Оқыту мен сабақ берудің әдістері. Аудиториямен кері байланыс – оқылған дәрістің тақырыбы бойынша лектордың дайындаған билеттері арқылы тест
2.10.1Дәрістер: тақырыптық.
Аудиториямен кері байланыс – оқылған дәрістің тақырыбы бойынша лектордың дайындаған билеттері арқылы тест немесе блиц сұрақтарға жауап беру арқылы жүргізіледі.
2.10.2 Лабораториялық сабақтар:дәстүрлі, жұптасып және шағын топтармен жұмыс істеу.
Лабораториялық сабақты дәстүрлі әдіспен өткізу тақырып бойынша бастапқы білім деңгейін бақылаудан (тестілеу, ауызша және т.б.), әрбір студенттің белгілі жұмыс орнына сәйкес лабораториялық жұмысты орындауынан, нормативті-техникалық құжаттардың талабына сай дәрілік заттың талдауы бойынша хаттама жазуы мен оны қорғауынан тұрады.
Жұптасып жұмыс істеу - тақырып бойынша бастапқы білім деңгейін бақылаудан (тестілеу, ауызша және т.б.), студент жұптарының белгілі жұмыс орнына сәйкес лабораториялық жұмысты орындауынан, нормативті-техникалық құжаттардың талабына сай дәрілік заттың талдауы бойынша бірлесе отырып хаттама жазуы мен оны қорғауынан тұрады.
Шағын топтармен жұмыс істеу –әдістеме фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында дайындалған арнайы әдістемелік нұсқауларда көрсетілген.
- оқу үлгерімі және ойлау қабілетіне байланысты студенттердің топтары теңдей екі немесе үш шағын топтарға бөлінеді.
- әрбір топ сабақ тақырыбы бойынша тапсырмалар алады:
1 топ дәрілік субстанцияның немесе дәрілік түрдің сыртқы көрінісі, ерігіштігі, өзі екендігі бойынша теориялық сұрақтарды және зертханалық тапсырмаларды орындайды;
2 топ дәрілік субстанцияның немесе дәрілік түрдің тазалығы (қышқылдылығы немесе негізділігі, мөлдірлігі және түстілігі, жалпы технологиялық және өзіне тән қоспалары, кейбір физикалық канстанталары) бойынша теориялық сұрақтарды және зертханалық тапсырмаларды орындайды;
3 топ дәрілік препараттың сандық мөлшерін анықтау бойынша теориялық сұрақтарымен зертханалық тапсырмаларды орындайды;
- бастапқы білім деңгейін бақылау шағын топтар арасында сұрақ-жауапқа жауап беру арқылы жүргізіледі;
- студенттердің өзіндік жұмысы алған тапсырмалары бойынша зертханалық жұмыспен орындалады;
- шағын топтарда орындалған зертханалық жұмыстардың сапалық көрсеткіштерінің нәтижесін талдап және нормативті құжат талабына сай екендігін қорытындылайды;
- шағын топтар бірігіп жасалған жұмысқа презентация жасап, оның нәтижелерін бүкіл академиялық топ бойынша талқылайды;
- сабақты қорытындылау кезінде және студенттің білімі мен іскерлігін бақылағанда, оның зертханалық жұмысты орындауда және нәтижелерін талқылауда белсенді қатысқандығын ескереді;
- шағын топтардағы жұмысты студенттер өздері бағалап, әрбір студентке бағаны өздері қояды;
Әрбір тақырыпты өткенде студенттердің алған тапсырмалары өзгеріп тұрады. Апта сайын шағын топтардағы студенттер құрамы да фармацевтикалық талдаудың барлық этаптарындағы тапсырмаларды орындау үшін өзгеріп отырады.
2.10.3 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) - әдебиеттермен жұмыс жасау, компъютерлік бағдарламалар мен электрондық база жүйелерімен жұмыс жасау, рефераттар дайындау және қорғау, лекция, лабораториялық сабақ, ОСӨЖ-де өтпеген типтік бағдарламадағы кейбір тақырыптар бойынша презентация өткізу.
Академиялық период алдында әрбір студентке әрбір кредит бойынша бір тақырыптан СӨЖ тапсырмалары бекітіледі.
СӨЖ дайындау түрлері:
§ реферат дайындау және қорғау;
§ рефератқа пікір жазу;
§ презентация;
§ презентацияға пікір жазу.
2.10.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – кафедрада жасалған кесте бойынша оқу бағдарламасының ауыр тақырыптары бойынша түсініксіз сұрақтарға кеңес жүргізіледі.
2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
Белгілері:
-Объективтілік
-Айқындық
-Икемділік
-Жоғары дифференциациясы
Барлық жұмыстарды бағалау ережесі:
Студенттердің оқу үлгерімін барлық жұмыстар бойынша ағымдық бақылау келесі жұмыс түрлерінен тұрады: зертханалық жұмыстарды орындау, СӨЖ.
Аралық бақылауда дәріс сабақтарына қатысуы, зертханалық жұмыстарды орындауы, СӨЖ-ді уақытымен орындауы тексеріледі.
Аралық бақылаудың нәтижесі бойынша орташа балл қойылып, ол емтиханға жіберілу рейтингісінде ескеріледі.
Аралық бақылауды жүргізу түрлері:
- тестілеу;
- ауызша сұрау.