Жұмыстың зерттеу (эксперимент) орны: № 32

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................... ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ................... 1.Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі.................................................................... 1.1. Құрмалас сөйлемнің түрлері............................................................................. 1.2. Құрмалас сөйлемді зерттеуші ғалымдар........................................................... ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................ ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................

КІРІСПЕ

Тіл - қарым қатынас жасаудың құралы да, сөйлем - сол қарым қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы . Кісінің ойы әр алуан , әр қилы болғандықтан , соларды айту үшін жұмсалатын сөйлемдер , олардың құрамын да түрлі - түрлі болады. Сөйлем құрамындағы сөздің саны аз болуы, көп болуы ой ерекшелігімен , стиль ерекшелігімен байланысты . Қоғамның өмір сүру үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Қай уақытта да қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген өзекжарды мәселелердің бірі-ұлттық білім беру.

Жұмыстың өзектілігі: Тіл - адамзат ісінің барлық саласында және күнделікті тұрмысында бірдесіп жұмыс істеуіне , бірін - бірі түсуіне мүмкіндік беретін құрал.Тіл жоқ жерде адамдар бірлесіп жұмыс істей алмайды., қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастырып , дамытуы мүмкін болмайды. Ал Сөйлем құрамындағы сөздер өзара тіркесу арқылы белгілі қызметте жұмсалады, басқаша айтқанда , сөйлемдегі бір сөздің сөйлем мүшесі болуына сонымен тіркескен басқа сөз себепкер болады. Құрмалас сөйлемді оқыту барысында оқушыға салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластың ұқсастықтары мн айырмашылықтарын салыстыра отырып түсіндірген тиімді. Салалас пен сабақтас сөйлемнің бір-бірінен айырмашылығы оның баяндауыш формасында екендігі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Алынған сөйлемді бір-біріне айналдыру арқылы тереңірек түсіндірген жөн. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы оның күрделі ойды білдір етіндігінде екендігін жай сөйлемді мысал ретінде алып, салыстырған жөн. Кейбір құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемнен қысқа болып келетінін, ал керісінше кейбір жай сөйлемдердің ұзақ болып кездесетінін де айтып өту қажет.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі . Салалас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдары. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері;

- Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі.

- Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарынмеңгерту.

- Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын меңгерту әдістемесі.

Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Көп компонентті құрмаластың ішкі жүйесін құраушылар: көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Осыларды талдаудың өзіндік логикалық желісі болатындығы және оны оқушыларға меңгерту әдістері.

- Мәтін туралы ұғымды қалыптастыру әдістемесі. Мәтіннің негізгі белгілері анықтаудағы логикалық оператциялар және оларды оқушыларға меңгерту.

- Мәтінді талдау әдістемесі.

- Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістері.

Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланысу жолдарыкөрсету.

Жұмыстың зерттеу нысаны:Құрмалас сөйлемді оқыту мен талдау әдістерін зерттеген ғалымдар; Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесіне алғаш көңіл аударған А. Байтұрсынұлы «Тіл-құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері» атты еңбегінде құрмалас сөйлемге қатысты түсінік береді. Құрмалас сөйлемді «күрделі сөйлем» деп атаған Қ.Жұбанов оны салалас және сабақтас деп жіктеп қарастырады. М. Базарбаева, Б.Шалабай, Ж.Жақыпов, З.Ерназарова,Б. Сағындықұлы, К. Садирова, Б. Қапалбеков, С. Қазыбаев, С. Айтжанова, А. Фазылжанова, Б. Елікбаев және т.б. Зерттеушілердің еңбектері аталған мәселеге жан-жақты қарауға ықпал етері сөзсіз.

Жұмыстың зерттеу (эксперимент) орны: № 32

Жұмыстың құрылымы: Кіріспе , екі тарау және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдары. Салалс құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалс құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері. Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту. Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын меңгерту әдістемесі. Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Көп компонентті құрмаластың ішкі жүйесін құраушылар: көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Осыларды талдаудың өзіндік логикалық желісі болатындығы және оны оқушыларға меңгерту әдістеріҚұрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдары. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері. Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту. Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын меңгерту әдістемесі. Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Көп компонентті құрмаластың ішкі жүйесін құраушылар: көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Осыларды талдаудың өзіндік логикалық желісі болатындығы және оны оқушыларға меңгерту әдістері. Мәтін туралы ұғымды қалыптастыру әдістемесі. Мәтіннің негізгі белгілері анықтаудағы логикалық оператциялар және оларды оқушыларға меңгерту. Мәтінді талдау әдістемесі. Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістері. Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланысу жолдары көрсетеді. Құрмалас сөйлемді оқыту барысында оқушыға салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластың ұқсастықтары мн айырмашылықтарын салыстыра отырып түсіндірген тиімді. Салалас пен сабақтас сөйлемнің бір-бірінен айырмашылығы оның баяндауыш формасында екендігі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Алынған сөйлемді бір-біріне айналдыру арқылы тереңірек түсіндірген жөн.

Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы оның күрделі ойды білдіретіндігінде екендігін жай сөйлемді мысал ретінде алып, салыстырған жөн. Кейбір құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемнен қысқа болып келетінін, ал керісінше кейбір жай сөйлемдердің ұзақ болып кездесетінін де айтып өту қажет. Ол үщін мынандай сөйлемдерді мылалға келтіругеболады:
Дәл осы сәтте Мағаш пен Кәкітай Дәрменді көріп күле жөнелісті

Адамның іші қандай болса, іші де сондай.

Осындағы бірінші сөйлем жай сөйлем де, екіншісі сабақтас құрмалас сөйлем болып тұрғанын оқушыға жан-жақты түсіндірі қажет. «оқушылардың құрмалас сөйлем туралы қалай түсінгегін байқау үшін, төрт-бес жалғаулықты, үш-төрт жалғаулықсыз құрмалас сөйлем тауып жазып келуді тапсырған жөн» Құрмалас сөйлемді оқытқанда оның тыныс белгілерніе де назар аударылады. Сөйлемді мағынасына, айтылуына қарай дауыс ырғағымен оқу. Сабақта бірімен мәтінді тек оқытып қана қоймай, сол мәтіннің тәрбиелік мәніне байланысты мақал-мәтелдер, өлеңдер, қанатты сөздер алып, қосымша дәптермен жұмыс жүргіземін. Одан басқа, оқушылардың назарын сол мәтіннің авторына аударады. Мысалы: бүгінгі сендердің қызығып тыңдаған әңгімелерді кім жазған екен? Ол жазушыны естеріңе сақтадыңдар ма? Автордың қандай туындыларын білесіңдер? Кітабын тағы оқығыларың келеді ме?-деген сұрақтар қойылады. Сонымен бірге ол автор туралы буклет, реферат, хронологиялық таблица, сөзжұмбақ жасаймыз. Егер ол автор ақын немесе композитор болса, ол кісінің өлеңдері мен әндерін жаттаймыз, күй табақтар, қара сөздер, поэмалар, термелер бар аудиокассеталар тыңдаймыз, берілген оқиғаға байланысты оқушылар өз ойларын суреттер арқылы да жеткізеді. Әр мәтінге байланысты портреттер, суреттер, дидактикалық материалдар қолданамын. Оқушыны қызықтыратын мәтіндер таңдау, оқушылық қызығушылығын есепке алу, жұмыста қазақша сөйлеуге, жаттығуға бағыттау, оны ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім сабақта әр түрлі әдіс-тәсідерді пайдалана білу керек. Ол негізгі әдістер: әңгімелесу, көрнекілік, техникалық құралдар қолдану, жұмысты қазақша сөйлесу түрінде жүргізу, оқушының танымдық мәніндегі тапсырмаларды орындауы арқылы білім қуушылығын, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуіне жағдай жасау, қазақша жазу, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қазақша білімін конкурстарда, конференцияларды, олимпиадаларда көрсетуге жағдай жасау керек.

