Тақырып 15. аралық бақылау

Бақылау сұрақтары:

1.Оптикалық айналу заттардың ... қасиетін сипаттайды.

a. поляризацияланған жарықтың поляризация жазықтығын бұру

b. көрінетін аймақта электромагнитті сәулені жұту

c. ерітінді арқылы өткен жарық сәулесінің сыну

d. УК аймақта электромагнитті сәулені жұту

e. ИҚ аймақта электромагнитті сәулені жұту

2.Оптикалық айналу шамасын өлшеу үшін ... қолданылады.

a. поляриметр

b. рефрактометр

c. потенциометр

d. фотометр

e. вискозиметр

3.Сыну көрсеткішін өлшеу үшін ... қолданылады.

a. рефрактометр

b. поляриметр

c. потенциометр

d. фотометр

e. вискозиметр

4. Зат арқылы тура сызықты поляризацияланған жарық өткенде заттың поляризация жазықтығын бұру қабілеті молекуласындағы ... байланысты.

a. асимметриялық көміртегі атомына

b. біріншілік азот атомына

c. екіншілік азот атомына

d. қабысқан қос байланысқа

e. азот, оттегі, күкірт гетероатомына

5.Тура сызықты поляризацияланған жарық зат арқылы өткенде оның поляризация жазықтығын бұру қабілеті ... әдісіне негізделген.

a. поляриметрия

b. рефрактометрия

c. фотометрия

d. полярография

e. потенциометрия

6.Ионалмасу хроматографиясында иондарды хроматографиялық бөлу ... жүргізіледі.

a. ионалмасу колонкасында

b. бюреткада

c. сүзгі қондырғыда

d. хроматографиялық пластинкада

e. хроматографиялық камерада

7.ИҚ-спектроскопия көмегімен ... анықтауға болады.

a. қосылыстың құрылымын

b. физикалық константасын

c. сандық талдауын

d. ристалдардың түрі мен өлшемін

e. фазалық ауысулар температурасын

8.Кейбір толқын ұзындықтарында сәулені шығару және бөлшекті немесе толық жұтатын қабілеті бар қондырғы ... деп аталады.

a. светофильтр

b. елек

c. полихроматор

d. спектрограф

e. спектрофотометр

9.Спектрдің кең бөлігінен толқын ұзындығының жіңішке жолақтарын бөлетін прибор ... деп аталады.

a. монохроматор

b. спектроскоп

c. спектрофотометр

d. елек

e. полихроматор

10.Монохроматор, сәулелену көзі және фотоэлектронды детектордан тұратын прибор ... деп аталады.

a. спектрофотометр

b. потенциометр

c. поляриметр

d. рефрактометр

e. хроматограф

11. Хроматография – бұл … .

a. сорбент қабаты бойымен қозғалып, газдар немесе сұйықтардың күрделі құрамын жеке компоненттерге бөлетін талдау әдісі

b. күрделі қоспаларды жеке компоненттерге ерігіштігі бойынша бөлу процесі

c. талданатын заттың гидролитикалық ыдырау процесі

d. қоспалардың қышқылмен ыдырау процесі

e. күрделі қоспалардың тұнбаға түсу және сүзу процесі

12.Жүйенің агрегаттық жағдайына байланысты бөлінетін хроматография-лық талдау әдісі ... деп аталады.

a. газды

b. ионалмасу

c. колонкалы

d. капиллярлы

e. жұқа қабатты

13.Жүйенің агрегаттық жағдайына байланысты бөлінетін хроматография-лық талдау әдісі ... хроматография деп аталады.

a. сұйықтық

b. ионоалмасу

c. колонкалы

d. капиллярлы

e. жұқа қабатты

14.Хроматографиялық талдау әдісін жүргізілу түріне байланысты ... хроматография деп бөледі.

a. колонкалы

b. сұйықтық

c. таралатын

d. ионалмасу

e. газды

15.Хроматографиялық талдау әдісін жүргізілу түріне байланысты ... хроматография деп бөледі.

a. жазықтық

b. сұйықтық

c. таралатын

d. ионалмасу

e. газды

16.Талданатын заттың рН көрсеткішін өлшеу үшін ... қолданылады.

a. потенциометр

b. рефрактометр

c. колориметр

d. фотометр

e. вискозиметр

17.Талданатын заттың рН көрсеткішін өлшеу үшін ... қолданылады.

a. ионометр

b. рефрактометр

c. колориметр

d. фотометр

e. вискозиметр

18.Талданатын заттың рН көрсеткішін өлшеу үшін ... қолданылады.

a. вольтметр

b. рефрактометр

c. колориметр

d. фотометр

e. вискозиметр

19. Бейтараптау реакциясына негізделген потенциометриялық титрлеу кезінде индикаторлы электрод ретінде ... қолданылады.

a. шыны

b. күміс

c. сынап

d. платина

e. каломель

20.Тұнбаға түсу реакциясына негізделген потенциометриялық титрлеу кезінде индикаторлы электрод ретінде ... қолданылады.

a. күміс және сульфид-күміс

b. шыны және күміс

c. сынап және шыны

d. платина және сынап

e. каломель және шыны

21.Микроэлектродта талданатын зат ерітіндісінің электролизі кезінде пайда болатын ток күшін өлшеуге негізделген электрохимиялық талдау әдісі ... деп аталады.

a. полярография

b. электрофорез

c. потенциометрия

d. рефрактометрия

e. амперометрия

22.Полярография әдісі көмегімен заттардың ... қабілеті сипатталады.

a. электрототықсыздану және электрототығу

b. кешен түзу

c. нуклеофильді орынбасу

d. гидролитикалық ыдырау

e. электрофильді орынбасу

23.Полярографиялық әдісте микроэлектрод ретінде ... қолданылады.

a. сынапты тамшылағыш

b. сульфид-күміс

c. платина

d. хлоркүміс

e. каломель

Наши рекомендации