Еш рагының метастаздану ерекшеліктері

Лимфогендік жол:

- Өңештің мойындық, жоғарғы кеуделік бөлігіндегі рак бұғананың асты мен үстіндегі, кеңірдек жағалауындағы лимфалық түйіндерге метастаз береді;

- Өңештің орта бөлігіндегі рак жүрек қабы, қолқа, кеңірдек айырығындағы лимфалық түйіндерге метастаз береді;

- Өңештің төменгі кеуделік және іш құрсақтық бөлігіндегі рак төменгі өкпе байламы, қолқа тамыр жағалауына, сол жақ асқазан артериясы бойына метастаз береді.

Өңештің шырышты қабаты астымен, өңеш бойын қуалай өскен рактың метастаздары ісіктің негізгі ошағынан жоғары және төмен 4-6 см қашықтыққа дейін шырыш асты қабатынан тарайды.

Қан тамырлық жолмен метастаздар бауыр, өкпе, бүйрекке жиі тарайды.

Еш рагының метастаздану ерекшеліктері - student2.ru

Емі:

Льюис әдісі: ішті жарып, іш қуысындағы мүшелердің жағдайын тексеріп (ревизия), асқазанды, байламдарынан босатып,оң асқазан және асқазан шарбы артериясын сақтай отырып, оны жоғары кеуде қуысына, көк ет тесігін кеңейту арқылы, көтеріп, өңештің жоғарғы кесілген ұшымен жалғастырады.

Гарлок әдісі: сол жақтың VІІ- қабырға аралығынан кеуде қуысы жарылады, өңештің ортаңғы бөлігі зақымданған жерден сылынады, сөйтіп қалған өңеш қалдығы (жоғары бөлігі) және диафрагма тесігі арқылы жоғары көтерілген асқазан, бір-бірімен аортаның доғасы деңгейінде және одан сәл жоғары жерінде жалғанады.

Савиных әдісі: ішті жарып, көк етті тіке кесіп (дифрагматомия),өңештің ортаңғы бөлігі іш қуысы арқылы жолмен сылынады да, жоғары бөлігі мойын арқылы ортаңғы кеуде аралығында жіңішке ішекпен жалғасады.

Гаврилиу әдісі: асқазанның үлкен иінінен түтікше жасалынады Түтікшенің ұзындығы кардий ден басталып, пилорусқа сәл жетпей жасалады да, оныкөк ет тесігі арқылы өткізіп, өңеш қалдығымен жалғайды.

Асқазан рагының метастаздану ерекшеліктері:

Лимфа жүйесі арқылырактың таралуы туралы ең қарапайым кестені А.В. Мельников ұсынған. Бұл кесте бойынша асқазан рагындағы лимфа жүйесі 4 бассейннен тұрады.

1- лимфа ағым бассейнді бағыты – ол асқазанның үлкен иірім жағындағы пилоро-антральды бөлігінен жиналады, 1- этапта, бөгелме ісік - асқазан мен көлденең тоқ ішек байламының ішінде, үлкен иірімді бойлап, асқазан қақпасында, 2- этапта – ұйқы безінің төменгі қырындағы, асқазан қақпасының артында, 3- этапта – ащы ішектің шажырқай байламының ішінде, 4- этапта – іш перденің артындағы лимфа бездерінде орналасады. Асқазанға радикальды операция жасау кезінде, осы көрсетілген кесте бойынша, 1- және 2- этаптағы лимфа бездерін алуға болады, ал 3- және 4- этаптағыларындағы лимфа түйіндерін сылып алуға мүмкіндік болмайды, сондықтан радикалды операция жасалынбайды.

2- лимфа ағым бассейнді бағыты –асқазанның кіші иірім жағындағы пилоро-антральды бөлігі мен оған жақын асқазан денесінен шыққан лимфа жүйелеріжатады. Оның 1- этаптағы бөгелме ісік пайда болатын жері асқазан қақпасының артында орналасқан бездер, 2- этап тағысы – кіші шарбы май ішінде, кіші иірімнің төменгі бөлігінде, асқазан қақпасы мен он екі елі ішек артында орналасқандар, 3- этаптағы бөгелме ісіктер,бауыр мен он екі елі ішектің байламасының ішіндегілері, ал 4- этаптағысы – бауыр қақпасында орналасқан бөгелме ісіктер. Соңғы екі этаптағы орналасқан бөгелме ісіктерді сылу, тәжрибе жүзінде өте қиын іс, сондықтан субтотальді резекция жасағанда, бұл бағыттағы зақымданған лимфа бездердің 1- және 2- этаптағысын ғана сылуға болады.

3- негізгі лимфа ағым бассейнді бағыты –ең кең көлемдегі лимфа жүйесін құрайды. Бұл бассейн - асқазан мен ұйқы безі байламындағы, сол асқазан артериясының бойындағы, асқазанның кіші иірім жағындағы денесі мен асқазанның алдыңғы және артқы қабаты мен кардий бөлігінен және де, өңештің іш қуыс жақтағы бөлігіненжиналатын лимфа жүйесі мен бездері,Оның 1- этаптағы бөгелме ісік пайда болатын жері – тізбектелген кіші иірім жағындағы, кіші шарбы май тіндерінің ішінде орналасқан бездері. Оның жоғарғы 1/3 бірінде орналасқан бездерді паракардиалды бездер дейді, олар асқазанның кардий бөлігі ракпен зақымдалғанда бірінші ретте осыларға бөгелме ісіктерді береді. 2- этаптағысы – сол жағындағы асқазан артериясының айналасында орналасқан бездер. 3- этаптағысы – ұйқы безінің жоғарғы қырында орналасқан бездер. 4- этаптағысы – көк еттің асты мен үстіндегі өңеш аналасындағы тіндерде орналасқан бездер. Осы аталған бассейіндегі бездерді асқазанның жоғарғы бөлігіне резекция жасау кезінде және оны толық сылып алуда, бүл бездерді толық түгел алуға болады.

4- лимфа ағым бассейнді бағытына –асқазанның тік бағыттағы үлкен иіріміндегі бөлігі мен оған жақын жатқан алдыңғы және артқы қабатынан, оған қоса асқазан күмбезінен жиналатын лимфа жүйелері жатады. Бұл бағыттағы бөгелме ісік орналасатын 1- этаптағы лимфа бездері – асқазан мен көлденең тоқ ішек байламының ішінде орналасады. 2- этапта – асқазанның қысқа артериясының бойында жатқан бездер, ал 3- мен 4- этаптағысы – көк бауырда орналасқандары.

Ауру даму барысына лимфа түйіндерінде метастаздар болуы айтарлықтай әсер етеді. Лимфодиссекцияны орындау процедураның негізгі принциптерін сақтауды және хирург тәжірибесі болуын талап етеді. Тек қана перигастрий лимфа түйіндерін алып тастау D1 терминімен белгіленеді.

D2 лимфодиссекциясы құрсақ сабауы, жалпы бауыр және көкбауыр артариялары, көкбауыр қақпасы лимфа түйіндерін алып тастауды талап етеді.

Ұйқы безі рагының таралу жолдары:

1. Ісіктің көрші тіндерге жабыса таралуы (жалпы өт жолы, асқазан, ұлтабар, бауыр);

2. Лимфогенді метастаздары перипанкреатикалық, парааортальдық, мезентериальдық лимфа түйіндеріне таралады;

3. Гематогендік метастаздары қақпа венасы арқылы бауырға, өкпеге, сүйектерге таралады;

4. Периневральдық кеңістік арқылы таралуы да сирек емес.

Наши рекомендации