Отырардың шынайы тарихы
Есіңізде ме, Отырарды күйреткен Шыңғыс хан деген айыптаумен бастап едік қой әңгімемізді. Ақиқат басқа екен. Шыңғыс ханның Орта азиядағы соғысы – азат етуші соғысқа бара-бар екен. Енді ше, Сыр бойындағы ежелгі түрік қалалары 13 ғасырдың басында парсылық мәдениетке бой ұрған Хорезмхаштардың қолына өткен еді. Тиісінше, соғыстың алғашқы кезеңі, түрік халықтарын азат ету мақсатында жүргізілді. Түрік халықтарының Шыңғыс ханды шын ниетімен қарсы алғанын мына деректерден-ақ көруге болады. Қаялық билеушісі Арслан хан, Бесбалықтағы Ұйғыр билеушісі Идиғұттардың Шыңғыс хан жағына шығуы олардың барлығының Шыңғыс ханды толық қолдағанын көрсетеді. Ал, Отырар қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары, қаланың өрт шалған бөлігі тек қаланың ішкі қорғанында ғана бар екенін дәлелдеп берді. Мұның өзі Отырар халқының да Шыңғыс хан әскеріне жаппай қарсылық көрсетпегенін байқатады. Тарихи жазбалардағы деректерге қарағанда моңғол шапқыншылығы кезінде қираған Сыр бойындағы Үш қаланың аты аталады. Олар: Отырар, Сығанақ, Ашнас. Яғни кейбір авторлар айтып жүргендей 29 қала емес. Әрі жоғарыда аттары аталған қалаларда әскери қосындар шоғырландырылған, Шыңғыс ханға қарсы тұруға тиіс негізгі орталықтар еді. Ол қалалар өз міндеттерін атқарды. Соғыс болған жерде аяушылық болмайтыны тағы белгілі. Ол үшін Шыңғыс ханды жазғыру әбестік. Тарихшы Зікірия Жандарбектің осы ойымен толық қосылуға болады.
Хош, Отырарға қайта оралсақ. Бұл шаһар өмір сүруін Шыңғыс ханның шапқыншылығынан соң тоқтатпапты. Керісінше, Алтын орда тұсында гүлденген қаланың бірі болған. Отырардың түбіне жеткені – Еуропалықтардың теңіз жолын табуы, сөйтіп Жібек жолының жарамсыз болып қалуы, одан қалды Жоңғарлардың ойыраны себеп болған екен.
ТҮЙІН
Тарих оқулығында жаттанды мынадай жолдар бар еді. «Негізі, жеңімпаз халық жеңілген ұлтқа өзінің дінін, дүниетанымын, тілін таңатын. Ал мұнда керісінше болды. Моңғолдар қалың қыпшаққа сіңісіп, түркіленіп кетті».
Жоғарыда жаздық. Шыңғыс ханмен бірге қазақ даласына атасы бөтен басқа бір халық келген жоқ, тілі бір, танымы бір өз туыстарымыз келді. Шыңғыс хан – түрік тайпаларының бірігу процесін жылдамдатты. Бір-бірінен дербес ғұмыр кешкен Найман, Қоңырат, Дулат, Қыпшақтың басын біріктірді, өзара аралас-құралас етті. Сондай-ақ, дәл осы Шыңғысханның бірікітіру соғысы – түрік тілдес жұрттың түгелдей мұсылмандануын тездетті. Алтаудың арғы бетінен өткенде, Найман, Қоңырат, Жалайыр ежелгі наным-сенімді тұтынатын. Оңтүстікке жеткенде, мұндағы мұсылман Қаңлы, Дулат жұртымен араласып, Исламды қабылдады. Моңғолдар немесе Шығыс түріктері Еуропаға осыдан кейін мұсылман болып аттанды.
Хош, соңғы айтарымыз, қазіргі моңғолдар мен Шыңғыс ханның заманындағы «моңғолдарды» шатастырмас үшін «мәңгіелдіктер», «шығыс түріктері» деп, «Мәңгі ел» мемлекеті деп, түзетіп оқып көрейік?! Сонда ғана тарихымыздағы түсініксіз түйіндерді шешеміз. Сонда ғана қазақтардың империялық санасы сауығар.