1.2.ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ

Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем. Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері: 1) кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті; 2) жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі; 3) негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді. 4) Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстырудаинтонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақтыинтонацияда келеді. Құрмалас сөйлем - сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем және кұрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Жай сөйлем бір ғана ойды білдіріп, бір интонациямен айтылады да, құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді. Мысалы : Ералы, Ойқұдық үстінде жауынды бүркер сүр аспан жиі түнереді. (М. Әуезов) деген сөйлемде 9 сөз қолданылып, бір ғана ойды білдіріп тұр. Сөйлемде бір баяндауыш (не істеді?)- түнереді, бір бастауыш (не түнереді?)-аспан қолданылған, қалғандары - тұрлаусыз мүшелер: жиі (қалай түнереді?)- кимыл-сын пысықтауыш, Ералы, Ойқұдық үстінде (қайда түнереді?)- мекен пысықтауыш, сұр (қандай аспан?)- анықтауыш, жауынды бүркер (қай аспан?)- анықтауыш. Төбесінде көзі қанталаған қарақұс отыр, іргесінде ініне жүгірген суыр ғана жүр. (3. Қабдолов) деген сөйлем екі жай сөйлемнен құрылған, өйткені бұнда екі бастауыш және екі баяндауыш бар: отыр (не істеді?)- баяндауыш, қарақұс (не отыр?)- бастауыш және жүр (не істеді?)-баяндауыш, суыр (не жүр?)- бастауыш. Сөйтіп, екі жай сөйлем кұрмаласып, күрделі бір ойды білдіріп тұр.
Екі я одан да көп жай сөйлем нен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өз ара мынадай жолдармен байланысады: 1. Интонация арқылы іргелес байланысады. Мысалы: Байжанның оны көруі бірінші рет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша, сарғылт өнділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен. (С. М.) Бұл — екі жай сөйлемнен құралған: 1 - сөйлемнің баяндауышы (не?)- бірінші рет еді, бастауышы (не бірінші рет еді?)- көруі, 2-сөйлемнің баяндауышы (кім екен?)- жігіт екен де, бастауышы түсіп калғаң, бірақ оны табуға болады (кім жігіт екен?) - ол. Бірак, бұл екі жай сөйлем әрқайсысы бөлек-бөлек болмай бір интонациямен айтылған: бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғагы көтеріңкі айтылып кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі бір ойды білдіругедәнекерболыптұрады.
2. Жалғаулык шылаулар ( кейде септеулік шылаулар) арқылы байланысады. Мысалы: Сырбай қонақтарын сол далаға онша көңілді қалыппен басқарып апара жатқан жоқ, себебі биылғы егін шығымы әлсіздеу (С. Мұқанов). Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді (М. Әуезов) деген құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен себебі деген жалғаулық шылау мен соқ деген септеулік шылау байланыстырып тұр.
3. Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнін (көбіне алғашқысының) баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, кұрмаласа байланысады. Мысалы: Құрыммбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен (Б. Майлин) деген құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы шын болса шартты рай тұлғасында келіп, тиянақсыз болып, сөйлем бітпей, келесі жай сөйлеммен жалғасып байланысып тұр. Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас,құрмалас.
Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер өз ара тең дәрежеде байланысып, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалса, ол салалас сөйлем болады. Мысалы, Бұйрық нақ осылай болса керек, резервтегі күштің бәрі осы араға төгілді. (Бақ.), деген құрмаластағы әрбір жай сөйлем бір-біріне бағынбай, тең дәрежеде колданылған, сондықтан жеке-жеке айтыла алады, олардың баяндауыштары осылай болса керек және төгілді тиянақты тұлғада келіп тұр. Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісіне бағына байланысып, бағынған сынарының (көбіне алғашқысының) баяндауыш

тиянақсыз тұлғада келеді. Ондай құрмаласты сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Қаланың көлемі үлкен болғанмен, көп этажды үйлер сирек болатын. (3. Қабдолов) деген құрмалас екі сөйлемнен құрылған. Бірінші сыңарының баяндауышы - үлкен болғанмен тиянаксыз тұлғада, есімшенің -ған тұлғасына көмектес жалғауы жалғанып колданылған. Өйткені бұл баяндауыш тұлғасымен сөйлемді аяқтап бітіруге болмайды. Сондықтан бірінші жай сөйлем келесі екінші жай сөйлемге бағынып тұр.
Кемінде үш жай сөйлемнен құралып, олар бір-бірімен салаласып (бағынбай, тең дәрежеде) та, сабақтасып (бірі екіншісіне бағынып) та байланысатын құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Әрқайсысы ашылған кітаптын, аумағындай алты қиықтан майды себелеп, қыс күнінің шуағы төгілді де, артынан-ақ бұлт бүркене ме, бозамықтанып сейіліп кетеді . (С. Сматаев) деген кұрмалас төрт жай сөйлемнен кұралған. Бірінші сөйлем мен екінші сөйлем сабақтаса байланыскан, өйткені бірінші сөйлемнің баяндауышы (себелеп) көсемше жұрнақты (-п) тиянақсыз тиянақсыз тұлғада келіп, екінші сөйлемге бағынып тұр. Ал екінші сөйлем мен үшінші және төртінші сөйлемдер бір-бірімен салаласа байланысқан, өйткені олардың әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп (төгілді, бүркене ме, сейіліп кетеді), әр сөйлем бір-біріне бағынбай, жеке-жеке қолданыла аларлық қасиетте келген. Сөйтіп, жай сөйлемдер бір-бірімен әрі сабақтаса байланысып, бірі екіншісіне бағынып, соның нәтижесінде бірінің баяндауышы тиянақсыз тұлгада жұмсалып, әрі салаласа байланысып, жай сөйлемдер бір-біріне бағынбай, тең дәрежеде, соның нәтижесінде баяндауыштары тиянақты тұлғада қолданылған. Сондықтан (жай сөйлемдер әрі сабақтаса, әрі салаласа байланысатындықтан) аралас құрмаластың құрамында үш және одан да көп жай сөйлем болады.

