Гигиеналық норматив қағидаларын атап көрсетіңіз

Қоршаған ортадағы зиянды химиялық заттектердің ШРЕК анықтау кезінде нақты гигиеналық нормалау принциптерін ұстану қажет, оларға:

1) кезеңдік принципі

2) табалдырықтық принципі

Кезеңдік – нормалау кезінде зерттеудің сәйкес кезеңіне байланысты нақты реттілікпен атқарылады. Химиялық заттар үшін біінші кезең – аналитикалық.

Аналитикалық кезең кезінде физико-химиялық қасиеттері бағаланады: химиялық заттың құрылымы, параметрлері – балқыту температурасы, қайнау нүктесі, суда ерігіштігі, өзге еріткіштерде ерігіштігі жөнінде мәліметтер. Аналитикалық зерттеулер жүрнгізу үшін анықтаудың спецификалық әдістері болуы талап етіледі.

Екінші кезең – токсикометрия. Токсикометрия – өткір токсикометрия – салыстырмалы эксперимент – созылмалы санитарлық-токсикологиялық эксперимент.

Өткір токсикометрия – ең жоғары дозаларының қауіптілік деңгейін анықтау.

Салыстырмалы эксперимент – сандық және сапалық қасиеттерін, кумулятивті қасиеттерін анықтау. Нерв жүйесіне, АІЖ-не, ТАЖ-на, ЖҚЖ-ға әсерін анықтау.

Созылмалы санитарлық-токсикологиялық эксперимент кезінде нормаланушы фактордың адам ағзасында өзгерістерді пайда ететін табалдырықтық конценирациясы анықталады. Созылмалы санитарлық-токсикологиялық эксперимент нәтижесі бойынша токсикалық әсері бар факторларға ШРЕК анықталады.

Орта факторларын нормалау теориясы, нормалау саласында жаңа білімдерді алған сайын, үнемі жетiлдiрiлiп және толықтырылып отырады. Дегенмен нормалау келесi қағидалар негiзiнде жүргiзiледi:

1. Медициналық көрсетуi жағынан бірінші орында болу қағидасы. Бұл қағиданың негiзiнде, адамның денсаулығы мен оның өмiрiндегi санитарлық жағдайына, фактор әсерiнiң бiрiншi дәрежелiк маңыздылығы туралы жағдайлар жатыр. Бұл кез келген фактор үшiн гигиеналық норматив орнатудың негiзгi қағидасы және ешқандай мүлтiксiз орындалуы қажет. Бұл қағида бойынша:

1. Іс жүзiндегi концентрацияны төмендету жөнiнде тиiмдi шаралардың жоқтығы және қоршаған ортаға түсетiн су немесе ауаға ұшатын шаңдарды, газдарды тазартатын әдiстiң жоқтығы жөнiндегi ешқандай себептер бекітілетін норматив деңгейiне әсерiн тигiзбеуi қажет.

2. Гигиеналық регламент орнатқанға дейiн заттар өндiрiске енгзiлмейдi, осыған байланысты ғылыми зерттеулер алдымен жургізiлуі қажет.

3. Бекітілген норматив, қазiргi ғылымның ең соңғы жетiстiктерiн ескерген кезде, адам үшiн абсолюттiк қауiпсiздік кепiлдiгiн беруi қажет.

2. Ағзаның биологиялық жауаптарын дифференциялау қағидасы. Ағзаның химиялық заттардың әсерiне реакциясы үш көрсеткiштерге байланысты:

· заттың биологиялық белсенділігіне;

· заттың дозасына:

· ағзаның қарсылық күшiне

Неғурлым заттың биологиялық белсенділігі және оның концентрациясы (дозасы) жоғары болса, сондай-ақ, ағзаның қарсылық күшi төмен болса, солғұрлым ағзаның биологиялық жауабы күштiрекболады. Ағзаның биологиялық жауабын келесi түрлерге бөледi: өлiм-жітім, аурушандық, аурудың физиологиялық белгiлерi, ағзадағы табиғаты белгісіз өзгерістер, заттардың ағзада жиналуы.

1. Нормаланатын факторлардың таралуы және олардың әсеріне ұшырайтын тұрғындар, бұнда қоршаған ортада кеңінен таралған факторлар басым болып табылады.

2. Фактордың биологиялық әсерінің сипаты. Әсерлердің алыстаған салдары бар факторлар (мутагенді, канцерогенді, эмбриотоксикалық)

3. Онымен байланысты өндірістің келешектегі дамуын есепке ала отырып, фактордың әсерінің ендік болжамы. Оның басымдылығы өндірістің ауқымының кеңейуімен байланысты.

4. Қоршаған ортада фактордың тұрақтылығы. Ең тұрақты факторлар басым болады.

5.Биологиялық активтілігінің күрт жоғарылауы мүмкіндігімен, қоршаған орталарда заттардың тасымалдануы, мынадай заттар басым болып келеді (мысалы, микроағзалардың әсерінен металлдық сынаптың метилсынапқа айналуы. Минамата ауруы).

6. Нормаланатын факторлардың (үйлескен, кешенді, біріккен) басқа да факторлармен өзара әсерлері. Денсаулыққа терең теріс әсер көрсетуі.

7. Факторлар туралы ақпараттардың болуы және гигиеналық зерттеулерге оңай қол жеткізе алу. Басымдылығы осы тарау бойынша қорытындыға байланысты беріледі.

Наши рекомендации