Кольцепреципитация реакциясы
Пробиркада агглютинация реакциясы.
Алдымен сары сулардың ерітулерін дайындайды, олар титрына байланысты 1:50, 1:100 немесе 1:1000 құрайды. Сосын сары сулардың ерітулер сериясын қатардағы алдыңғы пробиркадан келесі пробиркаға 1 мл-ді тасымалдау арқылы жасайды. Соңғы пробиркадан 1 мл ерітілген сары суды бірдей көлемді сақтау үшін алып тастайды. Бақылау пробиркасына (контроль антигена) 1 мл натрий хлоридінің изотоникалық ертіндісін құяды. Сарысу ерітілген әрбір пробиркаға және бақылау пробиркасына пастер пипеткасымен 1 мл 3 млрд микроб денелері бар 2 тамшы бактерия массасын енгізеді. Пробиркаларды шайқап, термостатқа 2 сағатқа 37С қояды, сосын 1 тәулік бөлме температурасында сақтайды. Агглютинация реакциясының нәтижесін бақылау пробиркасынан бастап, ақырын шайқап, әрбір пробирканы кезекпен бағалайды.
Агглютинация реакциясының интенсивтілігін келесі белгілер бойынша анықтайды: ++++ толық агглютинация – аггютинат хлопьясы нағыз мөлдір сұйықтықта, +++ толық емес агглютинация – хлопья әлсіз палесцирлеуші сұйықтықта, ++ жартылай агглютинация – хлопьяны көруге болады, сұйықтық аздап лайланған, + әлсіз, күдікті агглютинация- сұйықтық өте лайлы, ондағы хлопьялар көрінбейді, - агглютинация жоқ, сұйықтық біркелкі лайлы.
Кольцепреципитация реакциясы
Бұл реакцияжіңішке пробиркаларда (диаметр 0,5см) жасалады, әрбір пробиркаларға 0,2-0,3 мл преципитациялық сарысуын қосады. Осыдан кейін Пастер пипеткасымен 0,1-0,2 мл антиген ерітіндісін қабаттастырады. Пробиркаларды ақырын вертикальды бағытқа ауыстырады. Реакцияның нәтижесін 1-2 минуттан кейін қорытындылайды. Егер реакция оң болса, сарысу мен зерттелетін антигеннің шекарасында приципитат ақ түсті сақина пайда болады. Ал бақылау пробиркаларында приципитат түзілмейді
16. Сахаролитикалыөқ белсенділікті анықтау
Микроорганизмдердің көмірсуларды ферменттеу қабілетін анықтау үшін қысқа және ұзын «ала» қатарларды қолданады. Қысқа қатардың құрамына моно- және дисахаридтері (глюкоза, лактоза, сахароза, мальтоза және алты атомды спирт – маннит) бар Гисс ортасы кіреді. Ұзын «ала» қатарға, сонымен қоса, қосымша моносахаридтері (арабиноза, ксилоза, рамноза, галактоза, т.б.), полисахаридтері (инсулин, крахмал, гликоген, т.б.) және спирттері (глицерин, дульцит, инозит, т.б.) бар орталарды енгізеді. Индикатор ретінде барлық орталарға Андреде реактивін немесе басқа реактивтерді қосады.
Зерттелетін бактериялардың таза культурасын «ала» қатар орталарына ілмек көмегімен себеді. Егулерді 370С-та 18-24 сағат бойы инкубациялайды. Егер бактериялар көмірсуларды қышқыл заттарға дейін ыдыратып ферменттесе, орта түсінің өзгеруі байқалады: көмірсудың қышқылға және газ тәрізді заттарға дейін ыдырауында, орта түсінің өзгеруімен қатар қалытқыда (поплавок) газ түйіршігі пайда болады. Егер жартылай сұйық агары бар ортаны қолданса, газ түзілуін бағананың бөлінуі кезінде бақылайды. Ферментация болмаса, орта түсі өзгермейді. Бактериялар Гисс ортасына кіретін көмірсуларды ғана ферменттейтіндіктен, біршама ала бейнені көруге болады. Сондықтан түсті индикаторы мен көмірсулары бар ортаның жиынтығын «ала» қатар деп атаған.
17.Протеолитикалық ферменттерді анықтау.
Протеолитикалық ферменті анықтау үшін 10-20 желатин бағанасына , пептонды суға бактериялар дақылын укол арқылы себеміз. Желатинде дақылдар бірнеше күн бойы 20-22 температурада инкубацияланады. Протеолитикалық ферменттер анықталса, воронка немесе шырша тәрізді фигура түзіп, бактериялар желатинді ыдыратады.
18. Пептолитикалық ферменттерді анықтау Нәтижелерін интерпретациялау.
