Сурет - 2. Кокс батареясінің бөлігі

1 - ауа бергіш; 2 - газдың бергіш; 3 - тік жылытатын арналар; 4 - кокстау камерасы; 5 - борова (өнімнің жану үшін); 6 - газтәріздес өнімдердің кокстау бұрмасы: 7 – регенераторлар

Газдың жануы кезінде бөлінген жылу, кірпіштелген қабырғаларға және көмірлі массаның қызбасына барады. Кокстау процесін қамтамасыздандыру үшін камераның ішкі температурасы 1100 °С төмен емес, ал тігінен 1400 °С болу керек. Ауаның қызбасы кокс пешінің астында орналасқан регенераторларда өтеді.

Кокс өндіру цехы

Кокс жеке көмірден емес, көмір қоспасының әр түрлі маркаларынан, яғни шихтадан алынады. Көмір шихтасының коксқа айналуы жылы процесс. Ол сусыз ортада өтеді. Бұл процесс күрделі химиялық, физикалық және физико-химиялық айналулармен сипатталады. Кокстаудың жұмыс істеу процесін жылулық температурасына байланысты 5 кезеңге бөлеміз:

Бірінші кезең- ысытқанда шамамен 200° С-ка дейін. Бұл кезеңде көмірдің құрамындағы судың үлкен бөлігі буланады. Бір мезгілде СО2 және Метан ұшады. Бұл кезең – кептіру кезеңі деп аталады.

Екінші кезең - ысытқанда 200-ден 350° С-қа дейін. Осы кезеңде жанғыш газ, судың (көмірдің ірітіп-шірітуі өнімдері) және шәйірдің булары бөлінеді. Осы кезеңнің аяағына көмір "жұмсақтала" бастайды. Оның дәндерінде сұйық ірітіп-шірітудің өнімдері шыға бастайды. Бұл - ірітіп-шірітудің бастапқы кезеңі.

Үшінші кезең- ысытқанда 350 – 500°С ара қашықтықта (температуралық шектер көмірдің сапасына тәуелді болады). Осы кезеңде көмір қарышты ірітіледі, жартылай кокстау кезінде көптеген ұшатын өнімдер бөлінеді. Яғни шайыр және газ. Олардың құрамына парафинді көмірсутек және фенолдар кіреді. Макромолекулалардың арасында физикалық байланыстар бәсеңсиді, кейбіреуінің химиялық байланыстары үзіледі, қатты бөлшектерінде пластикалық масса қалыптасады. Бұл кезең - пластикалық күйдің кезеңі.

Төртінші кезең - ысытқанда 500-ден 600° С-қа дейін. Осы кезеңде шәйірдің аз мөлшері және басқа ұшпалы газдар түзіледі. Бір-бірімен қайнатылып, қатты жартылай кокс түзіледі. Бұл кезең – жартылай кокс түзілу кезеңі.

Бесінші кезең - ысытқанда 600-ден 1000° С-қа дейін. Осы кезеңде біршама шәйір, моноциклды ароматтық көмірсутектер және сутегі түзіліп, кокс өндіру үдерісі бітеді. Бұл кезең – кокс өндіру кезеңі.

Жақсы кокс алу бүкіл сатыдағы жұмыстың өтуіне байланысты, яғни ең бірінші көмірдің 2-ші және 3-ші сатыдағы жұмысына байланысты.

Сурет - 2. Кокс батареясінің бөлігі - student2.ru

Сурет – 3. Кокс пешінің сызбасы

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қазақстандағы ең ірі кокс химиялық өндірісі. 2013 ж бас АО "АрселорМиттал Теміртау металлургиялық комбинатында" үш экологиялық нысан қосылды. Коксохимиялық өндіріс құрамында алты кокс батареялары бар, өндірістік алымдылықпен жылына 3,5 млн. кокс тонна.

