Туберкулездiң алдын алу ережелерi
1. Бұл Ереже Манту сынамасымен БЦЖ вакцинасының қолдануын реттейді.
2. Бұл нұсқауда төмендегi түсiнiктер қолданылады:
1) туберкулин-автоклавты сүзiндi, туберкулез микробактериясының өмiр сүру нәтижесiнiң өнiмi;
2) Манту сынамасы -өзiндiк анықтамалы әдiс, Манту туберкулиндi сынағы терi iшiне егiлетiн екі, халықаралық туберкулиндi бiрлiгiмен (бұдан әрi - ТЕ) енген;
3) ППД-Л - қалыпты үлгiде араластырылған дайын туберкулиннiң тазартылған түрi;
4) ТМБ – тубкркулез микробактериясы.
3. Қолдану мақсаты:
1) ТМБiн алғаш жұқтырған және туберкуленге гиперергиялы тоғысуы бар адамдарды анықтау;
2) Туберкулезге қарсы вакцина егу және БЦЖ ревакцинасына жасау үшiн адамдарды iрiктеу;
3) Туберкулезге шалдыққан адамды ерте анықтау.
4. Манту сынағының қорытындысы 72 сағат өткеннен кейiн, қабыну (папула) көлемiн сызғышпен милиметр (мм) түрiнде бiлек өсiнен көлденеңiнен өлшенедi, қабыну болмаса өлшеп гиперемияны тiркейдi.
5. Манту сынамасының тоғысуы:
1) терiс нәтижелi-қабынудың (папула) немесе гипермияның толық болмауы немесе ине егiлуiнiң орны (0-1мм) анықталса;
2) күмәндi-қабынудың көлемi 2-4 мм немесе гиперемияның кез келген көлемде қабынусыз болуы;
3) оң нәтижелi (нормергия)-қабынудың болуы көлемi 5мм не одан жоғары болса;
4) гиперергиялы-балаларда қабынудың болуы көлемi 15 ммден жоғары, жасөспiрiмдерде-17 ммден жоғары, ересектерде –21 ммден жоғары, және де қабынудың көлемiне қарамай лимфа тамырларының қабынуы немесе қабынусыз везикуло-некротикалы тоғысулары.
6. БЦЖ вакцинасын (ревакцинасы) терiге жаппай егiлу шарасында Манту 2 ТЕ сынағы инфекциялы және вакцинадсиядан кейiнгi аллергияны анықтайды. Аллергия түрiн дифферернциалды анықтау кезiнде, ескеретiн жайттар:
1) қарқынды оң нәтижелi туберкулен реакциясы (көлемi және қабынудың белгiлерi);
2) вакцинасиядан кейiнгi тыртықтың анықталуы мен көлемi;
3) БЦЖ егiлгеннен кейiнгi мерзiм (5 жасқа дейiнгi вакцинасиядан кейiн аллергия болмайды);
4) туберкулез науқасымен қатынаста болу немесе қатынаста болмау;
5) аурудың клиникалық белгілерінің анықталуы.
7. Вакцинациядан ке»інгі аллергияға күманді немесе оң натижедегі (5-11 мм) реакциялар жатады қозғалыс сайын науқасты бақылап, тоғысулардың нәтижесін бағалау қажет.
8. Гиперрергиялық тоғысулар вакцинациядан кейінгі тоғысулардан өзгеше.
9. Туберкулинге сезмталдық талдау кезінде қиыншылық туса,міндетті түрде балалармен емдеп-алдыналу шаралары педиаторлар аймағында (гипосенсибилизация, инфекция ошақтарын күшейту, бактерияларды жою, созылмалы аурулар кезінде айығу шегіне жету) фтизиатр бақылаумен жүргізілуі. Қайталама тексерулер диспансерде 1-3 ай аралығында өткізіледі. Жиі клиникалық ерекше аллергиясы бар балаларға, Манту сынауын егу десенсибилизиясиялық заттарды қабылдағаннан кеәін 7-14 күн ішінде егуді ұсынады
10. ТМБ жұқтырғандар деп, Манту сынауынан кейін туберкуленге сезiмталдығы нақты анықталғаннан кейiн ғана:
1) алғаш оң нәтижелi реакция (папула көлемi 5ммден жоғары), БЦЖ вакцинасиясының имунитетiмен байланысты емес (туберкулендi сынау виражы).
2) тiреу (4-5жыл бойы) көлемi12 ммден жоғары қабынумен тоғысуын сақтайды;
3) туберкулинге сезiмталдығының күрт күшейуi (6 ммден жоғары) бiр жыл iшiнде (туберкуленге оң нәтижелi балаларда);
11. Фтизиатр-дәрiгерге тексерiлуге виражды және гиперергиялы туберкулин тоғысуы бар балалар бағытталады, кей кездерi аллергия себебiн (вакцинадан кейiн немесе жұқпалы) анықтау, iс-қағаздармен бiрге вакцинасияның және БЦЖ ревакцинасиясының егiлген күнiнiң нақты көрсетiлiмi мен бiрге алдынғы жасалынған туберкулиндi сынаулар.Тексеруге дейiнгi кезең 1айдан аспауы керек.
12. Тек белсендi туберкулез үрдiсiнен басқа гиперергиялы тоғысу мен виражы бар балаларды Диспансерлiк мекемеге III топқа есепке алынады.
13. Туберкулинге қайталама гиперергиялы тоғысуы бар жандар туберкулез үрдiсiн тоқтату мақсатында тереңдетiлген тексеруге жатады. Туберкулез өзгерiстерi анықталмаса, бұндай балаларды диспансерлiк есеппен қайталама химиялық емге жатады.
14. Манту сынауымен тексерiлуге жататындар:
1) «қауiп-қатер» тобының балалары;
2) туберкулез ошақтарының балалары мен жасөспiрiмдерi;
3) вакцинасиясынан бұрын 2 ай үлкен болған балалар.
15. Туберкулез ауруының «қауiп -қатер» тобына жататын балалар:
1) Әлеументiк жағдайы нашар ата-анасы созылмалы маскүнемдiкке, нашақорлыққа салынған, АИВ - жұқтырылған, нақты тұрғылықты жерi мен жұмысы жоқ жанұялардың балалары.
2) Ауруханалық және емханалық ем қабылдап ұзақ жөтел (2 аптадан аса уақыт) пайда болып улану белгiлерiнiң қарқынды күш алуы (субфебрилитет, тершеңдiк, асқа тәбетiнiң болмауы, салмақтың төмендеуi, әлсiздiк, т.б).
3) Лимфа түйiндерiнiң перифериялық жолмен ұлғайуы (4 шi және басқа топтарда).
4) гормонды терапия қабылдаушылар.
5) толық жазылмаған БЦЖ вакцинасынан кейiнiнгi тыртық.
16. БЦЖ ревакцинасы мен Манту 2 ТЕ сынауы мектеп жасындағы балаларға 6 жастағы (1-сынып), оқу жылының алғашқы екi айында (қыркүйек) егiледi. Бұл кезеңде басқа егулер жүргiзiлмеуi тиiс. Манту сынамасының айлық аралығын бақылау мақсатында, АДС және ККП ревакцинациялары оқу жылына бiр ай қалғанда егiледi.
17. Ұйымдасқан топтарда туберкулиндi анықтау арнай оқытылған медициналық мекеме мамандарымен жүргiзiлiп, балара мекемелерiне баратын уақыт тәртiбiн және топ мүшелерiнiң құрамы АМСКтiң бұйрығымен бекiтiледi.
18. Ұйымдаспаған және мектепке дейiнгi жастағы балаларға ППД-Л Манту сынауын балалар емханасында егедi. Ауылды жерлерде туберкулендi анықтау АМСК жуйесiнде (емхана, дәрiгерлiк амбулатория, медициналық бөлiм) жүргiзiледi.
19. Гиперергиялы тоғысу мен вираж анықталған жағдайда, өзге алдына алатын егулер химиялық ем курсы аяқталғаннан кейiн үш айдан кейiн егiлуi керек.
20. Манту сынағының жүргiзiлуiне әдiстемелiк жетекшiлiктi туберкулезге қарсы мекеменiң фтизиопедиатр дәрiгерi жүргiзедi.
21. Манту сынауының қорытындысын алдына алу егулер картасына (форма №063/у) тiркеледi, баланың медициналық картасында (форма №026/у), баланың даму жағдайы (форма №112/у). Бұнымен қоса баланың даму жағдайында:
1) мекеме, туберкулен үлгiсiн шығырған, серия, бақылау саны және жарамдылық мерзiмi;
2) туберкулендi сынауының егiлген күнi;
3) Манту сынау қорытындысы қабынуының миллиметрдегi көлемi, қабыну болмаса гиперермияның көлемi;
22. Манту сынауына керi әсер:
1) терi аурулары, асқынған және созылмалы жұқпалы ауралар және сомантикалы аурулардың (эпилепсияда) күшейу кезеңiнде; Аталған жағдайларда Манту сынамасын барлық клиникалық белгiлер жоғалғаннан кейiн екi айдан кейiн егедi;
2) аллергиялық жағыдай, ревматизiмнiң асқынған және асқынбалы кезеңi, бронхиалды астма, күшейiп, асқынған кезеңде терi арқылы бiлiнуi, Манту сынамасын барлық клиникалық белгiлер жоғалғаннан кейiн екi айдан кейiн егедi.
23. Керi әсердiң болуын анықтау мақсатында дәрiгер (медбике) Манту сынауын қолданбас бұрын, медициналық iс-қағаздарды зерттеп, сынау еiлетiн жанды тексерiп, сұрау жүргiзедi.
24. Манту сынауын балалар арасында кездесетiн жұқпалы аурулардан уақытша тыйым салынған колективтерде тек тыйым мерзiмi өткен соң ғана жүргiзiледi.
25. Туберкулендi анықтауды әр алуан жұқпалы ауруларға (АКДС,қызылша т.б.) қарсы егулерден бұрын егудi жобалау қажет.
26. Аталған жағдай кездесiп жатса, Манту сынауын жұқпалы ауруға қарсы жүргiзiлген егуден кейiн 1-ай өткен соң ғана жүргiзiледi.
27. Манту сынауын үйде егуге болмайды.
28. Туберкулез инфекциясы ошақтарының балаларына туберкулендi анықтау туберкулез диспансерлерiнде жүргiзiледi.
29. АИВ-жұқтырылған балалар мен жасөспiрiмдерде терiс нәтижелi немесе күмәндi Манту реакциясы болса, туберкулез микробактериясын жұқтырылған ғана емес, сонымен қатар туберкулездiң белсендi үрдiсi болуы мүмкiн. Сондықтан да, АИВ жұқтырылған балаларға Манту сынамасы жүргiзiлмейдi.