Жұмыстың зерттеу (эксперимент) орны: № 32 - student2.ru Жұмыстың зерттеу (эксперимент) орны: № 32 - student2.ru Жұмыстың зерттеу (эксперимент) орны: № 32 - student2.ru Құрмалас сөйлем

салалас сабақтас аралас

Салалас құрмалас сөйлем. Құрамындағы салалас құрмалас сөйлем жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, өз ара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрін дейміз.

Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты тұлғада келетіндіктен, ол жай сөйлемдерді жеке-жеке де колдануға болады. Мысалы: Салық қырман басына келіп, Жүзбай карттың үйінен шай ішіп қызара бөртіп, терлеп-тепшіп отыр еді, водовозбен салып ұрып Саша Гармош деген комбаиншы жетіп келді .(Ш. Мұртаза) деген құрмаластың екі жай сөйлемін бөлек-

бөлек айтуға болады: Салық қырман басына келіп, Жүзбай қарттың үйінен шай ішіп қызара бөртіп, терлеп - тепшіп отыр еді. Сөйлемді осы баяндауышпен аяқтап, бітіруге болады, өйткені баяндауышы отыр еді тиянақты тұлғада қолданылған. Салаластың екінші сыңары да өз алдына жеке сөйлем бола алады: Водобозбен салып ұрып Саша Гармош деген комбаиншы жетіп келді.Салалас құрмаластың кұрамындағы жай сөйлемдер өзара бір-бірімен екі түрлі жолмен байланысады:

1) интонация арқылы мағыналарының жақындығына қарай іргелес байланысады. Мысалы : Сырбайдың қыш кесектен соққан үш бөлмелі үйі бар екен, соның біреуі қонақ жайына арналған екен (С. Мұқанов). Малдары не күн көретінін білмейміп, қора маңында бір шошактан артық шөп көрінбейді (Мұстафин). Алғашкы мысалда кұрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлем жалпылық мәнде қолданылып, екінші жай сөйлем ол ойды нақтылап тұр: бірінші жай сөйлемде Сырбайдын үш бөлмелі үйі бар екені жайында болса, екінші жай сөйлемде сол үш бөлменің біреуі қонақ жайына арналғаны айтылып тұр. Екінші мысалда бірінші жай сойлем мен екінші жай сөйлем бір-бірімен мағыналық жағынан себеп-салдарлык, қатынаста жұмсалған: құрмаластың құрамындағы екінші жай сөйлем бірінші жай сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіріп тұр. Сөйтіп, іргелес келген екі я одан да көп жай сөйлем бір-бірімен өз ара белгілі мағыналық қатынаста айтылады да, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада келсе де, бірінші жай сөйлем аяқталған тұста дауыс ырғағы бәсеңдеп бітіп қалмай, көтеріңкі қалыпта айтылады да, интонация тиянақсыз болады, одан кейін кідіріс (пауза) жасалып, екінші жай сөйлеммен ұласа байланысып тұрады;
2) салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара жалғаулык, шылаулар арқылы да байланысады. Жай сөйлемдердің арасындағы мағыналық қатынасқа қарай оларды байланыстыратын мынадай жалғаулық шылауларды көрсетуге болады: 1) Ыңгайлас мәнді да, де, та, те, әрі, және, мен жалғаулык шылаулар; 2) Қарсылық мәнді бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар; 3) себеп-салдар мәнді өйткені, себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар; 4) талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, яки болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар; 5) кезектес мәнді кейде, бірде, біресе тәрізді жалғаулық шылаулар . Мысалы: Қазір тұрыңдар деген белгі берілді де, дос – жарандарым түгел түрегелді (Б. Бұлқышев). Адам даусы екені анық, бірақ не айтып жатқанын айыру мүмкін емес (0. Сәрсенбаев).

