ФхтӘ топырақты агрохимиялық талдауда пайдалану

Топырақты агрохимиялық талдаудың негізгі мәселелері: а) өсімдіктердің қоректік заттармен қамтамасыздығын қадағалау және тыңайтқыштардың қажеттігін анықтау;

ә)топырақ түрлерінің тыңайтқыш қолдануда қоятын талаптарын және топырақтың жұту қабілетін, орта реакциясын, сортаңдығын ескере отырып, химиялық мелиорация жүргізу; б)топырақтағы қоректену элементтерінің динамикасын байқау;

в)тыңайтқыштың және пестицидтердің топырақпен әрекеттесу үрдісін зерттеу.

ФХТӘ тыңайтқыштарды агрохимиялық талдауда пайдалану. Тыңайтқыштарға агрохимиялық талдау жүргізгенде мыналарды анықтайды: а) жергілікті органикалық тыңайтқыштардың сапасын; ә) өнеркәсіптік минералдық тыңайтқыштағы қоректік заттардың шамасын және олардың стандартқа сәйкестігін; б) тыңайтқыштағы қоректік заттардың өсімдікке жетуін және сол заттардың топырақтағы айналымын.

.Эмиссиялық спектрлік талдаудегеніміз қозған атомдар немесе молекулалардың спектрлері бойынша заттың химиялық құрамын анықтайтын физикалық әдіс. Атомдар мен молекулаларды жанарғы жалынымен, электрлік доғамен немесе ұшқынмен қоздыруға болады.Осы әдіспен алынған сәулені оптикалық аспаптың призмасымен немесе дифракциялық тормен спектрге ыдыратады да, фотопластинкада немесе фотоэлементте тіркеледі.Эмиссиялық спектрдің 3 түрі белгілі: сызықтық, жолақтық және үздіксіз.Сызықтық спектрлерді шоқтанған газдар мен будың атомдары және иондары шығарады. Жолақтық спектрлерді шоқтанған молекулалардың булары береді.Үздіксіз спектрлер шоқтанған сұйық және қатты денелерден шығады. Спектр дегеніміздің өзі толқын ұзындығы бойынша реттелген сәуле.

Эмиссиялық спектрлік талдаудың теориялық негізі.Спектрлік талдауды 1860 ж Кирхгоф пен Бунзен ашқан. Спектр- лер теориясы қазіргі заманғы атом құрылысы теориясының негізін қала- ды. Атом құрылысын ашпай тұрып-ақ атомның құрамындағы электрон қозғалысы газ бөлшектерінің қозғалысынан басқа заңдарға бағынатыны айқын еді.Спектрлік сызықтың сипаты газ молекулалары энергиясының өзгеруіндей емес, электрон энергиясының өзгеруі жеке кванттар арқылы жүретінін көрсетті. Спектрлер теориясын зеттеу Н.Борды атомның кванттық теориясын ашуға итерді. Бұл теория бойынша электронның бір энергетикалық деңгейінен Е1-ден келесі Е2 деңгейге ауысуы энергияның кейбір тұрақты шамаға еселі мөлшермен ғана өзгеру шартында мүмкін: Е 1 – Е2 = h ν.Кванттық теорияның негізгі қағидасы болып келетіні электрон энергиясының деңгей санының шектеулі болуы. Және де энергетикалық деңгейлердің әрбіреуі бас квант санының белгілі бір функциясы болып келеді.

Электрохимиялық және полярографиялық талдау әдістері. Әдістер теориясы

Электрохимияэлектрлік энергия мен химиялық реакциялар арасындағы өзара байланысты зерттейді. Бұл әдісте өзара қосылып тұратын электродтар мен электролиттерден тұратын электролиттік ұяшықты пайдаланады.

Электрохимиялық әдістер екі топқа бөлінеді: I топты потенциомет- рия және потенциометрлік титрлеу (гальваникалық элементтер) құрайды. II топқа электролиттік ұяшықты пайдаланатын әдістерді (электрогравиметрия, кулонометрия, вольтамперометрия) жатқызады.

4. Полярографиялықәдісвольтамперометрияәдістертобынажатады. Бұләдісті 1922 жылы чех ғалымыЯ.Гейровскийұсынған. Әдістіңаты электролит ерітінділерарқылыэлектртоғынжібергендеполюстенуүрдістеріжүруіменбайланысты. Классикалықполярографиялықәдістеәдеттесынаптықтамшылықэлектродтықолданады. Олмынажағдайменбайланысты:

1. Үлкен мөлшерлі катодқа қарағанда катодта тоқ тығыздығы өте жоғары, ол барып полярографияға тән тоқ күшінің сыртқы кернеуден тәуелділігін себептейді.

2. Сынап тамшысында Н+ иондары үлкенірек кернеумен тотықсызда- нады, ол жағдай сутегінің сол жағындағы металдарды да, тіптен сілтілікжәне жерсілтілік металдарды полюстендіріп жіберуге мүмкіншілік береді.

3. Тамшылық электродтың беті ұдайы жаңарып отырады, соның салдарынан полярографиялық қисықтардың ұдайылығы қамтамасыз етіледі.

Наши рекомендации