Кейбір көрсеткіштері
WBC(white blood cells) - лейкоциттердің мөлшерлері.
Қалыпты жағдайдағы лейкоциттер - 4,0-8,0·109/ л.
Лейкоциттерге гранулоцитарлы, моноцитарлы және лимфоидты қатардағы жасушаларды жатқызады.
Қандағы лейкоциттердің кейбір түрлерінің мөлшері мөлшері абсолютты немесе салыстырмалы болуы - ол жалпы лейкоциттердің қалыпты, жоғары немесе төмен болуына байланысты. Қазіргі уақыттағы гематологиялық анализаторлар: WBC - лейкоциттердің жалпы санын; MXD – орташа жасушалық құрамын (моноциттер, базофильдер, эозинофильдер); NEUT - нейтрофильдер мөлшерін; LYM –лимфоциттер мөлшерін анықтайды және гистограмманы тіркейді.
MCV (mean corpuscular volume) – орташа корпускулярлы көлемі – эритроциттердің орташа көлемі, фемтолитрмен (fl)немсе кубтық микрометр (мкм3) арқылы өлшенеді.
MCV Клиникалық маңызы түстік көрсеткішке және эритроциттегі гемоглобин мөлшері бір бағыттағы өзгерістеріне ұқсас, өйткені әдетте, макроциттарлы анемияда бір уақытта гиперхромды (немесе нормохромды), ал микроцитарлы – гипохромды болып келеді. MCV –ні, негізгі анемияның түрін сипаттау үшін қолданады.
MCV өзгерістері су-электролитті баланс бұзылуы жайында жақсы мәлімет беруі мүмкін. MCV жоғары болуы, су –электролиттік тепе-теңдік гипотоникалық бұзылуын, ал төмен болуы - гипертоникалық бұзылуын көрсетеді.
MCV 80-110 fl шамада болуының маңызы: эритроцит, нормоцит; 80 fl –ден төмен болуы - микроцит; 110 fl жоғары болуы - макроцит екендігін көрсетеді.
MCH (mean corpuscular hemoglobin) - эритроциттердегі гемоглобиннің орташа мөлшері. MCH өзіндік маңызы жоқ. MCV, түстік көрсеткішке және MCHC сәйкес қаралады. Осы көрсеткіштердің негізінде қалыпты, гипо-және гиперхромды анемияларды ажыратады.
MCH төмендеуі (яғни, гипохромия) гипохромды және микроцитарлы,темір тапшылығы анемияларда және созылмалы ауруларда, талассемияда кездесетін анемияда, кейбір гемоглобинопатияларда, қорғасынмен уланғанда, порфирин синтезінің бұзылуында байқалады.
MCH жоғарылауы (яғни гиперхромия) - мегалобластты, көптеген созылмалы гемолитикалық анемияларда, гипопластикалық анемияда, жедел қан жоғалтудан кейін, гипотиреоз, бауыр ауруларында, қатерлі ісіктердің метастаздарында, цитостатиктер, контрацептивті, тырыспаға қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдаған кезде байқалады.
RDW (red cell distribution width) – эритроциттердің көлем бойынша таралу көрсеткіші, эритроциттердің көлемінің өзгергіштігін сипаттайды.
Қалыпты жағдайдағы RDW көлемі - 11,5 - 14,5%.
гематологиялық анализаторлар көмегімен алынған гистограммала эритроциттердің көлемін көрсетеді.
RDW мөлшерінің жоғары болуы, эритроциттер популяциясының гетерогендігін немесе қанда бір-неше эритроциттер популяциясының болуын көрсетеді. Сондықтан RDW-ні эритроциттердің гистограммасымен бірге талдау қажет.
MCHC (mean corpuscular hemoglobin concentration ) – эритроциттердегі гемоглобиннің орташа концентрациясы, эритроциттердің гемоглобинмен қанығу көрсеткіші.
MPV (mean platelet volume) – тромбоциттердің орташа көлемі
Қалыпты жағдайда MPV - 3,6 - 9,4 мкм3 немесе fl.
Қазіргі кездегі гематологиялық анализаторлар тромбоциттердің көлемі бойынша таралу гистограммасын сызады (тромбоцитометрлік қисық).
Тромбоциттердің өлшемі және олардың функционалды белсенділігіне өзара байланысты. Тромбоциттердің ескіруі бойынша көлемі төмендейді, сондықтан тромбоциттердің функционалды белсенділігі де төмендейді.
Гистограммаларда ескі жасушалар сол жақта, ал жас жасушалар оң жаққа орналасыды. Сәйкесінше, қанда тромбоциттердің жас жасушалары көп болуы, гистограмманы оңға, ескі жасушаның көп болуы тромбоциттердің солға ығысуын көрсетеді.
Абыну аурулары
Қабыну ауралар кезінде, жедел пневмонияда, холестит, аппендицит, сияқты бір типті өзгерістер байқалады.
Олар сипатталады: