Жалпы медицина факультетінің 1-курс студенттеріне информатика пәні бойынша № 1 аралық бақылау сұрақтары
1. Француз тіліндегі «Informatique» термині қандай екі терминнің бірігуінен пайда болды? Information және Automatique
2. Информатика ғылымы қандай екі ғылым негізінде қалыптасты? документалистика және кибернетика
3. Адамның аппараттық және бағдарламалық құралдармен өзара байланысының құралдары мен әдiстерiн __________ деп атайды. қолданушы интерфейсi
4. Информатиканың негізгі міндеті дегеніміз -: есептеуіш техникасының аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін жүйелеу
5. Информатика ұғымына анықтама берілген халықаралық ғылыми конгресс қай жылы өтті? 1978 ж.
6. Информатика ғылымының базалық ұғымдарын атаңыз: Ақпарат, ақпараттық үлгі, алгоритм, компьютер
7. Информатиканың математикалық логика саласына негізделген бөлігі __________ қалай аталады? Теоретикалық информатика
8. Есептеу техникасын құру мәселелерін, оны пайдалану заңдылықтарын архитектура деңгейінде зерттейтін бөлім __________ қалай аталады? Есептеу техникасы
9. Бағдарламалық жасақтама құру және жасау мәселелерін зерттейтін бөлім ________ қалай аталады?Бағдарламалау
10. Әртүрлі күрделі жүйелердегі ақпарат ағындарын анализдеу, тиімділеу, құрылымдау, ақпаратты сақтау және іздеу мәселелерін зерттейтін бөлім __________ қалай аталады? Ақпараттық жүйелер
11. Адам интеллектілік қызметін машиналық модельдеу мәселелерін зерттейтін бөлім __________ қалай аталады? Жасанды интеллект
12. Ақпараттық, есептеу, білім беру және тағы да басқа мәселелерді шешу мақсатында байланыстырылған компьютер (ЭЕМ) желілерін архитектура тұрғысынан зерттейтін бөлім __________ аталады? Есептеу желілері
13. Информатиканы жалпы тұрғыдан қарастырғанда қандай екі бағытқа бөлінеді? Теоретикалық және қолданбалы
14. Информатиканың ақпараттық ресурстарды, олардың қызмет істеу және әлеуметтік прогресстің қозғаушы күші тұрғысынан пайдаланудың жалпы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі қалай аталады? Ақпараттық жүйелер
15. «Ақпарат» термині латынның қандай сөзінен шыққан? Information
16. Латынның «informatio» сөзі қандай мағына береді? түсініктеме, баяндама, хабар басу
17. Есептеу техникасы тұрғысынан қарастырғандағы ақпаратұғымының анықтамасы қандай: компьютер жадында сақталатын, қажеттігіне байланысты өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер
18. Ақпараттың берілуінің пішімдеріне байланысты жіктелуі: биологиялық, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық
19. Ақпараттың берілу және қабылдау тәсілдеріне байланысты жіктелуі визуальды, аудиальды, тактильдік, органалептикалық, машиналық
20. Ақпараттың пайда болу және қолдану аумақтарына байланысты түрлері биологиялық, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық
21. Ақпараттың қасиеттері қандай екі топқа бөлінеді? ішкі және сыртқы
22. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиеті қалай аталады? Объектілік және субъектілік
23. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті қалай аталады? Толықтылық
24. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиеті қалай аталады? Өзектілік
25. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті қалай аталады? Ақиқаттылық
26. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиеті қалай аталады? Қатынау мүкіндігі
27. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиеті қалай аталады? Адекваттылық
28. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ықғайлылық дәрежесін көрсететін қасиеті қалай аталады? Эргономдылық
29. Ақпараттың көрсетілуінің формаларын атаңыз: Статикалық, динамикалық
30. Ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі: Байт
31. Машиналық сөз дегеніміз не: 16 өзара байланысқан биттер тобы
