V. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
1.Оқулықпен жұмыс
279– жаттығу (жазбаша)
* Үнді дауыссыздарға аяқталған сөздерді жазыңдар
286–жаттығу(ауызша)
· Үнді дыбыстан басталатын бірнеше биологиялық терминдердің атын жазыңдар..
288– жаттығу
· Мәтінді көшіріп жазып, үнді дауыссыздары бар сөздердің астын сызыңдар.
VІ. Сабақты бекіту
здік жұмыс.
І топ
1.Сөз ортасында қос дауыссыз кездесетін атауларды жазыңдар.
2. Балалар сөзіне фонетикалық талдау жаса
ІІ топ
1. Бірдей дыбыстардан басталатын сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.
2.Даңғыл сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса
ІІІ топ
1. Қай жағынан оқысаңда бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздер тауып жазыңдар.
2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса
Моншақ, рахмет
VІІ. Сабақты қорыту
1. Бағалау
2. Үйге тапсырма:
1. Үнді дауыссыздар туралы түсінік
2. 292-295 - жаттығулар
Күні, айы, жылы:
Пән аты:Қазақ тілі
ыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Ұяң дауыссыздар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушылардың ұяң дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Тәрбиелік:оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі:аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударуII.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.
Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздар мыналар: б, в, г, ғ, д, з, ж.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дайыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар мыналар: р, л, й, у (тау), м, н, ң.
ІV. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
1.Оқулықпен жұмыс
271– жаттығу (жазбаша)
* Суреттер топтамасындағы 24- суретті зер салып қараңдар да, мәтінді оқыңдар.
* Мәтіннен ұяң дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазыңдар.
274–жаттығу(ауызша)
· Суреттер топтамасындағы 11- суретке қарап, жыл мезгілдеріне байланысты мәтін құраңдар.
276– жаттығу
· Мәтінді көшіріп жазып, ұяң дауыссыздары бар сөздердің астын сызыңдар.
V. Сабақты бекіту
здік жұмыс.
І топ
1.Ұяң дауыссыздарды жаз.
2. Бидай, сиыр сөзіне фонетикалық талдау жаса
ІІ топ
1.И – дыбысының ерекшелігі туралы айт.
2.Кеш түсті, айна сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса
ІІІ топ
1.Қос дауыстылардың ерекшелігі туралы айт.
2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса
Жайдары, сөйлейді.
VІ. Сабақты қорыту
3. Бағалау
4. Үйге тапсырма:
1. Ұяң дауыссыздар туралы түсінік
2. 276-277 - жаттығулар
Күні, айы, жылы:
Пән аты:Қазақ тілі
ыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың емлесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Тәрбиелік:оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі:аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.
Шығармашылық диктант
Төмендегі сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.
1. Автоцистерна, кросс, миллиграмм, съезд,повесть
2. Металл, фантастика, штамп, факт, митинг, ромб, киоск, шрифт.
Топтық жұмыс
І топ
1.Сөз ортасында қос дауыссыз кездесетін атауларды жазыңдар.
2. Балалар сөзіне фонетикалық талдау жаса
ІІ топ
1. Бірдей дыбыстардан басталатын сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.
2.Даңғыл сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса
ІІІ топ
1. қай жағынан оқысаңда бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздер тауып жазыңдар.
2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса
Моншақ, рахмет
Оқулықпен жұмыс
279– жаттығу (жазбаша)
* Дауыссыздарға аяқталған сөздерді жазыңдар
ІV. Сабақты қорыту
Бағалау
Үйге тапсырма:
Дауыссыздар туралы түсінік
1.Пән аты:Қазақ тілі
2.Сыныбы:5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан:IІІ
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Буын, оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:оқушылардың буын және оның түрлері туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік:оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:оқушылардың буын және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі:жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
IV Жаңа сабаққа дайындық
1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі. Балалар мектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар. Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді болып бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі БУЫН делінеді.
Сөздердің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір не бірнеше дыбыстан (фонемадан) құралады: Мысалы, қант, а-ла-мын сөздеріндегі буындарды алсақ, бірінші сөз бір буыннан, екінші сөз үш буыннан құрылып тұр. Бірінші сөзде буын төрт дыбыстан, екінші сөздегі бірінші буын бір дыбыстан, екінші буын екі дыбыстан, үшінші буын үш дыбыстан құралған.
Демек, буын дегеніміз – Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың Бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып өздігінен буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар: 1)ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.
1.Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла, т.б. Ашық буынның ішндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.
VІ. Түсінік тексеру
1.Оқулықпен жұмыс
296-жаттығу(ауызша)
* Мәтінді оқып, тарихи сөздерді тауып, оларды буынға бөліңдер. Әрбір буын қанша дыбыстан құралған және қайсысы буын құрайтын, қайсысы буын құрай алмайтын дыбыстар екенін айтыңдар.
300 –жаттығу
· Екінші абзацтағы сөздерді буынға бөле отырып көшіріп жазыңдар. жазыңдар.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту
1.Перфокартамен жұмыс
Сөйлем | Ашық буын | Бітеу буын | Тұйық буын |
Біздің заманымызда не көп, сан түрлі таң ғажайып мамандық көп. ( І. Есенберлин) | |||
ауыл осы қонысқа кейін орналасқаннан бері қарай, ол бір күн дамыл танытқан емес. ( М.Әуезов) | |||
Сайдың тасындай, күмістей жалтылдап күнге шағылысқан, қорғасындай балқып. | |||
Ералин жуынып шыққан соң қорасына қарап тұрғанда есіктен басын ғана қылқитып қарт анасы шықты. (Ғ. Мүсірепов) | |||
Мал, жан көп, бай ауыл осы орынды қыстауға лайықтап алғаннан әлі жаңа қыстау сала алмай ескілеу тар қораға сия алмай күннің көзі жылынысымен киіз үйге шығыпты. ( М.Әуезов) |
2.Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
1. Буын құрайтын дыбыстарды жаз.