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өзара белгілі мағыналық қарым-қатынаста айтылады. Араларында мағыналық қарым-қатынас болмаса, жай сөйлемдер бір-бірімен кұрмаласпас та еді. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қатынасы әр түрлі болады. Бірде екі жай сөйлемдегі ой мезгілдес, ыңғайлас болып, белгілі ортақ касиеттері арқылы құрмаласса, енді бірде бір жай сөйлем білдіретін ойға екінші сөйлемдегі ой қарама-қарсы мәнде айтыла-ды. Келесі бірде жай сөйлемнің бірі екіншісіндегі берілген ойдың болу себебін не салдарын білдіреді, енді бірде бірі екіншіде айтылған ойдың мазмұнын аша түседі, басқа бірде екі сөйлем білдіретін ойдың біреуі ғана жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіреді, енді бірде жай сөйлемдер білдіретін ой кезектесіп жүзеге асатындығы байқалады. Міне құрамына енген жай сөйлемдердің өз ара бір - бірімен осы сияқты мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынандай алты түрге бөлінеді: ыңғайлас салалас, қарсылықты салалас, себеп-салдар салалас, іліктес салалас, талғаулы салалас және кезектес салалас. Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы қойды екінші жай сөйлемнің баяндауышы жүріп кетті сияқты тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

1) Іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады. Мысалы: Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды, астындағы сары қасқа ат киіктей орғып келеді.

2) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулық шылаулар: 1) да, де, та, те әрі және деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 2) бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 3) өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 4) не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, болмаса, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 5) кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы. Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалассөйлем алты түрге бөлінеді: 1) ыңғайлас салалас, 2) себеп - салдар салалас; 3) қарсылықты салалас, 4) кезектес салалас, 5) түсіндірмелі салалас; 6) талғаулы салалас.

1. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой менекіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде айтылады. Мысалы: Төлеутай әскерге кетті де, содан қайтып оралмады. Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер да, де, та, те, және, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Жанай балуан қайратты әрі үнемі қол бастайтын болат жүректі адам еді. Өзі ешкімге соқтықпайды және ит баласына жібімейді. Бір мезгілде қу шөмшектер дыбысы келді де, бірдеме қасына тасырлатып жетіп келді. Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болатын неболған істі білдіріп, баяндауыштары бір шақта айтылса, жалғаулықсыз ыңғайлас салаласдеп аталады. Мысалы: Ертеңіне жат иістер шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естілді.Бір күні ауданнан қос ат жеккен шана келді, Мыңбұлақтың сақшысындай болып тұрған Байшынарға қарай беттеді.

Әрі шылауы ыңғайлас салаластың әрқайсысымен қайталанып келгенде, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады. Мысалы: Әншінің әрі дауысы да жағымды, әрі әні де сазды екен. Алқайталанбай бір-ақ рет келсе, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Құрылыс жұмысы басталды әрі құрылысшыларды орналастыру керек. Және жалғаулық шылауыменбайланысқан ыңғайлас салаластардың арасына үтір қойылмайды. Мен өзімді-өзім ұмыттым және көңілім шалықтап әлдеқайда алып-ұшып кеткен сияқты. 2. Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін білдіріп тұрады. Мысалы: Көмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің арты бұзылып келе жатқанын байқайды. Себеп-салдар салалас құрмаластар жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді. Себеп-салдар салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз.

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысуы:

1.Себеп мәнді сондықтан 2. Салдар мәнді жай сөйлем сол себепті жай сөйлем

1. Салдар мәнді өйткені, себебі 2. Себеп мәнді жай сөйлем неге десеңіз жай сөйлем. Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Мысалы: Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді.

Жалғаулықсыз себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. Мысалы: Үлкендер көрші ауылға кеткен еді, сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады.

Жалғаулықсыз салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын тұрса, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады: өйткені үлкендер көрші ауылға кеткен еді.

3.Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы болады. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдербірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген шылаулар арқылы байланысса,жалғаулықты қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады, бірақ анамды қинағым келмейді. Жалғаулықты салалас құрмаластардың арасынаүтір қойылады.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жалғаулық шылаусыз іргелес тұрып байланысса,жалғаулықсыз қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Балықшылар ауды бірнеше рет салды, – балдырдан басқа ештеме ілінбеді. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбіне антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерденжасалады. Мысалы: Атаның баласы болма, – адамның баласы бол. Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады. Мысалы: Көктем шықты, – ауада суық ызғар бар.

4. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп тұратын құрмаластың түрі түсіндірмелі салалас деп аталады. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып байланысады да, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі төмен қарай түскен.

Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышының құрамына сол, сонша, соншалық, сондай деген сілтеу есімдіктері қатысса, екі жай сөйлемнің аражігіне сызықшақойылады. Мысалы: Тасқынның қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жапырып кетті.

5. Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін саласатың түрі талғаулы салалас деп аталады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек жалғаулықтышылаулар арқылы байланысады да, арасынаүтір қойылады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде деген талғаулық мәнді

жалғаулық шылауларарқылы байланысады. Мысалы: Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны жеңуге тырысады.

6. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдері айтылған іс-әрекеттің кезектесіп жүзеге асуын көрсетеді. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейдедеген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы тек салаласа байланысады да, араларына үтір қойылады. Мысалы: Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер кездеседі.

САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ

Сабақтас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да , басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.

Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай түрі:

Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді: Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.

Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы: Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл)

Себеп бағыныңқылы сабақтас;

Мысалы, Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді. Мезгіл бағыныңқы сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың мезгіл мақсат сабақтас құрмалас сөйлем мақсатын; қимыл-сын бағыныңқы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын білдіреді; Салыстырма бағыныңқылы сөйлемде оқиға бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле беріледі. Мысалы, Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанған еді (Ә.Әбішев).

Сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқылы түрі:

Сабақтас құрмалас сөйлемның көп бағыныңқылы түрі де кездеседі, олар басыңқыға екі жағдайда қатысты болады. 1.Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы көп бағыныңқылар бірыңғай келіп, бәрі өз бетімен бір басыңқыға бағынады (бірыңғай бағыныңқылысабақтас); 1.Бағыныңқылар бір-біріне қатысты тізбектеледі де, бәрі жиналып бір басыңқыға бағынады (сатылы бағыныңқылы сабақтас).Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады. Мысалы: Тапсырманы тиянақтап алғысы келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады. Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, себебі ой тиянақты емес,ойды тиянақтап, аяқтап тұрған екінші жай сөйлем. Құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге бағына байланысып тұр. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы тиянақсыз жай сөйлем бағыныңқы сөйлем, ал өз алдына дербес айтыла беретін, ойды тиянақтап тұратын екінші жай сөйлем басыңқы сөйлем деп аталады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары төмендегідей:

1. Бағыныңқының баяндауышы көсемше тұлғалы етістіктен болады. Мысалы: Аудан орталығына қоныс аударғалы, тұрмыстары недәуір түзеліп қалып еді.

2.Бағыныңқының баяндауышы шартты райлы етістік болады. Мысалы: Біреуге жақсылықжасасаң, ол ешқашан жерде қалмайды.

3.Бағыныңқының баяндауышы -ша/ше, -дай/дей жұрнақтары мен жатыс, көмектес септіктіесімшеден және -дықтан/діктен қосымшалы есімшеден болады. Мысалы: Жолаушылардың қарасы үзілгенше, қорықшы жота басында қарап тұрды. Баласынын келген бір жапырақ қағаз көңілге демеу болғандай, ана жұмысқа құлшына кірісті. Күн райы бұзылыптұрғандықтан, жас төлдерді өріске шығармады. Таң құланиектеніп ата бергенде, ауыл үстін айқай-шу басып кетті. Жұмысшылар ерте жиналғанымен, жұмыс бірден басталып кетпеді.

4. Есімшеден кейін сайын, соң, бері, шейін, бұрын шылаулары және кезде, шақта, уақыттадеген көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Қыстаудан жайлауға көшкен соң, ауыл-ауыл бір-бірін ерулікке шақырыса бастайды. Отырғандар қопарыла сыртқашыққан кезде, Қуаныш пен Анар да жеке серуендеуге беттеді.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер саны жағынан екіден де көпболса, ондай сөйлемдер көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады.Сырттағылар тегіс кіріп, орын-орындарына жайғасқан соң, көпшіліктің өтінішімен жыр тиегі ағытылды. Бұл сабақтастың құрамында екі бағыныңқы сөйлем бар:

1) Сырттағылар тегіс кіріп,

2) орын-орындарына жайғасқан соң.

сабақтас құрмалас сөйлем екіге бөлінеді:

1) жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас;

2) сатылы көп бағыныңқы сабақтас.

Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сөйлемдерінің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысады. Мысалы: Ағайын - туыстары Тілекті ортаға алып, кезек-кезек бетінен сүйіп, қолынан қысып, табысымен құттықтасып жатыр. Сөйлемнің құрамындағы әрбір бағыныңқы сыңары басыңқымен тікелей байланыса алады. Мысалы: Ағайын - туыстары Тілекті ортаға алып, табысымен құттықтасып жатыр; кезек-кезек бетінен сүйіп, табысымен құттықтасып жатыр; қолынан қысып, табысымен құттықтасып жатыр. Сатылы көп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сыңарлары басыңқымен тікелей байланыспай,өзара бір-бірімен байланысып барып басыңқымен байланысады.

Мысалы: Көк алғаш тебіндеп шығып, жер дегди бастағанда, Құнанбай Қарқаралыдан елге қайтты.

Сабақтасқұрмалассөйлем құрамындағы бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді: 1) шартты бағыныңқы; 2) қарсылықтыбағыныңқы; 3) себеп бағыныңқы; 4) мезгіл бағыныңқы; 5) қимыл-сын бағыныңқы; 6) мақсатбағыныңқы.

1. Шартты бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдерінің біріншісі екіншісіндегі істің орындалу не орындалмау шартын білдіретін құрмаластың түрі шартты бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Шартты бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз болып, сабақтаса байланысады. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің сыңарларының арасына үтір қойылады.

Шарттыбағыныңқы сабақтасқұрмалассөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары:

1) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің -са, -се шартты рай тұлғасынан болады. Мысалы: Айтқан сөзің дұрыс болса, қалғанын өздері түсіне жатар. 2) көсемше тұлғалы етістіктің -ма+й, -ме+й немесе -майынша/ мейінше,-байынша/ бейінше, -пайынша/ пейінше жұрнақтарынан болады. Мысалы: Бұл оқиға дәл осы күндердің өзінде тыным алмай, ұзын құлақ арқылы тамам Тобықтыны шарлап шықты.Шындықтың бетін ашпайынша, жарғақ құлағы жастыққа тимеді. 3) жатыс септігіндегі өткен шақтық есімшеден болады. Мысалы: Мылтығын алыпшықпағанда, азулы қасқырдан құтылуы екіталайеді. 2 .Қарсылықты

бағыныңқы сабатас. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары бір-біріне қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары қайтсе де, не етсе де, қайткенмен, не еткенмен, қайткенше, не еткенше, қайткеніне (не еткеніне) қарамастан, қайте тұра, не ете тұра? Сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Жұмыс уақыты әлдеқашан аяқталса да, (қайтсе де?) Рахмет пен Лиза ертеңгі жиналыстың барысын талдап ұзақ отырды. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен (қайткенмен?), осы өңірдің кез келген жерінен су шығады.Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышы төмендегідей жолдармен жасалады:

1) шартты райлы етістікке да, де шылауының тіркесуінен жасалады. Мысалы: Екеуінің мақсаты екі түрлі болса да, бірге жұмыс істегендеріне он шақты жыл болып қалды.

2) шартты райдың болымсыз түрінен болады. Мысалы: Күн бұлттанғаны болмаса, жаңбыр жауған жоқ.

3) Көмектес септік тұлғасындағы өткен шақтық есімше арқылы жасалады. Мысалы: Ай қараңғы болғанмен, жолды болжауға әбден болады.

4) Есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Бұл сөздіестігенше, жерге батып жоғалған жақсы еді.

5) -а/е, -й жұрнақты көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Өз көңіліңді білдіре, менің көңіліме демеу сала келгеніңе ризамын.

6) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Терімшілер күннің салқындығын елеместен, бастаған жұмыстарын бітіруге асықты.

3. Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрі мезгіл бағыныңқы сабақтасдеп аталады. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан, қашанға дейін, қашаннан бері, қай кезде? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқысыңарының баяндауышы төмендегідей жолдармен байланысады:

1) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Жиналыс аяқталғанша (қашан?), тізім жасалып та болды.

2) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Бір күні Құрмаш Көксерекке ас беріп тұрғанда (қашан?), қара ала төбет Көксерекке ұмтылды.

18

3) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке соң, кейін, сайын, бері, шейін септеулік шылауларының қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Күшік ауылға келген соң (қашан?), екі күннен кейін көзін ашты.

4) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке кезде, шақта, уақытта мезгіл мәнді көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Әбден қас қараюға айналған уақытта (қашан?)Көксерек жалғыз өзі ауылға келді.

5) -ғалы/гелі, -қалы/келі көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы: Жазғы демалысқа шыққалы (қашаннан бері?), тек дене еңбегімен айналысып жүр.

6) -са/се шартты райдың жұрнағы және -ысымен/ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Ұлпа уәделі жерге келсе (қашан?), аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ. Қысбасталысымен (қашан?), Ораз да аңға шығуға дайындалады.

4. Себеп бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқысы басыңқыдағы айтылған ойдың себебінбілдіреді. Мысалы: Қожық Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан,Есенейдің қолына түспей кетті. Осы құрмалас сөйлемдегі Қожық Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан деген алғашқы сөйлем Есенейдің қолына түспей кетті деген екінші сөйлемнің себебін білдіріп тұр.Себеп бағыныңқы сабақтас неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.

Себеп бағыныңқы сабақтастың баяндауыштары төмендегідей жолдармен жасалады:1. Есімшенің өткен шақ формасына -дықтан/діктен қосымшасының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Есі шыққан керуен аты жүре алмағандықтан, (неліктен?) айқай салып қашып еді.2. Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Халі ауыр болған соң, (неге?) арнаулы ауруханаға жатқызған-ды.3. Көсемшенің -й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады. Мысалы: Қалада қона қоятын ағайын-туған болмай, (не себепті?) қысыла-қысыла жатаққа келдім. 4. Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысал ы; Үйдегілерді оятып алмайын деп, (не деп?) аяғының ұшынан басып өз бөлмесіне өтті. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмаластың жай сөйлемдерінің арасына үтір қойылады.5.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың қалай орындалғанын білдіретін құрмаластың түрі қимыл-сын бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Күн батар алдында балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып, биік жар басынан теңіз жаққа көз салды. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарына қалай, қайтіп? деген сұрақтар қойылады. Қимыл-сын бағыныңқы

Сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштарының жасалуы төмендегідей:

1. -ып/іп, -п және -а, -е, -й көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы: Домбыра шертіп отырған әнші әуелете шырқап (қайтіп?), ән салып қоя берді. Жұпар мен Қалампыр бастарын изей (қалай?), әлдене жайлы қызу әңгімелесіп отыр.

2. -ған/ген, -қан/кен өткен шақ есімшеге -дай/дей жұрнағы мен болып, күйі, қалпында сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ақ ұлпа бұлттың үстінде қалықтап бара жатқандай болып (қайтіп?), ерекше бір күйді басынанкешірді. 3. Болжалды келер шақ есімшеге –тан/тен жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Ол жөн-жосығын айтпастан (қалай?), атына міне сап шаба жөнелді.

6.Мақсат бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың мақсатын білдіретін құрмаластың түрі мақсат бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Жалпақ ел жауабын өз аузынан айтпақ болып (не етпек болып?), ұлыққа таң атпай келіп еді. Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарларына не үшін, не мақсатпен, не деп, неге? сұрақтары қойылады.

Мақсатбағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары төмендегідей жолмен жасалады:1. -мақ/мек, -бақ/бек, -пақ/пек мақсатты келер шақ етістікке болып көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ергештің жаман әдетін қойғызбақ болып (не мақсатпен?),балар әр түрлі амал істеген-ді.2. Тұйық етістік пен үшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Аянның ертегісін тыңдау үшін (не үшін?), ауыл балалары күнде кешкісін Бапай шалдың үйінің іргесіне жиналамыз.3. Болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне үшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Серіктері танып қалмас үшін (не үшін?), бет-аузын орамалмен таңып алыпты. 4. Қалау және бұйрық райдың ІІІ жағынан кейін деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, (не деп?) атының аяғына киіз орап тастады.

АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Аралас құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмаластың түрі аралас құрмалас сөйлем деп аталады. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады. Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады: 1) ешбір жалғаулық шылаусыз іргелес тұру арқылы; 2) жалғаулық шылаулар арқылы. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің – бағыныңқы, басыңқы сыңарларының орын тәртібі әр түрлі болады. Мысалы: Көктем шығып, күн жылынды, бірақ таудағы қар әлі еріген жоқ. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

Күшік бауырын көтеріп, өздігінен тырбанып жүруге айналған соң, ас ішетін арнайы асқұйғыш дайындалды, жетектеп жүру үшін мойнына жіп тағылды. Құрылысы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басың

Наши рекомендации