ОҚушыныҢ сипаттамасы: Өте саҚ салли
ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: МАЗАСЫЗ АЛЬМА
Альма көптеген пәндерден оқу үлгерімі орташа 12 жастағы оқушы, бірақ ол жаратылыстану ғылымынан нашар. Ол орындаған тестілерде көптеген тапсырмалар жауапсыз қалады. Кейде дұрыс жауаптары жазылады, бірақ кейін өшірілген болады. Альма кейде жаратылыстану пәні бойынша сабаққа қатысудың орнына бас ауруын, іш ауруын немесе қандай да болмасын басқа ауруларды айтып, мектептегі дәрігерде отырады. Ал сабақ аяқталғаннан кейін ол ауруы ғайыптан жоғалып кетеді.
Бірінші тоқсанның бастапқы бірнеше аптасы ішінде жаратылыстану ғылымы мұғалімі сыныпта талқылау үдерісіне қатыстырғысы келіп және сабақта өткен тақырыпты оның түсінуін бағалау үшін оған жиі-жиі сұрақ қойып тұрады. Бірақ, әдетте ол қатысудан бас тартатын, мұғалім сұрақ барлығының көзінше қойылғанда Альманың ыңғайсызданатынын сезіп, оны сыныптағы пікірталасқа қатыстыруға тырысқан жоқ.
Сонымен қатар, оның сыныптағы оқу үлгеріміне қарағанда, Альма үйге алатын тапсырмалар жиі аяқталып тапсырылады және негізінен дұрыс орындалатын. Бұл ретте мұғалім Альманың ата-анасымен әңгімелесіп, ол үй жұмысын өзі орындайтынын білді. Альманың үй тапсырмаларына қарап, тырысса оның жауап бере алатындығын көріп, мұғалім оның сыныптағы мінез-құлқына бей-жай қала алмады.
Ол өзіне сенімсіздігінің салдарынан сұраққа қате жауап беруден гөрі, жауап беруден мүлде бас тартқан тыныш деп ойлайды. Оған сабақта ойын жинақтау қиын, себебі дұрыс емес жауапқа қатысты мазасыздық оның ойын бөледі. Өзінің дайындық деңгейіне қарамастан, тест берілгенде Альма үрейленеді. Ол кеше кешке жап-жақсы біліп тұрған қарапайым әдістерді есіне түсіре алмай қиналады. Мұғалім оған сынып алдында сұрақ қойғанда, ол басқа оқушылар оған бағалап қарайды деп ойлады, және де бұл оның ойын жинақтауға кедергі келтіреді.
ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: ӨТЕ САҚ САЛЛИ
Салли өте жоғары бағаларға қол жеткізеді деп күтіледі, ол дарынды әрі талантты оқушылардың ресми тізіміне енген. Көбіне Салли тәртіпті, сенімді және жоғары ынталы мінсіз оқушы болып табылады. Бір алып қарағанда онда ынтаға қатысты еш проблема жоқ сияқты.
Алайда оқудағы жоғары қабілетіне қарамай, ол тек жақсы баға мен мұғалімнің оған деген құрметіне қол жеткізуге ғана ынталы сияқты. Ол "B+" деген бағаны өте ұят деп қабылдайды. Мұқият қарайтын болсақ, Саллидің мінсіз жетістіктері барлық оқу курсы оған еш қиындық тудырмағанын көруге болады.
Салли әрбір бақылау тапсырмасын мұқият орындайды. Ол мұғаліміне қатты көңіл бөледі, тест тапсырмасында қандай материал негізгі болатынын дәл табатын керемет қабілетке ие. Салли әрбір тест бойынша өте көп дайындалады, мәтінді бірнеше рет қарайды және сұрап қалуы мүмкін ықтимал әрбір фактіні еске сақтайды. Ол курс үшін оқу талап етілмейтін тапсырманы сирек оқиды.
Салли мазасыз, бірақ оның мазасыздығы өзі мүмкіндік беретін ақыл-ой сауалдарының мәнмәтіні шегінен шықпайды. Ол өз жетістігі үшін мұғалімнен үнемі қолдау алады, сондықтан оқуға қатысты өзіне сенімді сияқты болып көрінеді. Сыныптастары арасында беделді, әлеуметтік тұрғыдан белсенді.
Саллиге ұқсас жағдайда, өкінішке қарай ол алға қойған міндеттерді орындай алмайтын оқиға кез келген уақытта туындауы мүмкін екенін ойламайды. Ол өзінің оқу үдерісінде үнемі қауіпсіз жол таңдайды. Сабақта өзіне қажеттіні ғана оқиды, бұл ретте кейін бұның қалай бағаланатынын ескеріп оқиды. Оқудың жақсы баға мен сыртта танымал болуға арналған құрал болумен қатар, кейбір ішкі мәні бар екені туралы ой мүлдем басына кірмейді. Оған берілетін басшылық нұсқаулар мен құрылым шегінде әдістемелік жұмыс істей отыра, ол шығармашылық тәсіл көрсету үшін ешқандай күш салмайды.
Салли кәсіптік бағдарлау жөніндегі кеңесшінің қосымша оқу жұмысына қатысу туралы ақылын тыңдамайды. Оған оқу дағдысында өзіне деген сенімділік жетіспейді және жеңіліске ұшырамауы үшін тәуекел етпеуді дұрыс деп көреді. Сыныбында көрсететін сенімділігі шын мәнінде елес қана. Көп оқуды қажет етпейтін мұқият таңдалған курста үлгеруі үшін «жеткілікті деңгейде ақылды» екенін біледі, бірақ күрделі тапсырмаларды орындайтынына аса сенімді емес. Ол ешқашан тексермегендіктен өз біліктілігінің нақты шекарасын білмейді.
Салли білімі мен қиялын дамытпайды. Салли үшін оқу дегеніміз тек мектепте орындалатын нәрсе ғана. Ол үшін оқу ішкі мәнге ие емес, тек құрал ғана сияқты. “A” деген баға береді, бірақ ешқандай қуаныш не толқу әкелмейді. Оқу дегеніміз – өз қабілетіңді дамытпайтын, біреудің идеясын есте сақтау ғана. Саллидің шығармашылық ойлау әлеуеті ешқашан анықталмайды.