Созылмалы пульпит түрлерінің клиникалық ағым ерекшеліктері

Балалық шақтағы пульпиттің қабынған ұлпаның клиникалық көрінісінің бірқатар ерекшеліктері бар:

- қабынған ұлпа көбінесе терең емес тісжегі қуысы бар тістерде болады

- қабыну үрдісі жылдам таралады

- қабынудың жедел кезеңінің созылмалыға жылдам өтуі

- осыған байланысты, жедел пульпитке қарағанда пульпиттің созылмалы түрлері көп болады

- пульпиттің бір түрінің клиникалық көрінісінің әр түрлілігі, ерте жастағы балаларда едәуір айқын (тістердің қалыптасу кезеңіне байланысты)

- пульпиттің барлық түрлерінде іріңді қабыну элементтерінің болуы

- жедел және созылмалы гангренозды пульпиттерде периодонттың реакциясы үлкендерге қарағанда жиірек

- ұлпадағы морфологиялық өзгерістер клиникасымен дәл келмейді

- тіс ұлпасындағы интоксикацияға (дене қызуының көтерілуі, ұйқышылдық, бас ауруы, ЭТЖ ұлғаюы, лейкоциттердің санының өсуі)

Балалардың пульпитінің емінің ерекшеліктері

Пульпитті емдеу тәсілін таңдағанда еске алу қажет:

- сүт және тұрақты тістердің түбірлерінің қалыптасу мерзімін, сүт тістердің түбірлерінің сорылу мерзімін;

- қабынудың таралуы және түбір каналдарын сипаттайтын анатомиялық жағдайлары;

- тістердің жағдайлары:

- баланың жалпы жағдайы

Жедел пульпиттің емі

Сүт тістердің ошақты пульпитінің қабынуында- сауыт ұлпасын келте кесу (ампутация). Виталдік келте кесу дамуы әлі аяқталмаған тістерде жүргізіледі. Девиталдік келте кесу –дамуы аяқталмаған азу тістерде немесе түбірлері көп сорылмаған тістерде. Ұлпаны девитализациялауға әлсіз, жайлап әсер ететін девитализдеуші заттарды қолданады (кобальт немесе параформальдегид) 7 күнге.

Жалпы пульпитті емдеуге виталды немесе девиталды экстирпация қолданады.

Созылмалы пульпиттің емі

Біріншілік – созылмалы пульпитте 4 жасқа дейін виталды келте кесу қолданылады.

Асқынған біріншілік –созылмалы пульпитте 4 жасқа дейін девиталды келте кесу, соңынан ұлпаны мумификациялау 3 келуде орындалады.

Көрсеткіш:

  1. Сүт тістердегі созылмалы пульпит, пульпиттің жедел түрі
  2. Түбірі қалыптаспаған периодонтында едәуір өзгерістері бар тұрақты тістерде

Кері көрсеткіш:

  1. лимфаденит және периодонт реакциясының көріністері бар уақытша тістердің жедел және созылмалы пульпиттерінің қабынуы
  2. созылмалы гангренозды пульпит

Девиталды келте кесу орындалады:

3 рет келуде- 7 жасқа дейін

2 рет келуде – 7-9 жаста (уақытша тістерде):

1 келуде- девитализдеуші заттарды салу,

2 келуде- келте кесу және ұлпаның культесын мумифицирлеуші заттармен жабу, пломбаны қою.

Көрнекі материал: презентация, слайдтар

Дебиет

1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 с.

2.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 с.

3.Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев-Книга-плюс-2007г. 815 с.

4.Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям у детей.-М.: МЕДпресс-информ, 2007.-164 с.

5.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 с.

3.Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания челюстно-лицевой области. – М.: Медпрес, 2001. – 160 с.

6.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Травмы челюстно-лицевой области у детей (учебное пособие). – М.: Медпрес, 2003. – 107 с.

7.Особенности обезболивания при лечении стоматологических заболеваний у детей/ Под рук. С.А. Рабиновича.-М.: МЕДпресс-информ.-2005.-120 с.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Пульпиттердің даму себептері
  2. Тіндердегі патоморфологиялық өзгерістері бойынша жіктелуі
  3. Сүт тістердің пульпиттерінің ағым ерекшеліктері
  4. Уақытша тістердің пульпиттерін емдеу әдістері
  5. Тұрақты тістердің пульпиттерін емдеу әдістері

ДӘРІСТІК КЕШЕН:

Тақырып № 5 Балаларда периодонтиттің клиникалық ағымы, диагностикасы және емдеу ерекшеліктері. Балаларда пульпит пен периодонтит кезінде эндодонтиялық өңдеудің ерекшеліктері.

2.Мақсаты:Балаларда пульпит пен периодонтит кезінде эндодонтиялық өңдеудің ерекшеліктері бойынша студенттерде теориялық білімдерді қалыптастыру

3.Дәрістің тезисі:

Периодонтиттің даму себебі:

1. Ұлпаның жедел немесе созылмалы қабынуы

2. Ұлпаны емдеуі биологиялық әдісін дұрыс қолданбау, ұлпа мумификациясын, биогенді аминдерді, микробтарды және оның токсиндерін дұрыс қамтамасыздандыру.

3. Ұлпаны емдеу, тіске эндодонтиялық жолдың ережесінің бұзылуы кезінде ұлпаны девитализациялау, қайта келусанының азаюы, мумификациялық заттардың әсер ету мерзімі, түбір сүйегін залалсыздандыру (формалин, азот- қышқылды күміс) кезінде периодонтқа күшті әсер ететін заттардың түсуі

4. Периодонтиттың медикаменттерге және, бактериялық қатардағы өнімдерге аллергиялық реакциясы

5. Тістердің жарақаттары: бір мезгілді, жедел (соққы, құлау, өзікті пломбалағаннан кейін, ұлпаны экстирпациялаудан кейінгі периодонт жарақаты, тез тістеу, тісте ыңғайсыздықтың болуы т.б.). созылмалы микрожарақат (биік пломба, тіске қарандашпен қаламсаппен қысым түсіру).

Т.Ф. Виноградова бойынша периодонтиттің жіктелуі (1976)

Этиологиясы бойынша: инфекциялық, жарақаттық, медикаментозды.

Орналасуы бойынша: маргинальды апикальды

Клиникалық ағымы бойынша: жедел, созылмалы, асқынған.

Тіндегі патоморфологиялық өзгерісі бойынша: серозды, іріңді, фиброзды, гранулирдеуші, гранулематозды. Периодонтиттің негізгі диагностикалық әдісі болып: сұрау, қарау, зондтау, температуралық сынама, перкуссия, жұмсақ тіндерді пальпациялау,тістердің қозғалғыштығын анықтау. Диагнозды нақтылау үшін ЭОМ, рентгенологиялық зерттеуді қолдануға болады.

Наши рекомендации