Тәжірибе: Көмірдің оттекпен әрекеттесуі.
Практикалық жұмыс.
Оттек алу оның қасиеттерімен танысу
Оқыту мақсаты. Лабораториялық құралдармен жұмыс істеудің одан әрі жетілдіріп, істелген жұмыстың мазмұнын дәптерге жазып, үйрену дағдысын одан әрі қалыптастыру. Оқушылардың байқағыштығын дамыта отырып, қорытынды жасай білуді жалғастыру мақсатында оқулықпен жұмыс істеуге көңіл бөлу.
Реактивтер мен құралдар. Оттекті газын жинайтын құрал, стақандар, KMnO4, спирт шамы, сіріңке, күкірт, фосфор, т.б. жай заттар.
Газ жинайтын құралдың көмегімен оттек газын алып, оның бар екенін анықтау және кейбір қасиетерімен оқушыларды таныстыру. Сабақ басталғанда газдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережесін еске түсіреді. Оқушылар өз бетінше газ алатын қүралды жинастырып, оттек газын алып оның қорытындысын практикалық жұмыс дәптеріне жаза білу қажет.
Практикалық жұмысты орындау үшін оқушыға қойылатын талап төмендегідей: оттек алу, газдың бар екенін дәлелдеу, көміртегі оттекте жағып СО2 түзілгенін тәжірбие жүзінде дәлелдеп көрсету керек. Мұғалім практикалық жұмыста қауіпсіздік техникасы ережесін мұқият сақтауды талап етеді.
Дамытудың жоспарланған нәтижесі. Өзі көріп отырған тәжірибеден байқағандарын қорытындылайды. Оны өз сөздерімен дәптеріне қорытындылап жазады.
Оттегін алу жолдары
Тәжірибе: Оттегін калий перманганатынан алу.
8 кл. оқулығында көрсетілгендей қондырғы жинаңдар. Құрғақ сынауықтың түбіне 3/1 бөлігіне жеткізіп калий перманганатын салып, штативке көлбеу етіп бекітіңдер. Пробирканың ауыз жағы сәл көтеріңкі болсын. Сонан соң пробирканы газ шығатын түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Түтіктің сыртқы имек ұшын ішінде суы бар кристалдағышқы батырып, іші суға толтырылған пробирканы кигізіңдер. (Тек естеріңде болатыны, пробиркадағы марганец қышқыл калийді біраз қыздырғаннан кейін оттегі бөлініп, пробирканың ішіндегі ауаны ығыстырды-ау деген кезде, суы бар төңкерілген пробирканы газ шығатын түтікке кигізіңдер). Сөйтіп, оттегімен бірнеше пробирканы немесе цилиндрді толтырып алыңдар, себебі оны кейінгі тәжірибелерге пайдаланасыңдар. Ыдыстың оттекке толғанын шоқтанған шыраны аузына апарғанда лап етіп тұтануынан байқауға болады.
Калий перманганатын қыздырғанда реакция бір қалыпты жүреді. Тәжірибеге қажетті құралды құрастыру онша күрделі емес. Біріншіден, марганец қышқыл калийді қыздырғанда оттегімен бірге шығатын алынған заттың майда кристалдары болады, ол кейде түтікті бекітіп тастауы мүмкін. Ол өтіп кетпес үшін пробиркадағы тығынның алдына мақта салып қойған жөн. Екіншіден, алынған зат түгелдей пайдаланылмайды. Оттегінің белгілі бір бөлігі марганецтің және калийдің оксидтерінде қалып қояды. Егер оттегін жоғарыда айтылғандай су үстінде жинаған жағдайда, марганец қышқыл калийді қыздыруды тоқтатқаннан кейін, газ шығатын түтікті судан тез шығарып алу керек. Әйтпесе, қыздырылған пробирканың ішіне су еніп кетеді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Тәжірибе: Сутегі пероксидінен оттегін алу.
Ол үшін үлкен пробиркаға сутегі пероксидін құйыңдар. Үстіне бір түйір марганец оксидін немесе марганец қышқыл калий тұзын (катализатор ретінде) салыңдар. Реакция лезде оттегін бөлу арқылы жүреді. Бұл экзотермиялық процесс болғандықтан, температураның көтерілуінен сұйықтық қайнағандай бұрқырап кетеді. Бөлінген оттегін шала жанған шырпымен тексеріп көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Оттегінің химиялық қасиеттері
Заттардың оттегінде жануы
Заттар оттегінде ауаға қарағанда әлдеқайда күшті жанады. Кейбір ауада жанбайтын заттар оттегінде жан-жаққа ұшқын шығарып, жақсы жанады. Мысалы, сұйық оттегі құйылған пробиркада ағаш жаңқасы лаулап жанады. Ұсақталған заттардың қайсысы болмасын газ күйіндегі немесе сұйық күйіндегі оттегінде өте жақсы жанады, өйткені олардың оттегімен жанасатын беттері үлкен болады.
тәжірибе: Көмірдің оттекпен әрекеттесуі.
Спирт шамның жалынына көмір түйірін қатты қыздырып оны оттек бар шыны ыдысқа салса, ол жалынсыз, түтінсіз жанады (17, а- сурет), оның айғағы көмірдің мөлшері біртіндеп кішірейе бастайды. Шыны ыдыстың ішінде қандай зат түзілгенін білу үшін, шоқтанған шыраны апарса, ол сөніп қалады, себебі ыдыстағы оттек көмірдің жануына жұмсалған.