Сауықтыру әдістерінің жалпылама бағыттары
Химиялық өндірісте сауықтыру негізінен гигиенаға сай негізделген. Егерде адам уланып немесе өзін жайсыз сезінсе, ол мемлекетпен бекітілген кауіпсіздік ережесін сақтамағандығының белгісі болып табылады. Себебі кез келгген қосылыс тез шқыш немесе тұтанғыш, я болмаса тез ауада тотыққыш болуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда басты талап технологиялық процестерге, вентиляцияға, аппараттарды пайдану мен орналастыруларға қойлады. Химиялық комбинаттар мен заводтарды, жеке цехтар мен аппараттарды орналастыру барлық химиялық заттардың химиялық қасиеттерін ескере отырып қарастырылуы тиіс.
Мысалы, қабат аралық жактауларға аппараттарды орнатпастан бұрын газдардың таралу жылдамдвығын, олардың ұшқыштығын, қайнау және қату температурасының қандай екендігін тексеру керек. Және бұл жерлерде вентиляция жұмысын бақылау керек. Химия өндіріснде радиациялық уланған жағдайда қолданылатын іс шаралар:
Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәнділігі, оның тездігінде, тиімділігіне радионы, теледидарды қосып, радиациялық заттар мен шығарумен болған. Авария туралы хабарды ести сала екі нұсқадан тұруы мүмкін болатын барлық ескерту шараларын тез, саспай және мұқиат орындау қажет. Бірінші нұсқада көрсетілген уақыт бойынша қажетті шараларды орындау:
1. Тұрғын үй мен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерімен қамту жөніндегі жұмыстарды орындау;
2. Жеке қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану;
3. Қорғаныс ғимараттарын пайдалану;
4. Қозғалысты шектеу;
5. Цистамин таблеткасын қабылдау арқылы сәуле ауруынан сақтандыру;
6. Йодтық немесе калий йодының 3-5% тұнбасын пайдаланып, йодтың сақтандыру жүргізу;
7. Суды, азық түлікті қорғау, олардың шаң өтпейтін ыдыста сақтау;
8. Тағам өнімдерін жуып, шаю;
9. Радио мен теледидарды қосып қою;
10. Ықтимал төнуге таярлану және қорғаныс құралдары әрқашанда қол ұшында болу керек.
Екінші нұсқада радиациядан қорғану шараларына қатысу керек:
1. Шекті нормадан тыс жоғары зақымданған аймақтардан кету;
2. Ғимараттардан көшкен жағдайда, мұздатқыштарды тазалап, электр немесе газ приборларын міндетті түрде ажыратып жүру керек;
3. Тосын жағдайларда көшу тек қана қауіпсіздік ережесі арқылы іске асырылады. Химия өндірісндегі екінші бір фактордан корғану әдістері:
Шудан қорғану үшін машина, механизмдерді жасау кезінде шудан қорғану технологияларын қарастыруда. Ауылшаруашылық өндірістерін салу мен проек жасау барысында шуды аз ұнататын жерлерден алысс салады. Санитарлық (еркін) аймақты тығыз қабырғамен орналастырады. Ара қашықтық артқан сайын шудың деңгейі кеми береді. Аймақтың ішкі жағын дыбысты басқыш қабырғалармен, акустикалық экрандармен орналастырады. Өндірістік орындарда дыбысты жұту қызметін тығыздығы төмен (плитка секілді жасалған, тығыздығы 80-100кг/м3) материалдармен қапталған қабырғалар, потолоктар атқарады. Осы материалдардың ыдырап кетпеуінен оның сыртын перфорирленген алюминий орамасымен қаптайды. Дыбыстарды жұтатын материалдар шу 6-8дБ дейін төмендетеді. Дыбыстарды жұтатын материалдың дыбысты жұту қаисеті оның қалыңдығына байланысты. Мысалы, мақтада ол 400-800мм қалыңдықты құраса, минералды мақта 90мм, ал гипс 6мм қалыңдықты құрайды екен. Практикада орамалардың 20мм ден 200мм ге дейін қалыңдықтары қолданылады. Дыбысты жұтатын материалдар эффектифті түрде орташа және жоғарғы жиілікті дыбыстарды жұтады. Қабырғалар мен потолоктардың жарық түсетін жерлерін қараңғылауға немесе дыбысты жұтатын материалдарды орналастыруға болмайды. Бұдан нәтиже онша көп болмағанымен дыбыстарды бәсеңдеткіш материалдарды көбінесе шудың шығатын жеріне іледі. Шу көп жерлерге адамдар көп келтірмеуге тырысады. Сондай жерлерге кожуха, перегородкадар орналасиырады, олар шуды 30-50дБ дейін бәсеңдетеді. Дыбыстарды жұтатын материалдар негізіне шағылдыру және жұту материалдары болып табылады. Перегародкалар дыбыстық энергияның көп мөлшерін жұтып, аздаған мөлшерін ғана бөліп шығарады. Химиялық өндірісте негізгі гигиеналық мәселе болып ауаның тазалығы жатады. Ауа лас болған сәтте ол тек қана жұмыс аймағын ластап қана қоймай қоршаған ортаға да таралады, себебі ауа мен газдар біртекті фаза.