Медициналық симуляцияның сценарийі
Клиникалық жағдай:«Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру-1 сатысы».
Ситуациялық есеп:Сіз – ОААқабылдау бөлімінің кезекші дәрігерісіз. Сізге 45 жастағы ер адам қаралды.
Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз
Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз
Ø Лабораторлы – құралдық зерттеулердің мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз
Ø Диагнозды құрыңыз
Ø Науқасты жүргізу және емдеу тәсілін анықтаңыз
Қорытынды нәтиже:
1. Сұрауды жүргізу (толықтылық, шағымдар, ауру және өмір анамнездерін нақтылап, анықтау)
2. Асқазан-ішек жолдарының аурулары бар науқасты қарап тексеру
3. Гастроэзофагеальді рефлюксті аурудың диагностикасы (клиникалық мәліметтері)
4. Жалпы қан анализін, жалпы зәр анализін, биохимиялық қан анализін (АЛТ, АСТ, билирубин, глюкоза), ЭФГДС интерпретациялау
5.Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруы бар науқасты жүргізу тәсілі
«Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру» клиникалық жағдай бойынша
бағалау парағы (check-list)
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | Баллдар | ||
Дұрыс орындады | Ескертулермен орындады | Орындамады | ||
Шағымдарды жинау (негізгі және қосымша шағымдар) Шағымдарды нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? | 1,0 | 0,5 | ||
Ауру анамнезін жинау | 1,0 | 0,5 | ||
Анамнезді, соның ішінде жанұялық анамнезді айқындау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? | ||||
Физикальді қарау (терісін, шырышты қабаттарын және т.б.) | 1,0 | 0,5 | ||
Жүрек қан-тамыр жүйесі. Қарауды дұрыс жүргізу | 1,0 | 0,5 | ||
Іштің пальпациясы – беткей және терең | 1,0 | 0,5 | ||
Асқазан шекараларын анықтау | 1,0 | 0,5 | ||
Бауыр шекараларын анықтау | 1,0 | 0,5 | ||
Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу | 1,0 | 0,5 | ||
Лабораторлы – құралдық зерттеу жоспарын тағайындау | 1,0 | 0,5 | ||
Лабораторлы зерттеу – жалпы қан анализін, жалпы зәр анализін, биохимиялық қан анализін интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | ||
ЭКГ сараптама жасау | 1,0 | 0,5 | ||
ЭФГДС мәліметтерін интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | ||
Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу | 1,0 | 0,5 | ||
Емдеу тәсілін анықтау | 1,0 | 0,5 | ||
Өмір сүру және ем дәмді өзгерту бойынша ұсыныстар | 1,0 | 0,5 | ||
Базисті терапияны тағайындау | 1,0 | 0,5 | ||
1,0 | 0,5 | |||
Науқаспен коммуникация нәтижелілігі | ||||
Диагностикалық процесіне науқасты тарту Науқасқа кәсіби көзқараспен қарау | 1,0 | 0,5 | ||
баллдардың қорытындысы |
Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:
Сізге 45 жастағы ер адам қаралды. Ащы және майлы тағамдарды, сонымен қатар газдалған сусындарды, қара нанды, томаттарды қолданғанда пайда болатын қыжылға, кекіруге шағымданады. Қыжылдау жатқан қалыпта, кеудесін алдыға қарай еңкею кезінде күшееді. Сонымен қатар тағам қолданғанда кеуде артындағы күю және тұйылу сезімі мазалайды.
Сұрақ мәнісі | Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау | Жауабы |
Ауру сезімінің сипатын, оның орналасуын анықтау | Іштегі ауру сезімінің сипаты қандай: жедел, сыздаған, күю, ұстама тәрізді? Ауру сезімі іштің қай бөлігінде? | Төстің үштен бір бөлігінде, эпигастрий аймағындағы – күю сезімі |
Ауру сезімінің ұзақтығы | Эпигастрийдегі ауру сезімі қанша уақытқа созылады | Күю сезімі тағам қолданғананан кейін 20-30 минут мазалайды |
Іштегі ауру сезімінің иррадиациясы | Ауру сезімі тарала ма? | Жоқ |
Ауру сезімінің жұтумен және тамақпен байланысы | Тағамды қолдану кезінде ауру сезімі пайда бола ма? | Кейде тағамды жұтқан кезде |
«Түнгі» және «аштық» ауру сезімі | Түнде немесе аш қарынға ауру сезімі мазалайды ма? | Жоқ |
Ауру сезімінің физикалық жүктемемен байланысы | Физикалық жүктемеде ауру және күю сезімі пайда болады ма? | Жоқ |
