Химиялық бақылау
Бау бақша өсірушілердің басым бөлігі химиялық тыңайтқыштарды емес көңді пайдаланғанды жөн көреді. Өкінішке орай химияны сирек жағдайларда ғана қолданбаймыз. Оларды байқап қолдану қажет. Гербицидтарды (арам шөптерді өлтіретін химиялық улы зат) бірақ рет пайдаланыңыз, оның өзінде де басқа амал жоқ болса ғана. Егер сіз химиялық уларды қолдансаңыз, онда дүкенде сатылатын жеміс пен көкөністерден қандай айырмашылығы бар?
Химиялық уларды қолданардан бұрын ыдыстың сыртында жазылған нұсқаумен танысыңыз, білетін маманнан кеңес алыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыз. Химиялық уларды, дәрілерді, тыңайтқыштарды қараусыз тастап кетпеңіз.
АУА РАЙЫМЕН ШЫРҒАЛАҢ
Біз ауа райын қалауымызша таңдап ала алмаймыз, бірақ келеңсіз жәйттарын азайта аламыз.
Жел
Жел ағаштарды, бұталарды сындырып дауыл түрінде болуы мүмкін. Аңызақ ыстық жел жапырақтарды кептіріп жіберсе, суық желдің әсерінен өліп те қалады.
Жел өнімді де төмендетіп жібереді, бау бақшада жұмыс істеуге бөгет жасайды, онсыз да ауыр жұмысты тіптен қиындатып жібереді. Қатты желдің зиянды әсерін тізіп жаза беруге болады, сөйткенмен де оны бәсеңдетуге болады. Соның біреуі - биік қоршау. Қоршау желдің екпінін бәсеңдетеді, бірақта қоршаудың үстіңгі жағындағы пайда болған құйын қатты желден де әрман зиянды болуы мүмкін. Кей кезде жалпы бітеу қорғанның орнына арнайы тормен де қоршауға болады. Бірақ мұны жақсылап бекіту керек, себебі желкен сияқты желдің қатты қысымына төтеп беруі керек.
Қоршау биіктігіне байланысты, өзінен он есе артық ұзындықты қорғайды. Басқаша айтсақ қоршаудың биіктігі 2 метр болса, оның түбінен бастап 20 метр қашықтық аралығы жел соқпайтын тыныш алқап болады. Құйын пайда болмас үшін екі қабат қоршау жасаңыз, ең дұрысы жоғарыда айтылғандай тірі қоршау итмұрыннан, таңқурайдан, қарағаштан, жидек ағашынан т.б. өз жерлеріңізде өсетін тікені бар бұталардан қоршау егіп қойсаңыз дұрысы осы және мұндай тірі қоршауда құйын пайда болмайды.
Қара суық
Қыстағы суықтан - қара суықтың айырмашылығы ауаның температурасының кенеттен суып кетуі. Қара суық жас өскін мен жаңадан егілген көшеттерді өлтіріп жібереді.
Қыстамаға санаулы өсімдіктер ғана қалатындықтан қысқы суықтың зиянды әсері онша емес. Көпшілік аймақтарда қыстайтын көп жылдық өсімдіктерді (жүзім, артишок) қосымша сабан, шөп жауып т.б. жылылайды.
Қара суық көктемде кетпей, көктемнің шығуын кешеуілдетіп тұрып алса жағдайдың жаман болғаны. Көпжылдық өсімдіктер өсе алмай, дихандар уақтында себе алмай әуре сарсаңға түседі. Егер сіздің аулаңыздағы жердің топырағы жылымай қойса, онда жеріңіз суық ойпаңда орналасқан. Ол үшін бау бақшаңыздың қоршауының ең төменгі жағынан тесік тесіп қойыңыз. Сол кезде суық ауа еңіспен кетіп қалады. Екінші амал - қара түсті полиэтилен пленкасымен егетін жер аумағыңызды түгелдей жауып тастаңыз. Осы кезде қара түс физиканың заңы бойынша өзіне күн сәулесін жұтып жеріңізді жылытатын болады. Үшінші әдіс – түтін салу. Ол үшін арасын 8 – 9 метрден ескі сабан, қоқыс т.б. жинап бықсытып қара суық кеткенше жаға беріңіз, сол кезде алма, өрік т.б жеміс ағаштарыңыз бен ерте еккен көкөністеріңіз аман қалады. Төртінші әдіс – еккен қызанақ, бұрыштарды кәдімгі газетпен жауып, қағаздан қалпақ жасап, синтетикалық пленкаларды жауып аман алып қалуға болады. Синтетикалық пленкалардың ерекшелігі оларды күндіз де жауып қоюға болады, себебі газет сияқты емес күн сәулесін өткізе береді және балауса өскіндерді сындырмайды, тасымалға өте жеңіл.
Құрғақшылық
Құрғақшылықта өсімдіктің осы жағдайға бейімделген тікен жапырақты түрлері ғана өсе алады. Қалыпты өсу үшін егілетін өсімдіктерге белгілі мөлшерде ылғал қажет. Өзіне керекті мөлшерде суды ала алмаған жағдайда олар нашар өсіп – дамиды, кейбіреуі тез пісіп тұқым береді. Осының бәрі жақсы өнім, сапалы жеміс бермейді.
Ылғалдың қоры
Осы кітапта көңнің топырақ құрамын жақсартуда, мол өнім алуда алатын маңызды орнын бірнеше рет қайталап өттік. Топырақта ылғал сақтау үшін көң шаш деп кеңес береміз. Егер су төмен түсіп кетсе, не буланып ұшып кетсе топырақ құрғап кетеді. Бірақта көңмен бірге тамырдың жанына барған талшықтар суды сорғыш сияқты ұстап қалады. Кей кездерде артық судың да жиналып қалатын кездері болады. Жеміс ағаштарының түбіне қалың көң шашып қойсаңыз, оларды суғармасаңыз да ол жаңбырдың да суын жинап алып, өсімдік біртіндеп керегінше пайдалана береді.
Топыраққа көңді көп мөлшерде сіңіруге тырысыңыз, сонда құрғақшылық жылы да сізде мол өнім болады. Көңді жер қазғанда да, арық шығарғанда да салыңыз. Егер мұндай мүмкіншілік жоқ болса көңді қалың қылып топырақтың бетіне шашып тастаңыз. Егер осыны үзбей тұрақты түрде жасап отырсаңыз топырақтың құнары артады және ылғал қорын жинау қабілетіне ие болады. Ыстық күн мен аңызақ жел топырақты біршама тереңдікке дейін құрғатып жібереді.
Топырақтың ылғал сақтауын үнемі бірқалыпта ұстау үшін полиэтиленді пленкамен жауып қойыңыз, сонда ылғал көп буланып ұшпайды. Ал жаңадан жұлынған шөптің қалыңдығын 7,5 см асырмаңыз, әйтпесе өсімдігіңіз «жанып» кетеді. Жаңадан жұлынған шөп те біркелкі шашып қойсаңыз ылғалды жақсы сақтайды.
Көң шашып ылғал сақтау – ылғал сақтаудың ең дұрыс та тиімді әдісі. Біріншіден – топырақтың кебуіне кедергі, екіншіден – табылмайтын тыңайтқыш. Сондай – ақ көң топырақтың «термосы», оны қыздырып та, суытып та жібермейді. Топырақты пленка жаппас және көң, шөп шашпас бұрын қандыра суғарып алыңыз. Егер құрғақ болса, осы құрғақ қалпында қалып қалады.
Суғару
Суғару арзан емес, кейбір аймақтарда қымбаттап келеді. Сондықтан да суды үнемді пайдаланыңыз. Өсімдік жоқ жүретін жолдар, жарамсыз жерлерге су шығындамауға тырысыңыз. Егер күшіңіз жетіп, уақытыңыз бар болса қол суқұйғышымен суғарыңыз. Бұл жағдайда әр өсімдіктің, әр гүлдің түбіне нақтап су құя аласыз. Сіз суды үнемдеп керекті жерді ғана суғарасыз. Жаңбырлатқыш пен шланг қолмен суғаруға келмейтін үлкен аумақты жерге керек.
Суғарудың жақсы бір әдісі тамшылатып суғару. Өсімдік қатары бойымен тесіктері бар құбырша (труба не шланг) тартады. Су осының ішімен ақырын ағып, тесіктерден өсімдіктердің тамырына тамшылап тұрады. Бұл аз көрінгенімен тұрақты түрде тамшылыған су қалыпты ылғалды ұстап тұрады. Егер сіз ылғалды пленкамен ұстағыңыз келсе құбырды астына жіберіңіз. Осыны тұрақты және уақытша жинамалы түрде де жасауға болады. Онда шлангілерді бірнеше сағатқа ғана қолданасыз. Бұл әдіс көпжылдық шөптерді, жеміс ағаштарын, бұталарды суғаруға қолайлы.
Қандай әдіс қолдансаңыз да ең бастысы топырақта ылғал жеткілікті болып, артық су шаймаса, жиналмаса болғаны. Жақсы суғарылған жер 25 см тереңдік жерге сіңіп жауған жаңбырға теңеседі. Жауынның 1 см жерге сіңіуі 1 гектар алқапқа 10 м3 (метр куб) сіңген суға тең.