Кесте– Өнеркәсіптік газқағарлардың классификациялары
Үлгі | Қораптың түсі | Қандай заттардан қорғайды |
А | Қоңыр | Фосфордан- және флорлы-органикалық улы химикаттардан, органикалық қоспалардың буларынан (бензин, керосин, ацетон, бензол, күкіртті көміртек, тетраэтил қорғасын,толуол, ксилол, спирт, эфир) |
В | Сары | Фосфордан- және хлорлы-органикалық улы химикаттардан, қышқыл газдар мен булардан (күкіртті газ, хлор, күкіртті сутек, синил қышқылы, азот қышқылы, фосген, хлорлы сутек) |
Г | Бір жартысы қара, екіншісі сары | Сынап буынан, сынап шектес улы химикаттар, негізінде, этилмеркурхлорид |
Е | Қара | Мышьяк тәріздес және фосфорлы сутек |
КД | Сұр | Аммиактан, күкіртті сутек және олардың қоспасы |
БКФ | Қорғаушы | Органикалық заттардан, мышьяк және фосфорлы сутек буларынан |
М | Қызыл | Аммиактың аз мөлшеріндегі көміртек қышқылынан, күкіртті сутектен, органикалық қоспалардың буларынан |
СО | Сұр | Көміртек қышқылынан |
КИП-8 оттекті оқшаулағыш газқағары.Бұл аппарат негізінде тыныс алуға жарамсыз ортада әрекет ету мен өрт сөндіруге байланысты жұмыстарды орындау кезінде адамның тыныс алу мүшелерін және көзін қорғауға арналған. Ол ереже бойынша өртке қарсы бөлімшелердің жабдықтауында болады, кей кезде мамандандырылған апатты-құтқару құрылымдарында қолданылады (3-сурет).
Сурет– КИП-8 оттекті оқшаулағыш газқағары
КИП-8 қолданудың күрделілігі – әр кезде жұмыстан соң, оның оттекті баллонын ауыстырып тұруды және регенеративті оғын қайта оқтауды қажет ететіндігінде. Оны қазіргі кезде өрт командасында құрылған стационарлық жағдайда мамандардың орындауы қажет.
Арнайы киімдер
Сақтайтын сүзгіш киім (ССК). Бұл киімнің жинақтамасы (4-сурет) су ертіндісі сіңген арнайы пастамен – уландырғыш немесе қатты әсер ететін улы заттармен (сұйық не қатты адсорбенттің беткі қабатының газды заттарды сіңіріп алатын үлгісі) буларын бөгейтін немесе оларды бейтараптандыратын (хемосорбциялық үлгісі) химиялық затпен, арнайы үлгідегі мақта-мата комбинезонынан тұрады.
ССК жинақтамасына енетін комбинезондардың өлшемі: біріншісі – бойы 160 см дейінгі адамдарға арналған, екіншісі – 160 -тан 170 см дейінгі және үшіншісі – 170 см жоғары.
Қорғайтын сүзгіш киім тек қана сүзгіш газтұмылдырықпен ғана қолданылады.
ФЛ-Ф қорғайтын жинақтама. Жинақтама (5-сурет) регламенттік жұмыстарды орындау кезінде туынды гидразин, алифатикалық аминдер мен азот қышқылының жоғары уландырғыш буларынан жұмысшылардың тері қабаттарын қорғауға арналған.
Жинақтама полиэтиленді пакетке салынғын сырт киімнен (күрте, шалбар мен қолғаптар) және киім-кешектерден (жейде,төменгі шалбар) тұрады.
Булардың 0,1 мг/л шоғырлануы кезіндегі қорғау әрекетінің уақыты – 2,5 сағаттан кем емес.
Газтұмылдырықпен бірге үйлестікте орташа ауырлықтағы жұмыстарды үздіксіз орындау уақыты:
– 26°С температурада– 4 сағ. кем емес;
– 40°С температурада – 1 сағ. кем емес;
– газтұмылдырықты кезеңді пайдаланғанда – 6–8 сағ.
Пайдалану барысындағы жинақтаманың қорғау қасиетінің сақталуы – 12 айдан кем емес. Химиялық қабатының қорғау қасиетін қалпына келтіру еселігі – 60 есеге дейін.
4-сурет. Қорғау сүзгіш киімінің жинақтамасы | 5 -сурет. ФЛ-Ф қорғау жинақтамасы | 6-сурет. ФЛ-Н қорғау жинақтамасы |
ФЛ-Н қорғау жинақтамасы (6-сурет). Реттеу жұмыстарын орындау кезіндегі жоғары уландырғыш фосфорлыорганикалық қосындыларынан жұмысшлардың терілерін қорғауға арналған.
Жинақтама сырт киімнен (күртке мен шалбар) және полиэтиленді пакетке салынған қорғау киімінен тұрады. Жинақтама газқағармен қорғау аяқ-киімдерімен бірге қолданылады. Жұмыстар өткізілген соң, міндетті түрде бейтараптандырылады.
Қорғау әрекетінің уақыты – 4сағ. 4сағ ішінде 26–40 °С температурада газқағармен үйлесімді орташа ауыртпалықтағы жұмыстарды орындауға болады. Пайдалану барысындағы өзінің қорғау ерекшеліктерін жинақтама 6 айға дейін сақтайды.
«АРК-1» қорғау киімі. «АРК-1» (4-сурет) иондармен қанықтыратын сәулелердің әсер ететін аймағында жұмыс жасайтын жұмысшыларды қорғауды қамтамасыз етеді. Ол адамның өмірлік маңызды мүшелерін сенімді жабатын жартылай комбинезон мен бас киімнен тұрады. Киім сөмкеге салынып қойылады. Жұмыс киімінің үстінен немесе тікелей іш киімінің үстінен киіледі. Радиациалық – ластанған ортада қандай да бір жұмыстарды орындаған соң, міндетті түрде қатерсіздендіріледі.
Пайдалану барысындағы жинақтаманың қорғау ерекшелігінің сақталуы –кемінде 12 ай. Қорғау ерекшелігінің химиялық қабатын қайта қалпына келтіру еселігі-60 ретке дейін.
Киім қомақты шамада ионды қанықтыратын сәулелерді бәсеңдетеді: альфа-сәулеленуді– толығымен, бета-сәулеленуді (2,5 МЭВ дейін) – 40–50 есе, гамма-сәулеленуді ( 200 КЭВ дейін) – 3 есе, рентгенттік сәулеленуді – 5 есе.
Төменгі үйлесіммен орташа ауыртпалық дәрежедегі жұмыстардың үздіксіз уақыты:
- жұмыс киімімен – кемінде 8 сағ;
- еріксіз желдетумен оқшаулағыш қорғау костюмінде – кемінде 2сағ;
- өмірлік қамтамасыз етудің автономды жүйесімен оқшаулағыш костюммен кемінде 1,5сағ.