32. Біртұтас бүтін ретінде ЭЕМ-нің аппараттық бөлігімен қарастырылатын биттер немесе таңбалар тізбегі қалай аталады? Машиналық сөз
33. ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып ақпаратты жинақтау, өңдеу және оны пайдаланушыға жеткізіп беруді атқарады: Ақпаратты технологиялар
34. Бесінші буын машиналарын құру мақсаты: Адамның интеллектілік қызметін модельдеу мүмкіндіктерін жүзеге асыру
35. 1843 жылы есептеу операцияларын бағдарламалауға перфокарталарды қолдану идеясын кім ұсынды? Ада Лавлейс
36. 1878 жылы Ресейде ондықтарды үзіліссіз тасымалдайтын қосылғыш аппарат (алғашқы арифмометрдi) кім құрастырды?Е.Якобсон
37. Ақпарат тасуышы ретінде алғашқы болып перфокартаны кім қолданды? Герман Холлерит
38. Электромеханикалық кезеңде елеулі өзгерістердің болуы – электромеханикалық басқару құралы – ------- пайда болуына байланысты болды. реленің
39. Базалық негізі электрондық вакуумдық шам – триод, екі орнықты қалып-күйінің біреуінде ғана болатын электрондық сызбалы элементті атаңыз. Триггер
40. Дж.фон Нейман принциптері iске асырылған алғашқы машина қай жылы жасалды? Қалай аталды? 1949 ж. «EDSAC»
41. Екiншi буын машиналарының негізгі элементін атаңыз. Транзисторлар мен жартылый өткізгіштер
42. Қай буын машиналары қолданушылардың машинамен қатынасында тек қана сандарды ғана емес, сол сияқты графикалық ақпараттарды да пайдалануына мүмкiндiк бердi? Үшінші буын машиналары
43. 1977 жылы дербес компьютерлерді қолданысқа енгізген және оны жаппай шығаруды жолға қойған Apple фирмасының негізін қалаушы адамды атаңыз. Стив Джобс
44. XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген және өзінің логарифм кестесін жариялаған шотландиялық математик: Джон Непер
45. Механикалық сағаттың негізінде пайда болған әлемдегі ең алғашқы қосу амалын орындайтын автоматты құрылғыны қай жылы, кім жасады? 1623 жылы, Вильгельм Шикард
46. 1786 жылы Лейбництің тісті доңғалақтары негізінде жасалған, 14-разрядты сандармен негізгі төрт арифметикалық амалды орындай алатын «айырмалық машина» идеясын ұсынған неміс әскери инженері: Иоганн Мюллер
47. Ч.Беббидж өзiнің аналитикалық машинасының жобасын қай жылы жасап шығарды?1833 ж
48. IBM фирмасы Microsoft фирмасының трансляторлары мен операциондық жүйесi орнатылған өзiнiң туындысы IBM PC компьютерін әлемдiк компьютерлiк рынокта қай жылы тiркеді?1981 ж
49. Бірінші буын машиналарының негізгі элементін атаңыз. Ваккумдық шамдар
50. Санау жүйесі дегеніміз не? Сандық мәліметтерді көрсету тәсілдері мен ережелерінің келісілген жиынтығы
51. Санау жүйесі қандай екі топқа бөлінеді? Позициялық және позициялық емес
52. Позициялық санау жүйесінде қолданылатын таңбалардың саны оның ______ деп аталады: Негізі
53. Позициялық емес санау жүйесіне қандай санау жүйесін жатқызуға болады? Римдік
54. Римдік санау жүйесінде жазылған MCMXCIII саны қандай санды білдіреді? 1933
55. Оналтылық санау жүйесінің негізі нешеге тең: 16
56. Оналтылық санау жүйесіне кірмейтін санды табыңыз:V
57. 110012 санын ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз: 25
58. Компьютер қандай санау жүйесінде жұмыс істейді?Екілік
59. 3310 санын екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз: 1000012
60. 7Е16 санын ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз: 126
61. 101011002 санын оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңыз:
62. 10111112 санын сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңыз:
63. 1E,F16 санын ондық жүйеде өрнектеңіз: 30,9375
64. 44,68 саны сегіздік санау жұйесіндегі санды ондық санау жүйесіне өрнектеңіз: 36,75
65. Екілік санау жүйесіндегі 101,0112 және 10011,1012 сандардың қосындысы неге тең? 11001,0002
66. Екілік санау жүйесінде қандай сандар қолданылады? 0 және 1
67. Есептеу жүйелерінің орталық құрылғысы деп нені атаймыз?