Коксохимиялық өндірістің шикізатымен Қарағандының көмірлі бассейнінің кокстелген көмірлері қызмет етеді. Құрамына кіреді:

- химиялық қақпақылдаудың цехтары

- кокс цехы

Кокстауда кезіндегі негізгі өнім - кокс, газ және шәйір. "АрселорМиттал Теміртау" көмірлі департаментінің құрамына кіреді:

Горно-обогатительная фабрика «ЦОФ Восточная».1980 жылы эксплуатацияға берілді. Жылына 6 млн тонна көмір өндіреді. Қазақстан Республикасындағы ең ірі көмірді қайта өндіретін кәсіпорын болып табылады. Қазіргі уақытты фабрика қиын өндірілетін көмір маркаларын өндіреді, яғни - КЖ, К және КО. Ірі көмір үшін СКВП- 32 сепараторларында өндіріледі, ұсақ көмір ОМ- 24 машиналарында және МФУ- 12 флотациялық машиналарында өндіріледі. Өнімдерді кептіру СБ 3.5х18 кептіргіш барабандарында өндіріледі. Осы уақыт аралығында фабрикада 123 млн. т аса көмір өңделінді және 63,3 млн. т кокс концентраттары шығарылды.

Сурет - 2. Кокс батареясінің бөлігі - student2.ru

Сурет - 2. Кокс батареясінің бөлігі - student2.ru

Ндірістің сызбасы

Сурет - 2. Кокс батареясінің бөлігі - student2.ru

Арағанды облысының Теміртау қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатында алапат апаттың салдарын жою жұмыстары шұғыл қолға алынды.Бүгінде 4 кокс батареясы қайта іске қосылды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Апаттың салдарын жою жоспарындағы белгіленген кестеге сәйкес діттелген барлық шаралар 100 пайыз орындалды. 27 маусым күні сағат 17.00-ге қарай 1-4 кокс батареяларының бірінші блогы іске қосылды», – делінген таратылған хабарламада.

«Комбинаттың газбен қамту жүйесінде кок газы пайда болды. Ол өндірістік бөлім және бас энергетика бөлімі арқылы тұтынушыларға бөлінуде. Ендігі міндет агломашиналарды іске қосу және доменді пештерді агломератпен қамтамасыз ете отырып, шойын мен құрыш өндірісіне шығу, үздіксіз дайындау құймасы мен слыбтарды алуға мүмкіндік беретін машиналар жұмысын жандандыру болып табылады», – деп атап өтті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу бойынша атқарушы директордың орынбасары Вадим Басин.

Оның сөзіне сүйенсек, діттелген міндеттердің алғашқы кезеңі 27-28 маусым күндері орындалады. Кейін мамандар №5 және №7 кокс батареяларының жұмысын қайта жандандыруға бағытталған шараларға кіріспек.

«Бүгінгі таңда кокс батареяларының жұмысы бақылауға алынды. Туындаған барлық мәселелер жедел түрде шешіліп, барлық іс-әрекеттер белгіленген бағдарламаға сай өтуде», – деді В.Басин.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің тапсырмасына сәйкес құрамына Индустрия және жаңа технологиялар, Төтенше жағдайлар министрліктері, Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мамандары кірген штаб тәулік бойы жұмысын жалғастыруда.

«Апат орнында барлық түйінді мәселелер шешіліп, техникалық шаралар жоспарға сай жүзеге асып келеді. Бұл бағыттағы шаруа жалғастырылады. Бүгінде айқындалған міндеттердің орындалмауына негіз немесе күмән жоқ. Біз белгілеген жоспарлар уақытында іске асырылады», – деп сендірді Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев.

Еске сала кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ХУ-1 коксохимиялық өндірісінде биылғы 26 маусым күні сағат 16.15-те темір-бетон түтін мұржасы опырылып кетіп, жарылған. №5 кокс батареясының аралық жылу қабырғасындағы жанғыш өнімдерді жоюға арналған мұржа бөлініп кеткен. Мұржаның сыртқы диаметрі 11 метрді, биікті 90 метрді құрайды.

Нәтижесінде диаметрі 2000 мм тікелей кокс газының газ құбырына зақым келіп, оның соңы кокс газының, көмір дайындау цехы галереясының өртенуіне әкеліп соқты. Коксохимиялық өндірістің химиялық ұстау цехының жұмысы тоқтатылды. Доменді, аглодоменді және прокаттық өндірістің жұмысы шектелген.

Абырой болғанда, адам құрбаны мен зардап шеккендер жоқ.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Сысков К. И., Королёв Ю. Г. Коксохимическое производство. М., «Высшая школа», 1969.

2. Шубеко П. З., Еник Г. И. Непрерывный процесс коксования. М., «Металлургия»,1974.

3. Лейбович Р. Е. и др. Технология коксохимических производств. М.,«Металлургия», 1974.

4. Луазон Р., Фош П., Буайе А. Кокс. М., «Металлургия», 1975.

5.

Наши рекомендации