Пептонды судағы себінділерде 37С –та 2-3 тәулікте инкубацияланғаннан кейін пептонның ыдырау өнімдерін анықтайды – аммиакқа, индолға, күкіртсутекке реакциялар қояды.
Аммиакқа реакция. Ламкус қағазының жіңішке жолағын пробирканың астына қорек ортасына тимейтіндей етіп бекітеді. Қағаздың көгеруі аммиактың бар екенін дәлелдейді.
Индолға реакция. Эрлих әдісі: бактерия дақылы бар пробиркаға 2-3 мл эфир қосады, оларды араластырып, Эрлих реактивін қосады. Индол болған жағдайда қызғылт (розовое) түске боялады, байқап қабаттастырғанда бірреттік сақина түзіледі.
Күкіртсутекке реакция. Күкіртсутекті анықтауға арналған реактиві бар қорек ортасының бағанасына уколмен бактерия дақылын себу жасайды. Күкіртсутек болса, агардың қараюы болады.
19. Ауадан микробтың тазалығын анықтау үшін себінді алу.
Ауаның сандық микробиологиялық әдістерінің негізінде седиментациялық,аспирациялық(фильтрация) әдістер жатады.
Седиментациялық әдіс.2 қорек ортасы бар Петри тостағаншасын 60 минут бетін ашық қалдырады.Одан кейін себінділерді 37 С термостатта инкубациялайды.Инкубациядан кейін, ортада өсіп шыққан колониялардың саны бойынша зерттейді.Егер колониялар:250-ден кем болса,ауа таза;250-300 ауаның орташа ластанғанын;500-ден көп болса,ауа ластанғандеп есептеледі.
Аспирациялық әдіс.Бұл ауа құрамындағы микробтарды сандық анықтаудың ең нақты әдісі. Ауаның себінділерін приборлар арқылы жүзеге асырады. Кротов аппаратының құрылысыауа белгіленген жылдамдықпен жіңішке плексигласты пластинаның саңылауы арқылы сорылып, қоректік агары бар Петри тостағаншасына келіп түсуге негізделген.Осы кезде құрамында микроорганизмдер бар аэрозольдің бөлігі барлық қоректік ортаның бетінде біркелкі бекиді, себебі кіреберістегі саңылауда тұрған тостағанша үнемі айналып тұрады.Себінділерді инкубациялағаннан кейін термостатта микробтардың санын мына формуламен анықтайды:
Х=
мұндағы:а-тостағаншада өсіп шыққан колониялардың саны;V-прибордан өткен ауаның көлемі, ;1000-ауаның стандартты көлемі, .Ауадағы микробтың санын анықтағанда гемолитикалық стрептококктардың бөлінуі үшін қоректік агарды қолданады.Генциан фиолет қосылған қанды агарды бақылау үшін микроскоптайды және күдікті колонияларды таңдап алып қанды агарға себеді.
Қоректік орталардың құрамы:Генциан фиолет қосылған қанды агар:2% қоректік агар,5-10% аттың,тышқанның немесе қойдың дефибринденген қаны,генцианді фиолет(1:50 000).
Сары-тұзды агар:2% қоректік агар,10%натрий хлориді,20%(көлемі бойынша)сарыуыз қоспасы(1тауық жұмыртқасының сарыуызы: 200мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінің қатынасына).
Ауаны зерттеу үшін басқа да приборлар(Дьякова,Речменского,Киктенко,ПАБ-1-пробоотборник аэрозольный бактериологияеский,ПОВ-1-прибор для отбора воздуха) қолданылады.Олардың көмегімен ауаның анықталған көлемін сұйықтық немесе фильтр арқылы өткізіп,қоректік орталарда өлшем(мерные)себінділер жасайды.ПАБ-1 мен ПОВ-1 ауаның үлкен көлемі мен патогенді бактериялар мен вирустарды зерттеу үшін қолданылады.
20.Судан микробтың тазалығын анықтау үшін себінді алу: толық емес
Су құбырларындағы суды 1 мл көлемінде , ал ашық су ьсқоймаларында 1,0; 0,1; 0,01мл көлемде себеміз. Барлық сынамаларды стерильді Петри чашкасына салып, содан кейін оларға 10-12 мл еріген және 45-50 0 С дейін суытылған қоректік агарды құяды, оны сумен жақсылап араластырады. Себулерді 37 0 C та 1-2 тәулік инкубациялаймыз. Ал ашық су қоймаларының суын параллель екі чашка серияларына себеміз. Біреуін 37 0 C та 1 тәулік инкубациялаймыз, ал екіншісін 2 тәулік бойы 20 0 C та инкубациялайды. Содан соң бетінде және түбінде пайда болған колониялардың санын анықтаймыз және судағы микробтардың санын анықтаймыз – 1 мл судағы микроорганизмдер мөлшері.