68. Логика дегеніміз: Адам ойлау түрлері мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым
69. Логика алгебрасы дегеніміз: Күрделі логикалық тұжырымдар құрылымын және алгебралық әдістерінің көмегімен олардың ақиқаттылығын орнату әдістерін зерттейтін математикалық логиканың бөлімі
70. Логика алгебрасындағы негізгі ұғым _____ болып табылады: Пікір
71. Пікірлер ____ және ______ болып екі түрге бөлінеді: Жай және күрделі
72. Логика алгебрасы формулаларында айнымалылар логикалық болып табылады және олар тек екі мәнді ғана қабылдайды – "жалған" немесе "ақиқат"
73. Логикалық (бульдік) айнымалы _______екі мәнін ғана қабылдай алатын х шамасы: х = {0,1}
74. Егер пікір ақиқат болса, онда кез келген пікірді х символы арқылы белгілеуге және _____ болады: х=1
75. Пікірабсолюттіақиқат болады, егер оған тиісті логикалық шама кез келген шарттарда _____ мәнін қабылдаса х =1
76. Пікірабсолюттіжалған болады, егер оған тиісті логикалық шама кез келген шарттарда _____ мәнін қабылдаса х=0
77. Бульдік амалдардың қайсысы дұрыс жазылған? 1 "және" 1=1 ?1"немесе"0=1 ?
78. «Емес» жалғауы қандай амалға тең? Логикалық терістік
79. Инверсия ақиқат болады, егер пікір _______ болса: жалған
80. Инверсия жалған болады, егер пікір _______ болса: ақиқат
81. «Және» жалғауы қандай амалға сәйкес келеді? Логикалық көбейту
82. «Немесе» жалғауы қандай амалға сәйкес келеді? Логикалық қосу
83. Екі логикалық пікірдің конъюнкциясы сонда және тек қана сонда ақиқат деп аталады, егер пікірлердің екеуі де……………….. ақиқат болса
84. Екі логикалық пікірдің конъюнкциясы сонда және тек қана сонда жалған деп аталады, егер пікірлердің ……………….. Бірі немесе екеуі де жалған болса
85. Импликация амалы қандай таңбамен белгіленеді? ,
86. Конъюнкция амалы қандай таңбамен белгіленеді?
87. Дизъюнкция амалы қандай таңбамен белгіленеді?
88. Кез келген ақпарат түрін автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған электрондық құрылғылар жиыны қалай аталады? Есептеу жүйесі
89. Бір-бірімен нақты түрде байланысып, біртұтас кешендік қызмет атқара алатын құрылғылар жиыны қалай аталады? Есептеу жүйесі
90. Мәліметтерді өңдейтін және есептеулер жүргізетін, сол сияқты символдармен өзге де әрекеттерді жүзеге асыра алатын бағдарланған электрлік құрылғыны атаңыз? Процессор
91. Компьютерлер қандай негізгі екі класқа бөлінеді: Цифрлы, аналогты
92. Қандай принцип бойынша компьютердегі бағдарлама бұйрықтар тізбегінен құралып, белгілі бір кезекпен автоматты түрде біртіндеп орындалады? Бағдарламалы басқарылу принципі
93. ДК модульдік құрылымды, оның барлық модульдері _______________ арқылы байланысқан. жүйелік магистраль
94. RAM немесе жедел есте сақтау құрылғысы дегеніміз: берілгендерді уақытша сақтайтын ішкі жады
95. Контроллер дегеніміз: ДК құрылғыларын басқаратын электрондық схема
96. Микропроцессор — бұл: ақпаратта арифметикалық және логикалық операцияларды орындау үшін және машинаның барлық блоктарының жұмыс істеуін басқару үшін арналған дербес компьютердің орталық блогы
97. Микропроцессор разрядтылығы дегеніміз: процессор операцияларының есептегіші (микропроцессорда біртұтас қабылданатын биттер саны)
98. Микропроцессордың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші: тактілік жиілік
99. Компьютерде атқарылатын нақты әрекет ______________ деп аталады:
100.Магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, қолданушының бұйрығы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны ______________ деп аталады:Бағдарлама
101.Бағдарламалық жабдық пен қолданушы арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны ______________ деп аталады: Бұйрық