Алаш айнасы газеті 13,04,2014
Моңғолдардың жартысынан көбі қазіргі кезеңде киіз үйді мекен етеді, ал тұрғындардың білім деңгейі өте төмен дәрежеде. Осы жайында орыс тарихшысы Александр Бушков «Шыңғыс хан және беймәлім Азия» кітабында жазған еді. Яғни, Шыңғыс ханның тегі түркі болғандығына сүйенейік… Шыңғыс ханның моңғол болуы мүмкін емес. Осы жерде түркілер жайында мәселе қозғалып отыр. Өте ірі көлемде дүниені жаулап алу үшін тек қана үлкен орда ғана емес, сонымен бірге бес қаруы сай, дайындығы мол әскер керек. Моңғолдар ұлттық салт-дәстүр мен мемлекеттіліктен жұрдай болғандықтан, олар аз уақыт ішінде әскер құрып үлгере алмас еді, осылайша бізде Азияда ХІІІ ғасырда мемлекеттілікті құру, кәсіби әскерді жасақтау, басқарушылық жүйені ұйымдастырудың тәжірибесіне кім ие болған деген ең қарапайым мәселенің шешімін тапқандаймыз… Бұл сұрақтың жауабын іздеп жатудың қажеті шамалы. Сұрақтың жауабы анық. Олар, әрине, сан ғасырлық қағанат пен мемлекет кұру тәжірибесі бар түркі тайпалары екені сөзсіз. Демографиялық есеппен XXI ғасырды ХІІІ ғасырмен салыстыратын болсақ, онда сол кездегі моңғолдардың саны 50-60 мың адамды ғана құрайтын. Ал Шыңғыс ханның әскері 300 мың адамға дейін жететін. Моңғолдарға ақиқатты ажыратып алудың уақыты келгендей, сондықтан да олар өзге халықтың тарихына таласпаулары тиіс.
Одан әрі Александр Бушков былай деп жазады: “Моңғол жазуы ХVІІ ғасырда қалыптасты. Сондықтан да қазіргі кезеңде Шыңғыс ханға жақын болып келетін ешқандай жылнама деректер жоқтың қасы”.
Шыңғыс хан және қазақ мемлекеті жайлы кейінгі кітаптарымда қазақ халқын аяусыз қырған, 1932-33 жылдары Қазақстанда жаппай аштықты ұйымдастырған, ядролық полигон ұйымдастыруға қолайлы адамзат баласы мекендей бермейтін Сібірдің кең өлкесі барына қарамастан, қазақ жерінде ядролық полигон ашқан, Қазақстанға көптеген халықтарды зорлап, күштеп қоныс аудартқан Иосиф Сталиннің жеке тапсырмасы бойынша Ресей тарихшысы Козиннің Шыңғыс ханның шығу тегі моңғол деп келтірген түпнұсқаларындағы бұрмалаушылыққа тоқталып өтемін.
Марко Полоның “Әлемнің ғажайыптары кітабындағы” Шыңғыс хан ұрпақтары жайында
Өткен ғасырлардағы мемлекет қайраткерлерінің өмір тарихы Шыңғыс ханның тарихындай дәрежеде бұрмаланып, өзгерістерге ұшырамаған. Тегі қазақ Шыңғыс ханды көптеген жұртшылық жанын салып, оның тегі моңғол деп тырысып бағуда. Осындайда заңды түрде келесі сұрақ туындайды: осының керегі не?
Бұл ең алдымен Қытай, сондай-ақ орыс князьдіктерін түркі қазақтар емес, керісінше саны аз моңғолдар жаулап алды деп тарихты бұрмалайтын ресейліктердің қызығушылығынан туындайды. Осындай жолмен орыс тарихында татар-моңғол шапқыншылығы деген тұжырым пайда болды. Сонымен, қазақ мемлекетінің және Шыңғыс ханның тарихы үлкен дәрежедегі геосаясатқа айналып кетті. Қытай өзі шығарған энциклопедиясына Балқаш өзеніне дейінгі жерлерді Қытай мемлекетінің құрамына қосып алыпты. Шыңғыс хан құрған мемлекет және Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары жаулап алған бұрынғы ЮАНЬ-Қытай мемлекеті ресми түрде былай деп жариялады: “Шыңғыс хан Қытай императоры болып табылса, яғни кезінде ЮАНЬ мемлекетін басқарса, онда Қытай осы мемлекеттің мұрагері ретінде ЮАНЬ мемлекетінің байырғы жерлерін иеленуге халықаралық дәрежеде толық құқықты екен. «Бұл өз кезегінде Шыңғыс хан ешқашан қытайдың императоры болмаса да, керісінше Қытай Шыңғыс хан және оның ұрпақтары жаулап алған мемлекеттердің біреуі болғанына қарамастан, осы геосаяси шара жүзеге