Сүт тістің созылмалы периодонтитн емдеу
Созылмалы периодонтиттердің негізгі диагностикалық белгісі рентгенография болып табылады, онымен периодонттағы деструктивті өзгерістерді, үрдістің таралу дәрежесін анықтайды.
Сүт тіс келесі жағдайларда жұлынуға жатады:
1) патологиялық үрдіс тұрақты тіс ұрығына таралған фолликуланың кортикалды пластинкасы бұзылғанда
2) тісжегі қуысының түбі тесілген кезде
3) 3 қабылдаудан кейін асқыну үрдісі
4) түбірдің 2/3 ұзындығының резорбциясы
Бір түбірлі тістерді өзекке грануляцияның өсуі кезінде 1 қабылдауда емдейді. Осыдан кейін грануляцияны фенолмен анестезинімен бірге өңдеп, және өзектен қансыратпай алып, Геністің цинк – Эвгенолды пастасымен пломбалайды. Көп түбірлі сүт тістерде грануляциялық тін түбір өзегіне өскенде емді мумифицирлеуші заттарды қолданып жүргізеді. Бірінші қабылдауда тісжегі қуысын және тіс қуысын ашқаннан кейінөзектен ыдыраған тінді алу, өзек сағасы үстіне фенол-формалинді қоспаны (1 тамшы 40 % формалин + 2 тамшы фенол) қалдырады және тісті герметикалық жабады. 2 қабылдауда өзектегі бар заттарды алып, аспаптың өңдеужүргізеді, резорцин –формалин әдісін қолданып таңғыш қояды. 3 қабалдауда өзектің өтімді жететін бөлігіне резорцин-формалин пастасын толтырып және тісті пломбалайды.
Тұрақты тістердің созылмалы периодонтитін емдеу
Келесі емдеу әдістері қолданады:
1. Аспаптық (медикаментозды ем)
2. Физиотерапиялық (өзек ішілік УВЧ, диатермокоагуляция әдісі, түбір өзегіне ионофорез, лазер)
3. Эндодонтиялық емдеу әдісі
4. Жартылай эндодонтиялық шара әдісі (резорцин - формалин әдісі)
5. Хирургиялық эндодонтия әдісі (түбір ұшы резекциясы, гемисекция, тістің реплантациясы т.б.)
Балалар эндодонтиясында негізгі жасау әдісі аспаптық, барлық комплексті шараларды қосатын, эндодонтиялық жол жасау, түбір өзегі сағасын ашу, өзекті инструменталды өңдеудің барлық этаптарын дұрыс жүргізу, медикаментозды емдеу түбір өзегін пломбалаумен жүргізу.
Периодонтит тісте түбірдің аяталмай өсуінде практикада 2 клиникалық қатарда кездеседі: өсу зонасының сақталуымен немесе өлуімен.
Емнің бірінші кезеңінде дәрігер тактикасы екі вариантта да бірдей: аспаптық өңдеу, түбір өзегін жуу, антибиотиктер ферментпен, қабынуға қарсы ем және физиотерапия. 2-ші немесе 3 келуде көптүбірлі тістердің өзегін тазалдық жақсы нәтижесіне жеткен соң түбір өзегін пломбалауға көшеді. өсу зонасы сақталған кезде, бала 1-ші немесе 2 сау тобына жатады және тіс жегінің компенсирленген түрін алады, өзекті құрамында кальций бар препаратпен пломбалайды. Пломбалауды тығыз өсу аймағына дейін түйіскенше салмайды, пастаны терең итермеу керек, түбір өзегінің аппикалды бөлігіне қарағанда.
Көрнекі материал: презентация, слайдтар
Дебиет
1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 с.
2.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 с.
3.Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев-Книга-плюс-2007г. 815 с.
4.Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям у детей.-М.: МЕДпресс-информ, 2007.-164 с.
5.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 с.
6.Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания челюстно-лицевой области. – М.: Медпрес, 2001. – 160 с.
7.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Травмы челюстно-лицевой области у детей (учебное пособие). – М.: Медпрес, 2003. – 107 с.
8.Особенности обезболивания при лечении стоматологических заболеваний у детей/ Под рук. С.А. Рабиновича.-М.: МЕДпресс-информ.-2005.-120 с.
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1.Периодонтиттің даму себептері
2.Тінде патоморфологиялық өзгерістер бойынша жіктелуі
3.Сүт тістер созылмалы периодонтитінің ағымының ерекшеліктері
4.Периодонтиттерді емдеу әдістері
5.Сүт тістердің созылмалы периодонтитінің рентген көрінісі.
ДӘРІСТІК КЕШЕН
1. Тақырып № 6 «Балалардың жақ-бет аймақтарының қабыну аурулары»
2. Мақсаты:Балалардың жақ-бет аймағындағы қабыну аурулары туралы студенттердің теориялық білім деңгейін қалыптастыру
3. Дәрістің тезисі:
Одонтогенді қабыну ауруларының кең таралуы мына себептермен түсіндіріледі:
1. Көбінесе ауылдың жерлерде стоматологиялық аурулардың профилактикасы бойынша шаралар жеткіліксіз жүргізіледі
2. Пародонт аурулары, периодонтит және пульпит емінің аяқталмауы және сапасыздығы.
Балалардың анатомо-физиологиялық ерекшелігінің жалпы сипатына байланысты, келесі жағдайларды ескеру керек. Балаларда әрқашан мүшелер мен жүйенің көбінесе ОЖЖ дамуы, ажырауы үнемі жүреді. Балалардың нерв жүйесінің гиперергиялық реакциясы инфекциялық ауруларға бейім болады. Іріңдік микробтарға баланың ағзасы өте сезімтал болып келеді. Адамның иммундық жүйесінің ерекшелігі, лимфа жүйесінің тосқауылы әдебиеттерде жақсы жазылған. Солардың ішінен балалардың одонтогенді қабыну ауруларының дамуы және клиникалық ағымына әсер ететін ерекшеліктерін атап өтсек.
Одонтогенді және басқа жақ-бет аймағының іріңді-қабыну таралу жолдары:
1. Лимфогенді
2. Гематогенді
3. Ұзын бойына таралуы
4. Фасция және клеткалық кеістік арқылы таралу