102.Компьютерде белгілі бір үлгілерді орындайтын, оларды орындауға септігін тигізетін техникалық бағдарламалық құжаттамалар жиынын қоса алғандағы бағдарламалар жиынтығы қалай аталады? Бағдарламалық жасақтама
103.Компьютердегі бағдарламалық жасақтама құрамы қалай аталады? Конфигурация
104.Қолданбалы деңгей бағдарламалары қандай топтарға бөлінеді? Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап
105.Белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын бағдарламалар жиыны қалай аталады? Қолданбалы БЖ
106.Қолданбалы деңгей бағдарламалары қандай топтарға бөлінеді? Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап
107.Пайдалану аймағы шектеулі, қолданушының нақты есептерін шығаруға арналған қолданбалы бағдарламалық жасақтама тобы: Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын БЖ
108.Тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе ақпараттың белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын бағдарламалар тобын атаңыз? Әмбебап бағдарламалар
109.Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті бағдарламалар тобы қалай аталады? Қызметтік бағдарламалар
110.ЭЕМ-ның ақпараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы бағдарламалармен байланыстыратын бағдарламалар тобын атаңыз.Жүйелік бағдарламалар
111.Базалық аппараттық құрылғылармен байланысуға жауап беретін бағдарламар тобы ___________ деп аталады. Базалық бағдарламалар
112.Жаңа бағдарламалар және автоматтандырылған жүйелер жасау үшiн қолданылатын бағдарламалар мен бағдарламалық кешендер қалай аталады? Аспаптық бағдарламалар
113.Бағдарламалау жүйелері немесе аспаптық (инструментальдық) жасақтамалар қандай екі түрге жіктеледі? Бағдарламалау тілдері және трансляторлар
114.Күрделі бағдарламалық жүйені өңдеу, жобалау, сараптау процесінің технологиясын автоматтандыратын бағдарламалық кешені қалай аталады?CASE – технологиясы
115.Әрбір бұйрықты машина тіліне аудара салып, бірден орындайтын трансляторлар тобын атаңыз. Интерпретаторлар
116.Командаларды орындамай тұрып, машиналық кодтарға толық аударатын бағдарлама қалай аталады? Компиляторлар
117.ЭЕМ iске қосылғаннан кейiн иiлгiш немесе қатты дискiден оқылып алғаш жұмыс iстейтiн бағдарлама ___________ деп аталады. Операциялық жүйе
118.ДК-мен жұмыс істеуші адамның арасындағы іс-әрекеттерді жеңілдететін бағдарламалар ___________ деп аталады. Операциялық қоршамдар
119.Операциялық жүйені сыртқы құрылғылармен байланыстыратын бағдарламалар тобы қалай аталады? Драйверлер
120.Драйверлер қандай екі топқа жіктеледі? Стандартты, жүктелінетін
121.Стандартты ДК-нің құрамына кіретін сыртқы құрылғыларды басқару үшін қызмет ететін бағдарламалар атауы қандай? Стандартты драйверлер
122.Стандартты құрылғылардан өзінің техникалық параметрлері бойынша ерекшеленетін сыртқы құрылғыларды басқаруға арналған бағдарламалардың атауы: Сыртқы драйверлер
123.Операциялық жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін және толықтыратын қосымша бағдарламалар ___________ деп аталады. Сервистік бағдарламалар
124.Қызметші бағдарламалар магниттік дискілермен әр түрлі сервистік қызмет түрлерін атқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалар түрін атаңыз. Қызметші бағдарламалар
125.Диск бетін онда мәлімет жазылатындай етіп адрестелген элементтерге (сызық-жолдарға және секторларға) жіктеу үрдісі қалай аталады? Дискілерді пішімдеу
126.Қандай үрдістің көмегімен дискіні пішімдемей жөндеуге болады? Дискілерді қателікке тексеру
127.Мәліметтерді архивке орналастыру және байланыс арнасы арқылы жіберу қажет болған жағдайларда оларды алдын ала қысу, сығу үрдісін орындайтын бағдарламалық құралдарды ______________ деп атайды. архивтеуші бағдарлама