2. мәтінді буынға бөліп жаз.
Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тірішілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген. (Ж.Смағұлов)
ІІ деңгей
1. Буын дегеніміз не?
2 Буын түрлеріне ажыратып жаз.
Адамның бір атаның балалары екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екен де даусыз.
ІІІ деңгей
1.Бітеу буынды сөздерге мысал келтір.
2. «Менің қалам» деген тақырыпта мәтін құра. Мәтіннен буын түрлерін ажыратып жаз.
VIІІ. Сабақты қорыту
3. Бағалау
4. Үйге тапсырма:
1. Буын және буын түрлері туралы түсінік. туралы түсінік .
2. 301-305 -жаттығулар
Күні, айы, жылы:
Пән аты:Қазақ тілі
Сыныбы:5 «В»
Сабақтың тақырыбы: Кейінгі ықпал
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:оқушыларға кейінгі ықпал туралы білім беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік:оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі:аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ Жаңа сабақ
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы: қаздар (қазтар емес), есептер (есепдер емес), әкеге (әкеке емес), мектебі (мектепі емес), қасығы (қасықы емес).
Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал.
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз.
Мысалы: теп-теуіп; жап-жабады, жауып; сабақ- сабағы; кітап-кітабы; жазса (айтылуы жазсса); көнбейді ( айтылуы көмбейді).
Кейінді ыкпал
Кейінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың соңғысының өзінен бурынғы дыбысқа әсер етуі.
а) Кейінді ықпалдың кездесетін орындары:
1. Түбір мен қосымша арасында, бас + шы башшы;
2. Күрделі сөздерде:
а)біріккен сөз: Есенгелді (Есемгелді)
ә) тіркескен сөз: он бес (ом бес)
б) кос сөз: астан-кестен (астаң-кестең)
1. Екі сөз арасында: ақ лақ (ағ лақ)
ә) Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:
1) (қ, к, п + дауысты = ғ, г, б )
Сөз қатаң қ, к, п дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, оған дауысты дыбыстан бастапатын қосымша жалғанса қ, к, п дыбыстары өзгеріп, уяң ғ, г, б дыбыстарына айналады.
аяқ + ы - аяғы
күрек + і = күрегі
доп + ы = добы
жақ (жаға бастады)
төк (төге бастады)
сеп (себе бастады)
2) (п + -ып, -іп =уып, уіп)
Етістіктің түбірі п дыбысына аякталып, оған көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанса, п дыбысты өзгеріп, үнді удыбысына айналады.
шап + ып = шауып
кеп + іп = кеүіп
сеп +іп = сеуіп
жап+ып=жауып
б) Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары:
1) (н+ғ,г = ңғ, ңг), (н+қ, к = ңк, ңк)
Сөз үнді н дыбысына аяқталып, келесі сез немесе қосымша ғ, г, қ, к дауыссын дыбыстарынан басталса, айтылуда ндыбысының орнына ң дыбысы естіледі Жазулуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы | Айтылуы |
Жан+ғали Сен+гім Жан+ға Сән+қой Амангелді Жан қайғы | Жаңғали Сеңгім Жаңға Сәңқой Амаңгелді Жаң қайғы |
2) (с+ш = шш), (з+с = сс), ( з+ш - шш)
Сөз с,з дауыссыз дыбыстарының бірін аяқталып, қосымша ш, с дауыссыз дыбыстарынан басталса, айтылуда дыбысының орнына шдыбысы, ал с дыбысынын орнына с не ш дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы | Айтылуы |
Ас+шы Қаз+са Көз+сіз Жаз+шы | Ашшы Қасса Көссіз Жашшы |
3) (з+ж=жж)
Біріккен сөз, тіркескен соң және сол тіркесінің бірінші сөзі з дыбысына аяқталып, екінші соөзі ждыбысына басталса, айтылуда з дыбысының орнына ждыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы | Айтылуы |
Бозжан Оразжан Жүз жыл Көз жұмды Боз жорға | Божжан Оражжан Жүж жыл Көж жұмды Бож жоға |
4) (н + /б,в,п/ = мб, мв, мп)
Сөз н дыбысына аякталып, екінші немесе м қосымша б, в, п дыбыстарын бірінен басталса, айтылуда н дыбысының орнына м дыбысы естіледі. Жазылуд бұл ескерілмейді.
Жазылуы | Айтылуы |
Жан+пейіс Тұрған+бек Есен+бай Он+бес | Жампейіс Тұрғамбек Есембай Ом бес |
5) Біріккен сөз, тіркескен сөз және тіркесінің бірінші сөзі қ. к, п дауысыз дыбыстарына бітіп, екінші сөз дауыстың уяң, үнді дауыссыз дыбыстарынан бастп бірінші сөздің соңындағы қ, к, пдыбыстарының орнына, ғ, г, б дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы | Айтылуы |
Көк жиек Шолақ еді Шөп әкелді Көк ала | Көг жийек Шолағ еді Шөб әкелді Көг ала |
6) Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сезі мен екінші сөзінің аралығында екі дауысты қатар келгенде, біріншісі түсіріліп айтылады, жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы | Айтылуы |
Торы ала ат Сарыарқа Қара ешкі Келе алмайды | Торалат Сарарқа Қарешкі Келалмайды |