның және демодуляцияның арнайы әдістерін қолдануын талап етеді;
- беру және қабылдау трактысына ААИМ – АС енгізетін, өтімді әсерлері және шулары, мүмкіндігінше минималды болу керек. Әдетте бұл шулардың және бұрмаланулардың тиімді кернеуінің суммарлы шамасы минималды кванттау қадамының минималды шамасы 0,1 аспау керек;
- ААИМ – АС амплитудалы сипаттамасы қажетті деңгейде желілі болуы қажет, өйткені амплитудалы сипаттаманың желісіздігі кең динамикалық диапазонда импульс санауларының формасының өзгеруіне әкеледі.
Кванттау шкаласы желілі және кванттау шкаласы желісіз кодерлер және декодерлер
АУБ-ИКМ цифрлық беру жүйелерінің кодерлері АИМ сигналдар квантталғаннан кейін, оларды цифрлық формаға түрлендіруге арналған. Қазіргі заманғы АУБ- ИКМ ЦБЖ да кванттау және кодалау операциялары біріктірілген. Егер кванттау тұрақты қадаммен (бір қалыпты) іске асса, онда ол кодерлер кванттау шкаласы желілі кодерлер деп аталады, егер кванттау қадамы өзгерсе (бір қалыпсыз), онда кодерлер кванттау шкаласы желісіз кодерлер деп аталады. ИКМ ЦБЖда кванттау шкаласы желісіз кодерлер қолданылады, бірақ олардың құрылуында кодалаудың бірінші баспалдағында кванттау шкаласы желілі кодерлер қолданылады.
Цифрлық беру жүйелерінің генераторлық жабдығы