128.MS DOS-та ОЖ қай жылы шығарылды? 1981 жылы
129.MS DOS-та команданы енгізу үшін оны теріп, қандай пернені басу қажет? ENTER
130.Командалық процессор қандай командаларды өңдейді: ішкі
131.MS DOS-та қандай команда көмегімен файлды жоюға болады? DEL
132.Файл дегеніміз не? файл – машиналық тасуышта ақпарат сақталынған атаулы аймақ
133.Windows – бұл: Графикті интерфейсті көп есепті операциялық жүйе
134.Файлды сақтау үшін орындалатын команда Файл-Сохранить как
135.Қосымша сандық пернетақта төмендегі пернемен қосылады: Num Lock
136.Файлдың жолы (маршруты) дегеніміз: Файлдың орнын көрсететін бағынышты каталогтар тізбегі
137.Жұмыс үстелінде бума құру Жанама меню-Құру-Бума командалары арқылы іске асады
138.Мәзірлер жолының жанындағы кішкене үшбұрыш таңбасы ... білдіреді. Бұл жолдың ішінде тағы да бір қосымша мәзір бар екендігін
139.Корзина не үшін қолданылады? Жойылған файлдарды уақытша сақтау
140.Алмастыру буферіне графикалық элемент түрінде белсенді терезе құрамын толық қалай көшіріп алуға болады: <Alt+Print Screen>
141.Деректерді алмасу буферіне көшіру үшін пернелер үйлесімі қолданылады: Ctrl +C
142.Каталог (папка) деген не? ат берілген файлдардың жиынтығы
143.Бас менюді шақыру қалай орындалады Іске қосу (пуск) батырмасы арқылы
144.Сохранить как командасы қай жағдайда қолданылады? Файлды жаңа атпен немесе басқа тасымалдауышта сақтау үшін
145.Ерекшеленген объектіні қиып алып, алмастыру буферіне орналастыру пернесі: Ctrl+X
146.Жарлық дегеніміз не? Құрамында обьектіге жасалған сілтеме бар кішігірім файл
147.Белгіленген объектілер үшін қолданылатын Сілтеуіштің (Проводник) Түзету (Правка) менюінің командасын көрсетіңіз: Көшіру, белгілеу кірістіру, жою
148.Құжатты корзинаға (Recycle Bin) апармай жоюдың «Жылдам» орындау пернесі: Shift+Del
149.Конфигурацияны өзгертуге, терезелердің түсін, каріптерді қосуға арналған программа қалай аталады Басқару панелі (панель управления)
150.Windows операциялық жүйесінде файлдың қай аты дұрыс жазылған? ИДЗ.doc
151.Экранның жеке программалар орындалатын, мәліметтер түзететін төртбұрышты қоршаулы аумағы қалай аталады: Терезе
152.Жұмыс столы – бұл: Кейбір объектілерді құрайтын және бума болып табылатын экран аймағы
153.Жұмыс столының безендіру түрін қалай өзгертуге болады? Контекстік менюде свойства командасын таңдау
154.Windows –дің стандарттық программасына мыналар жатады: Блокнот, Калькулятор, Paint, WordPad
155.Windows ОЖ-нің жұмыс үстелінің негізгі элементтеріне жатады: Есеп панелі, Менің компьютер белгісі
156.OLE технологиясы дегеніміз: бір қосымшадан екіншісіне объекті енгізу және байланыстыру арқылы
157.Алмастыру буферінің атқаратын қызметі: Объектілерді көшіру және тасымалдау
158.Windows операциялық жүйесінің құрамындағы графикалық редакторды көрсетіңіз: Paint
159.Жұмыс столында буманы қалай құруға болады? Тышқанның оң жақ батырмасын басып, Создать-Папка командасын таңдау керек
160.Paint бағдарламасында салынған суреттің типі: .png, gif, jpg, bmp
161.WordPad бағдарламасында құрылған құжаттың типі: .doc
162.Блокнот бағдарламасында құрылған құжат типі: .txt
163.Аудио файл типі:mp3
164.Видео файл типі: mp4
165.Тапсырмалар диспетчері терезесін шақыру үшін пернелер комбинациясы: CTRL+ ALT+ DELETE, CTRL+SHIFT+ESC,
166.Белсенді терезелердің орнын ауыстыру үшін пернелер комбинациясы: ALT+TAB, Win+TAB
167.Анықтама терезесін шақыру үшін пернелер комбинациясы: F1
168.Белсенді терезені жаңарту үшін пернелер комбинациясы: Ғ5
169.Сканер түрлері: ланшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.
