Желілік модел, оның негізгі элементтері
Дәріс №5
1. Желілік үлгілеудің негізгі элементтері
2. Желілік графиктердің тұрғызу жолдары
Желілік модель – бір бірімен байланысқан жиындардың орындалу жоспары. Графикалық сурет – желілік график.
Негізгі элменттері бұл жұмыс пен оқиға.
Жұмысболуы мүмкін:
1. Нақты жұмыс – уақытты және ресурстарды қажет етеді.;(Мысалы бухгалтерлік жұмыс шығындар,олардың кірісі шығысы, есеп берулер т.б)
2. Күту – уақытты қажет етеді, бірақ ресурстарды қажет етпейді; (бұл белгілі бір ақпараттарды күту)
3. Жалған жұмыс – логикалық байланысқа енгізіледі ,ресурстар мен уақытты қажет етпейді.Еңбектегі шығындалуды қажет етпейтін
Оқиға– Жұмыстың орындалуындағы кез келген кезеңнің аяқталуы, бір немесе бірнеше жұмыстардың аяқталу кезеңі.
критикалық жолды табу
Критический жол– көп жалғасатын толық жол. Критикалық жол – барлық жұмыстың орындалуына ең аз уақыт береді.
критикалық жолды желілік графика арқылы екі жолмен табуға болады
1 кезең: бастапқы оқиғадан соңғы оқиғаға дейін бастапқы оқиға мерзімін анықтаймыз.
2 кезең: аяқталған оқиғадан бастапқы оқиғаға дейін оқиғаның соңғы мерзімін анықтаймыз.
Бастапқы мерзім соңғы мерзімге сәйкес келетін оқиға критикалық деп аталады және уақыт қорын қажет етпейді.Критикалық жолдар критикалық оқиғалар арасында жатады.
критикалық жол – критикалық жұмыстың сызықтық диаграммалар арқылы үзіліссіз тізбектелуі
1. Сызықтық диаграмма декарттық жүйеде координаталардан құралған және сол уақытта қандай жұмыс орындалу керек екендігін түсіндіреді. X осі – уақыт, y – жұмыс.
Уақыт параметрлерін табу:
оқиға параметрлері:
бастапқы мерзім
соңғы мерзім
уақыт қоры
жолдар параметрі:
жалғастыру жолдары
критикалық жолдардың жаслғасуы
уақыт қоры
Жұмыс параметрі:
жалғастыру
сроки свершения
бастапқының ерте мерзімі
аяқталудың соңғымерзімі
аяқталудың соңғы мерзімі
қор басталуының соңғы мерзімі
Желілік графиктердің тұрғызу жолдары
Желілік графиктердің тұрғызуда бағыттарды солдан оңға және оларды көлдеңін сызықтармен бейнелеу керек. Желілік графиктердің дұрыс жұмыс жасауы үшін қатарларының дұрыс ретін қадағалау керек.
Бірінші жолы. Егер А, Б және В тізбектеліп орындалса, онда желілік графикте көлдеңінен бірінен кейін бірі орналасады. (сурет 1).
Сурет 1
Екінші жолы. Егер А жұмысының нәтижесі Б және В жұмыстарының орындалуы үшін қажетті болса,онда желілік графикте былай орындалады. (сурет 2).
сурет 2
Үшінші жолы. Егер Г және Д жұмыстарының нәтижесі Е жұмысының орындалуына қажетті болса, онда келесі желілік суретті көре аласыз. (сурет 3).
сурет 3
Төртінші жолы. Желілік графиктің жұмысы бірдей кодты болмауы керек.Егер Б,В,Г жұмыстары бір оқиғадан шықса және орындалуы біріншіге және сол оқиғаға қажетті болса, онда қосымша фиктивті жұмыстар енгізіледі. (сурет 4).
Сурет 4
Бесінші жолы. Егер Б, В және Г жұмыстары А жұмысының орындалуынан біртіндеп басталса, онда А жұмысы А1, А2 ... Аi және т.б. болып бөлінеді.Сондықтан әр А жұмысы желілік графиктерде жеке жұмыс болып саналады. (сурет5).
сурет 5
Алтыншы жолы.Егер Ж жұмысының басталуына В және Г жұмыстарының орындалуы қажет болса, ал Д жұмысының басталуына Г жұмысының орындалуы қажет болса,онда желілік графикте қосымша жұмыс енгізіледі. (сурет 6).
Сурет 6
Жетінші жолы.Егер А жұмысының аяқталуында Б жұмысын бастау, ал В жұмысының аяқталуында Г жұмысын бастау, ал Д жұмысы А және В жұмысының аяқталуында қажетті болса,онда желілік графикте екі қосымша жұмыстар пайда болады. (сурет 7).
сурет 7
сегізінші жол. Желілік графиктерде жабылған контурлар болмауы тиіс, олар шыққан жолдан бастапқы оқиғаға бармайтын жұмыстардың тізбектері болмауы тиіс. 9 суретте жабық контур 3,4,2,3 оқиғаларынан пайда болды.
Мұндай оқиғалар орындаушы көмегімен орындалатын күрделі желілермен жұмыс жасауда пайда болады. Желлік графикте қате пайда болған кезде, оны түзеу керек. (сурет8).
сурет 8
тоғызыншы жол. Оқиғаны кодтау үшін берілген жұмыстың бастапқы оқиғасының номері осы жұмыстағы оқиғаның аяқталу номерінен кіші болуы тиіс.
Оныншы жол.Бірмақсаттағы желілік графикте тупик болмау керек. Егер желіде аяқталудан басқа тағы ешбір жұмыс шықпайтын бір оқиға пайда болса,ол желілік графикті тұрғызудағы қатені білдіреді, немесе жопарланған Б жұмысының керек еместігін білдіреді. (сурет 10).
11-ші жолы. Желілік графиктерде ешбір жұмыс кірмейтін оқиға арты болмауы керек.Егер бұл шарт желіде бұзылса,тағы бір оқиға пайда болады, ешбір жұмыс кіргізілмейді, және қате пайда болады(Г).
сурет 11
Бақылау сұрақтары:
1. Желілік үлгілеу дегеніміз не?
2. Жұмыс дегеніміз не?
3. Оқиға дегеніміз не?
4. Уақыт параметрлерін қалай табамыз?
5. Желілік графиктерді тұрғызу жолдары мен реті