асырылуда. Осы идеологияға сәйкес Қытай өзінің ұлттық ақшасын юань деп атады. Шыңғыс ханның ұлты қытайлық деп жариялау үшін Қытай моңғолдардың тегі қытайлық деп бүкіл әлемге жар салды. Қытайдың юань атты ұлттық ақшасында Қытай мемлекеті ресми тұрғыда қытай ұлтын қалыптастырған төрт ұлттың атын жазып бейнеледі: ХАНЗУ, МАНЗУ, ЖУАНЗУ, МАНГУЛ. Шыңғыс ханның ресми түрде құрған мемлекетінің аты «ЮАНЬ ЧАО БИ ШИ» деп аталып кетті. Қытай идеологтарының мақсаты бойынша бұл жағдайда Шыңғыс хан мемлекеті Қытай мемлекеті болып табылады. Өйткені тегі қытайлық (маңғул-моңғол) Шыңғыс хан осы мемлекеттің императоры болған. Шыңғыс ханның қазақ екені дәлелденсе, онда Қытайдың өзге жерлерді басып алу, соның ішінде Қазақстан аймағын жаулап алуға қатысты күллі ойдан құрастырылған жалған саясаты құрдымға кетеді. Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін кеңес отаршылдары ойлап тапқан «Қазақ КСР» республикасы ретінде өмір кешті, бұл отар болып табылатын елде, билік қазақтардың қолында болған жоқ, бүкіл республика отаршылдыққа түскен ел ретінде Мәскеу арқылы басқарылды. Сондай-ақ, тарихтан белгілі мәліметтер бойынша, орыс князьдықтары Шыңғыс хан ұрпақтары басқарған ұлы мемлекет Жошы Ұлысы-Алтын Орданың құрамына енген еді. Жошы Ұлысының алғашқы ханы Жошы хан болатын. Ол Қарағанды облысы, Ұлытау бөктерінде жерленді. Оның кесенесі күйдірілген кірпіштен орнатылды. Бұл жағдайда Шыңғыс хан орыс идеологтарының пікірі бойынша қазақ болуы мүмкін емес, ал Жошы Ұлысы – Алтын Орданы басқарған Шыңғыс хан ұрпақтарының қазақ болуы мүмкін емес. Осы тұжырымдар орыс идеологтарын Шыңғыс ханды саны жағынан өте аз моңғол халқының ханы деп жариялауына итермеледі. Шыңғыс ханның тарихы және Шыңғыс ханның өзі жайында 1240 жылы Бежін қаласында «Шыңғыс хан жайында қаһармандық дастан» жазылды. «Шыңғыс хан жайлы қаһармандық дастанды Шыңғыс ханның кенже інісі Отшығынның найман тілінде жазғаны анықталды. Отшығын бұл дастанды найман әліппесіне, XIII ғасырдағы қазақтардың тіліне негіздей отырып құрастырды. Еуропалық ғалымдар «Шыңғыс хан жайлы қаһармандық дастанды» мазмұнын өзгертпестен найман тілінен латын әліпбиіне герман және француз тілі үлгілерінде аударған. Аудармашы А. С. Козин бұл шығарманы толығымен бұрмалап, оны латын тілінен орыс тіліне аударып, Шыңғыс ханды моңғол деп жариялады. Өзімнің кейінгі кітаптарымда латын мәтінін орыс мәтінімен салыстыра отырып, сараптау жолдары арқылы осы өзгеріске ұшыраған бұрмалаушылықтың бәрін көрсетуді мақсат тұттым. Козин өз аудармасын «Моңғолдардың құпия шежіресі» деп атады. Моңғолияда «Шыңғыс хан жайлы қаһармандық дастанды» одан сайын бұрмалап, өзгерте отырып, орыс мәтінінен моңғол тіліне аударған қазақ табыла кетті. «Шыңғыс хан жайлы қаһармандық дастанның» түпнұсқасы найман әліпбиінде жазылған еді. Осы тілден Еуропа ғалымдары латын әліпбиіне дастанды еш өзгертпестен аударып көшірген еді. Яғни, дастан бір әліпбиден екінші әліпбиге алғашқы қалпын сақтап, өзгерген еді. А.Козин жасаған аударманы латын тілімен салыстырып, сараптама жасаудың негізінде оның айтарлықтай дәрежеде дастанды бұрмалағанын байқаймыз. Одан кейін тарихшылар өзгеріске түскен А.С. Козиннің бұрмаланған деректерін пайдалана бастады. Сондай-ақ, атақты венециандық саяхатшы Марко Поло жазған “Әлемнің ғажайыптары» кітабын өзгертіп, бұрмалай бастады. Марко Полоның еңбектерін ғылыми зерттеу нәтижесі Шыңғыс ханның тегі моңғол болмағандығын айқын көрсетті. Тарих деректерін бұрмалаушылар саналы түрде Шыңғы