Топырақ химиялық талдау зертханасының қауіпсіздік ережелері.

5.1Химиялық талдауға кірісер алдында жұмыс орнын мұқият дайындау керек. Жұмыс барысымен және қолданылатын химиялық реактивтердің қасиеттерімен танысып, титрлеу, сүзу, буландыру, күйдіру, және тағы басқа тәсілдерді орындау ережелерін еске түсіру керек.

5.2 Жұмыс істер алдында оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып танысу керек.

5.3 Концентрацияланған қышқылдар мен сілтілерді сумен араластырғанда қатты қызып кетеді. Сондықтан оларды сұйылту үшін аз-аздап суға құю керек. Егер қышқыл немесе сілтіден уүйіп қалған жағдайда тез арада киімнің күйген жерін 10-15 минут шамасында сумен жуу керек.

5.4 Күйіп немесе уланып қалмас үшін концентрацияланған қышқылдарды, сілтілерді, басқа өткір иісті химиялық реактивтерді автоматты тамшуырлармен, өлшеуірлермен, өлшегіш цилиндрлермен ауа сорғыш шкафтың астында өлшеу тиіс.

5.5 Белгісіз химиялық заттардың дәмін татуға немесе иіскеуге тиым салынады.

5.6 Өте сасық иісті, тұтанғыш және қопарылғыш заттармен жұмысты міндетті түрде ауа сорғыш шкаф астында жасау тиіс. Ауа сорғыш шкафтың ауа сору қарқындылығы 0,5 м/сек болуы тиіс. Күшәнді көміртекпен тотықтыру кезінде және басқа да улы заттарды тотықтыру кезінде ауа сорғыш шкафтың жылдамдығы 1 м/сек кем болмауы тиіс. Өте улы заттардың топырақ-химиялық зертханасында жұмыс жасағанда келесідей бағыттар анықталынады:

А) сүзгішті қыздыру арқылы сульфатты анықтау;

Б) ерітінділерді тотықтыру, құрамында қышқыл, аммиак, органикалық негіздеу;

В) топырақ үлгілерін қышқылмен өңдеу;

Г) аммиак, қышқыл, концентрленген сілтілі ерітінді және басқа да күйдіргіш заттардың төгілуі.

5.7 Ацетон, эфир, бензин сияқты заттарды оттан қорғалған жерде сақталу тиіс.

5.8 Өрт шығып кетпес үшін қыздырғыш құралдарды жұмыс жасап болғаннан соң тоқтан ажыратылуы тиіс.

5.9 Жұмыс істеу кезінде химиялық құрғақ реактивтерді жай қолмен алуға болмайды. Оларды арнайы құралдарды (қалақша, қасық) пайдалану керек.

5.10 Химиялық ерітіндінің немесе құрғақ заттардың түйіршіктері көзге шашыраған кезде, көзді дереу сумен жуып дәрігерге көріну керек.

5.11 Химиялық ерітінділерді тотықтырғанда арнайы қышдылықты ұстайтын киіммен жұмыс және арнайы көзілдірік, резинкалық қолғап болуы тиіс.

5.12 Жарылғыш немесе қопарылғыш заттармен жұмыс жасаған арнайы қорғаныштық көзілдірік болуы керек.

5.13 Жұмыс барысында спирт нашатырын жасаған кезде химиялық ыдыстың көлемі 0,25 л кем болмауы тиіс.

5.14 Күкірт қышқылды салқын сумен араластырғанда тамызу арқылы араластырып отыру қажет. Суды күкірт қышқыл үстіне қосуға тиым салынады, себебі оның шашырауына әкеліп соқтырады.

5.15 Концентрленген қышқыл мен сілтіні және таға басқа улы заттарды пипетка арқылы ауызбен соруға тиым салынады.

5.16 Улы заттармен жұмыс жасап болғаннан кейін мұқият жуып тазалап сақтық шараларын қолдану керек.

5.17 Улы газдармен жұмыс жасау үстінде сорғыш шкафтың істен шықса жұмысты дереу тоқтату тиіс.

5.18 Зертханалық жұмыстарда міндетті түрде халат болуы тиіс.

Рт қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар.

Жалпы талаптар.

1.1 Мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің бұйрығымен енгізілген «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі жөніндегі Ережелеріндегі» және осы нұсқаулықта бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарын сақталуға тиіс.

1.2 Өрт қауіпсіздігі Ережелерін және осы нұсқаулық талаптарын бұзған тұлғалар қолданып жүрген заңнамаға сәйкес қылмыстық, әкімшілік, тәптіптік немесе басқа да жауапкершілікке тартылады.

1.3 Мекеменің барлық қызметкерлері тек өртке қарсы нұсқаулық тақырыптарын өткеннен кейін жұмысқа кірісе алады.

1.4 Ғимарат пен бөлмелердің өрт қауіпсіздігі үшін жауаптыны мекеме басшысы бұйрық шығару арқылы тағайындайды.

1.5 обьектілерде өрттің алдын алу және өртпен күресу жұмыстарына мекеме қызметкерлерін жұмылдыру үшін өрттік техникалық комиссиялар мен ерікті өртке қарсы жасақшылырдың құрылуы мүмкін.

1.6 Мекеменің және оның құрылымдық бөлмшелеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке жауапкершілік, қолднылып жүрген заңнамаға сәйкес, басшылықтарға жүктеледі.

Наши рекомендации