170.Плотер қандай құрылғы? Жоғары дәлдікпен суреттерді салу үшін? Плоттер (ағылш. plotter — график салушы) — суреттерді, сұлбаларды, сызбаларды, карталарды, т.б. графикалық ақпараттарды өте жоғары дәлдікпен қағазға, калькаға, т.б. автоматты түрде түсіретін құрылғы?
171.Windows ОЖ-де тышқанның оң жақ батырмасы келесі менюді шығарады Жанама
172.Сілтеуіш (Проводник) терезесінің сол жақ бөлігіндегі «-» таңбасының мағынасы: Сол жақ бөліктегі буманың толық ашылғанын көрсетеді
173.CTRL+N пернелер комбинациясының қызметі: Жаңа құжат құру
174.CTRL+О пернелер комбинациясының қызметі: Құжаттарды ашу
175.CTRL+Z пернелер комбинациясының қызметі: Әрекетті кері қайтару
176.Бүкіл мәтінді ерекшелеу үшін қолданылатын пернелер комбинациясы:
177.Буферге көшіру: Ctrl+C
178.Белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл қалай аталады Жарлық (ярлык)
179.Файлды дискінің бір жерінде ғана тізбектеліп орналастыру үшін әр бөліктерде орналасқан ақпараттарды бір орыннан екінші орындарға тасымалдайтын үрдісі қалай аталады? Дискілерді дефрагментациялау
180.Дискілік кеңістікті әр түрлі қажетсіз файлдардан босату үрдісі қалай аталады? Дискілерді тазарту
181.Қандай үрдістің көмегімен дискіні пішімдемей жөндеуге болады? Дискілерді қателікке тексеру
182.Дискіні қажетсіз файлдардан тазалау ненің көмегімен жүзеге асырылады? Утилеттердің
183.Мәліметтерді архивке орналастыру және байланыс арнасы арқылы жіберу қажет болған жағдайларда оларды алдын ала қысу, сығу үрдісін орындайтын бағдарламалық құралдарды ______________ деп атайды. архивтеуші бағдарлама
184.Файлдарды байланыс арнасы арқылы жіберерде және көлемі аз сырқы тасуышта сақтау алдында қандай процедура қолданады? архивтеу
185.Архиваторлар дегеніміз не? дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программа
186.Архивтеу не үшін қажет? алдын ала сығу жолымен файлдардың көшiрмесiн дискiде немесе дискетте (магниттi таспада) сақтау
187.Информацияны архивтеудің деңгейі неге байланысты? Ақпараттың өлшеміне, Игформацияның өлшеміне, Өлшеміне
188.Архивтік файл дегеніміз не? сығылған күйде бір файлға енгізілген файлдар жиынтығы
189.Архиваторлардың қандай түрлерін білесіз? Winrar, winzip, 7-zip
190.Вирус деніміз не? арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады.
191.Антивирустық бағдарламалар: Касперский антивирусы – antiViral Toolkit Pro(AVP), McAfee Virus Scan, Panda Antivirus, Trend Micro PC-Cillin, F – Secure Anti-Virus, Sophos Anti-Virus, Norton AntiVirus.
192.Мұрағаттаушы бағдарламалар:
193.Мәліметтерді архивтеудің негізгі пішімдері: zip, arj, rar
194.Зақымдау әдісі бойынша вирустардың жіктелуі: Резиденттік, резиденттік емес
195.Мекендеу ортасы бойынша вирустар төмендегі топтарға жіетеледі: Жүктейтін, файлдық, желілік, микровирустар
196.Вирустар мүмкіндіктеріне байланысты қалай жіктеледі? Резиденттік, резиденттік емес
197.Жеке түрде сирек кездесетін, белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табатын антивирустық бағдарламалар тобы қалай аталады? Доктор – бағдарламалар
198.Вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейтін» антивирустық бағдарламаны атаңыз. Вакцина - бағдарламалар
199.Антивирустық бағдарламаның қай түрі компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтап, оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады, егер өзгеріс табылса, экранға хабарлама шығарады? Ревизор-бағдарламалар
200.Компьютердің операцияларын бақылайтын және компьютер жұмысының барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табатын антивирустық бағдарлама қалай аталады? Фильтр - бағдарламалар