Диспепсиялық белгілер | Кекіру, қыжылдау, құсу мазалайды ма? | Ия, қыжылдау, кекіру қатты мазалайды. Құсу болмайды. |
Нақты тамақтану тағамдарымен диспепсиялық белгілердің байланысы | Кекіру және қыжылдау қай кезде пайда болады? Кекіру және қыжылдау қандай тағамдарды қолданғанда күшееді? | Тағам қолданғаннан кейін кекіру және қыжылдау күшееді. Әсіресе, ащы, қышқыл, тұзды тағамдар, шоколад, қара нан, газдалған сусындарынан кейін. Сонымен қатар жатқан күйде, кеудені алдыға қарай еңкейту кезінде. |
Ауру сезімін және диспепсиялық белгілерді басу | Өз жағдайыңызды қандай дәрілермен жеңілдетесіз? | Алмагель және Ренни қабылдағаннан кейін қыжылдау басылады. |
Үлкен дәретінің сипаты | Іш қату, іш өтуге бейімділік бар ма? | Жоқ, үлкен дәретпен бәрі жақсы |
Ем дәм ерекшеліктері | Сіздің ас үлесіңізде қандай тағамдар жиі болады? | Мен майлы ет, палау, манты, гамбургерлер, қуырылған қартопты, шұжықтарды жақсы көремін. Күнделікті кока-кола, қою кофе ішем. |
Ішімдік | Сіз ішімдік қолданасыз ба? Қаншалықты жиі және қанша мөлшерде қолданасыз? | Қолданамын. Аптасына 3 рет 1 литр сыра қолданамын, аптасына 1-2 рет вино, кейде 2-3 бокал ішем. |
Темекі тарту | Сіз темекі тартасыз ба? Қанша жыл? Күніне қанша темекі тартасыз? | 15 жыл тартамын. Күніне 1 қорап темекі тартамын. |
Науқаста және туыстарында басқа да созылмалы аурулар | Сізде, туыстарыңызда АІЖ, бауырдың, жүректің созылмалы аурулары бар ма? | Жоқ |
Ауру анамнезінде: Ащы және майлы тағамдарды, сонымен қатар газдалған сусындар, алкогольді, қара нанды, томаттарды қолданғанда пайда болатын қыжылдау, кекіру 1,5 жыл мазалайды. Қыжылдау жатқан қалыпта, кеудесін алдыға қарай еңкею кезінде күшееді. Тағамды қолданғанда кеуде артындағы тұйылу сезімі және желінген тағаммен кекіру жиі байқалады. Дәрігерге қаралмаған, ем дәмді сақтағаннан кейін айтылған симптомдар жойылатын. Туылған күнін тойлағаннан кейін бірнеше күндей жағдайының нашарлауын анықтайды. Алмагель және Ренни қабылдағаннан кейін қыжылдау, тұйылу сезімі аздап басылды, кейін қайта пайда болды.
Ауру анамнезінде:
Созылмалы асқазан ішек жолдарының және бауырдың ауруларымен ауырған емес. Емөдәм анамнезі бойынша;Майлы ет, палау, манты, гамбургерлер, қуырылған қартопты, шұжықтарды жақсы көреді. Күнделікті кока-кола, қою кофе ішеді
Қолданамын. Аптасына 3 рет 1 литр сыра қолданамын, аптасына 1-2 рет вино, кейде 2-3 бокал ішеді.
15 жыл тбойы,күніне 1 қорап темекі тартады.
Объективті қарап тексергенде: Жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Бойы 176 см, салмағы 112 кг. Тері жабындылары таза, қалыпты түсте. ТЖ-16 рет минутына. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 74 рет мин. АҚ 120/80 мм сб.б. Тілі қызарған, ылғалды. 5 кариозды тісі бар. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры, көк бауыры ұлғаймаған. Үлкен дәреті таңертең болған, өзгеріссіз. Зәр шығаруы еркін, ауру сезімінсіз. Ісіктері жоқ.
ЖҚА: эритроциттер 4,5х1012, гемоглобин 141 г/л, ТК 1,0 лейкоциттер 6,2х109/л, с/я 62%, т/я – 2%, эозинофилдер 3%, лимфоциттер 28%, моноциттер 5%, ЭТЖ 3 мм/с. | ЖЗА: мөлшері 100,0 мл, салыстырмалы салмағы – 1023, түсі – сары лейкоциттер – 0-1 к/а. |
Биохимия: жалпы билирубин 12,7 ммоль/л, глюкоза – 4,5 ммоль/л АЛТ – 18 Ед/Л. АСТ – 14 Ед/л |
Өкпе қуысының рентгенографиясының қортындысықалыпты
ЭКГ қорытындысы:Ритм синусты, ЖЖЖ-80, ЖЭО-қалыпты.
ЭФГДС: Өңештің өтімділігі еркін, шырышты қабатының төменгі үштен бөлігі қызарған, ісінген, борпылдақ. Өңештің дистальді бөлігінде бірен-сараң майда нүктелі фибринмен қапталған эрозиялар анықталады. Кардиальді жом қызарған, ісінген, босаңсыған. Инсуффляция кезінде асқазан қатпарлары еркін ашылады. Асқазан кілегейі ал-қызыл. Асқазанда шамалы мөлшерде шырыш анықталады. Қақпа қалты еркін өтімді, ерекшеліксіз. Он екі елі ішек пиязшығының кілегейі ал-қызыл түсті.
«Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру»