Аныққан су температурасының қысымға тәуелділігі
Қысым кгс/см | Температура,С |
0,5 | 112,7 119,6 132,9 151,1 |
Стерилизатор 3 цилиндрден тұрады бірінші (сыртқы) цилиндр қаптама деп аталады.Ол стерилизатордың бу қазанының зақымдалудан , ал қызмет көрсетуші персоналды техника қауіпсіздігінен сақтайды, себебі су-бу камерасының қабырғалары өте жоғары температурада болады.Екінші (ортанғы)цилиндр-стерилизатордың негізгі бөлігі,су-бу камерасы деп и аталады.
Ол жоғарғы сапалы құрыштан жасалынады және судан бу алуға арналаған.Үшінші (ішкі)цилиндр стерилизациялық камера деп аталынады.Ол- стерильденетін материалды алуға арналған.Стерилизациялық камераның жоғарға бөлігінде бу өтетін саңылаулар орналасқан.Сонымен қатар, саңылауларстерильденетін материал ылғалданбауы үшін(бу су бөлшектерін іліп әкеледі) су тамшыларын будан бөліп отыратын сепаратор рөлін атқарады.Резенке төсеніші және орталық қысқышы бар қалпақ су-бу камерасын тас етіпе жабуға арналған.Осы қақпақ арқылы стерильденетін материалды тиейді.Стерилизациялық камераға бу, ішінде электрқыздырғыш элементтері бар қазаннан немесе су-бу камерасынан түседі.Камера тазартылған сумен воронка арқылы толтырылады.Қазанға судың толтырылуы, су деңгейін көрсететін шыны арқылы қадағаланады.
Қысым астындағы стерилизаторлар электрконтактілі монометрмен,моновакууметрмен, су ағынды эжектормен,насоспен және қорғағыш клапанмен жабдықталған.Электрконтактілі монометр берілген қысымды автоматты түрде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.Моновакууметр стерилизациялық камерадағы қысымды бақылауға арналған.Су ағымды электор әр стерилизациядан кейін, буды тез сорып алуға арналған.Стерилизациялық кғамерада вакуумды тудыру және стерильденетін метериалдарды кептіру,фильтрлерді (қағаз), мақтаны және т.б стерильдеуге өте маңызды. Сақтандырғыш клапан стерилизаторды ондағы бу қысымы артық көтерілуден сақтайды.Егер бу қысымы рұқсат етілген жұмыс қысымынан жоғары болса, онда сақтандырғыш клапан автоматты түрде көтеріліп,артық бу бөлігін шығарып, қысымды төмендетеді.
Берілген қысым және температура автоматты түрде реттеліп тұратын булы стерилизаторларын дәріханада қолдану қолайлы.
Кейінгі жылдары стерильдейтін объектілерді салқындататын бу стерилизаторлары: ГК-100 (дөңгелек горизонталды) және ГП-400 (төртбұрышты горизонталды) шығарылған.Горизонталды бу стерилизаторы ГК-100 максимальды бу қысымы 2 кг/см жұмысқа есептелген.Оның негізгі бөліктері: стерилизациялық және су-бу камерасы, электрқыздырғыш элементтерімен бу түзгіш, қысымға қарсы ауалық жүйе.
ГП-400 бу стерилизаторы төменгі бөлігіндебу түзгіш-қазан, жоғары бөлігінде – горизонталды орналасқан стерилизациялық камера,штурвалдан орталық ысырма арқылы жабылатын есіктен тұратын төрт бұрышты шкаф.Стерилизатор, кабельмен жалғанған, басқару электр жүйесі арқылы жүргізіледі.
ГП-280 бу стерилизаторы автоматты циклда,(ұзақтылығы әр 20 минуттен 30 минутқа дейін) және стерилизациялық камерада бу қысымының (1,1-2 кгс/см) әртүрлілігімен ажыратылатын, төртстерильдеу тәртібінде жұмыс істейді. Стерилизатор стерилизациялық камерадан, бу генераторынан , электр насостан және электр жүйесінен тұрады. Камераның
есігі орталық ысырмамен және камера ішінде артықартық қысым бпр кезде оны ашылып кетуден сақтайтын,мембрандық қоршауымен жабдықталған.
Аппаратты стерилизацияға дайындау су-бу камерасын сумен толтырумен басталады.Осы кезде кран, вентиль және стерилизатордың қақпағы ашық болуы керек.Стерилизациялық камераны тиеген соң,болттар мен қысыпстерилизатор қақпағын жабады.Барлық вентильдер мен крандар жабылған болуы керек. Содаң соң монометрде автоматты реттеліп тұратын қысым ауытқуын орнатады.
Жұмыс алдында стерилизатордан ауаны түгел шығарып жіберу керек. Ол үшін стерилизатор ашық кранмен қыздырылады және 10-15 минуттан кейін бу ағымы қатты болған кезде, кранды жабады.
Стерильдеу уақыты, стерильдеу кезінде автоматты түрде реттеліп тұратын, берілген қысымды орнатқан кезден бастап саналады. Стерилизация аяқталған соң вентильді ашып, бу мен конденсатты өткізеді, монометр стрелкасы «0» болған кезде,стерилизациялықкамераның қақпағын ашып, жүктен босатады.
Қызметкер стерилизаторының құрылысын білуі керек және техника қауіпсізідгі бойынша ережелерді қатаң сақтауы керек. Стерилизатормен жұмыс істеуге, жасы 18-ге толға, алдын-ала медициналық байқаудан, курстық оқудан, біліктілік комиссияның аттестациясынан және стерилизаторларға қауіпсіз қызмет көрсетуден өткен адам ғана жіберіледі.
Қолданылуы:
1.Стерильдеудің бұл әдісі суды және дәрілік заттардың сулы ерітінділерін стерильдеуге қолданады. Температура 120+2 С стерильдеу уақыты дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттеріне және ерітінді көлеміне байланысты жүргізіледі.(кесте 19).Суды және сулы ертінділерді стерильдеу герметикалық тығындалған және алдын-ала стерильденген флакондарда жүргізіледі.