Балалар мен жасөспірімдерідің физикалық дамуын гигиеналық бағалау әдістеріне талдау жүргізіңіз
Денсаулық» сөзінің мағынасы, түсінігі ете кең. Әр ғалым әртүрлі сипаттама анықтама береді. БДДГ-ның анықтамасы бойынша: «Денсаулық - ауру мен оның өзгерістерінін болмауы ғана емес, сонымен қатар толық физикалық, рухани, әлеуметтік қамтамасыз етумен сипатталатын жағдай».
С. М. Громбах балалар мен жасөспірімдердін денсаулығының 4 белгілерін атап көрсетті:
1. тексеру барысында созылмалы аурулары болмауы;
2. физикалық және жүйке жүйесінің даму дәрежесі;
3. ағза жүйелерінін жұмыс қабілеті;
4. қолайсыз әсерлерге ағзаның қарсы тұру қабілетінін деңгейі.
Осы өлшемдер қазіргі кезде кең түрде қолданылады. Тиімді скрестинг - тесттерге жатады.
- Головин - Сивцев кестесі бойынша көздің көру өткірлігін анықтау. -
- Плантография бойынша табан сүйегінің өзгерісін анықтау;
- Сауалнама жүргізу арқылы балалар арасында жиі кездесетін аурулардың алғашқы белгілерін табу;
- Физикалық жүйке жүйесінін жағдайын бағалау. Сүйек, бұлшық ет жүйесінін өзгеруін аспапты зерттеулер арқылы анықтау.
Балалардың дене бітімінің дамуына жеке баға беру әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі:
Ең басында осы мақсат үшін көп уақыттар бойы жеке антропометриялық параметрлердің қатынастары - индекстер тәсілі қолданылды. Бұндай индекстердің саны бірнеше ондықтарға дейін жетті. Әртүрлі индекстер әртүрлі көрсеткіштердің санынан тұрды, ең қарапайым индекстер - екі көрсеткіштен тұрды (дене салмағы - бой ұзындығы және кеуде шеңбері - бой ұзындығы индекстері). Индекстердің есептелуі қарапайым болып келетіндіктен, бұрынғы кезде кеңінен қолданылған болатын. Әсіресе, ең кең таралғандары Брок, Пинье, Кетле, Гульда және Кауп, Ливи, Рорера жоғарыда аталған Эрисман индексі және т.б. болды.
Осы уақытқа дейін жеткен Брок индексі бойынша, дене салмағы (кг), бой ұзындығынан (см) 100 см алғанға тең. Мысалы, бой ұзындығ 170 см болса, дене салмағы 70 кг тең болуы керек. Пинье индексі, немесе "сандық көрсеткіш", бой ұзындығынан дене салмағын және кеуде шеңберінің көлемін алғанға тең. Индекс аз болған сайын, организм әлсіз болады деп есептелді.
Индекстердің көптігі, олардың ешқайсысының да қанағаттанарлық нәтиже бермейтіндігінен болды. ХІХ ғасырдың аяқ кезінің өзінде олардың қолданылуы күдік туғыза бастады. Индекстердің балалар организмдерінің бой ұзындығының бірдей еместігін есепке алмайтындығы, олардың негізгі кемшілігі болып саналады. Қазіргі кезде дене бітімінің дамуын бағалауға индекстер тәсілі пайдаланылмайды.
Индекстер тәсілдерінің орнына Сигмадан ауытқу (дене бітімі дамуының профилі) келеді. Оны 1925 жылы белгілі неміс антропологы Рудольф Мартин ұсынған еді. Ол, жеке адамдардың дене бітімі дамуының параметрлерін, осы параметрлердің орташа арифметикалық көрсеткіштерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Алынған айырмашы-лық санды, сәйкес белгілердің орташа квадраттық ауытқуына бөледі де, сигмадан ауытқуды табады. Дене бітімінің дамуы сигмадан ауытқу көлемі бойынша бағаланады. Әрбір баланың профилі ретінде графиктік көрсеткіш сызылады. Бұл тәсіл қарапайым және шындыққа жақын, бірақ дене бітімі дамуының барлық көрсеткіштері бір-бірінен бөлек және жеке бағаланатындықтан Кеңестер одағында бұл тәсіл кеңінен қолданылмады.
Сол сияқты Центиль және процентиль (Centum -жүз) тәсілі де қарапайым және қолайлы. Бұл тәсілді ең алғаш медицинаға енгізгендердің бірі, Американың зерттеуші ғалымдары Стюруа мен Мередит. ХХ ғасырдың бірінші жартысында олар, дене салмағы мен бой ұзындығы үшін, кеуде және жіліншік шеңбері үшін, май қабатының қалыңдығын бағалау үшін графиктік процентильдік шкалалар жасады.
Центильдік анализдің негізі мынандай: қандай да бір белгінің барлық варианттарын кішісінен бастап үлкеніне қарай, бір қатарға орналастырады.
Одан соң барлық қатарды 100 бөлікке - процентильге бөледі, олардың тең ортасы Р50 - медиана деп аталады. Әрбір центиль, зерттелетін бөліктердің проценттік қатынасын сипаттайды. Көбінесе Р3, Р10, Р25, Р50, Р75, Р90, Р97 процентильдері қолданылады. Белгілердің Р25 - Р75 шегіндегі көлемдері орташаға жатады. Бір өлшемді процентильді графиктер пайдалануға өте қолайлы және оны антропологтар және педиатрлар өте кеңінен қолданып жүр. Бірақ, сигмадан ауытқу тәсілі сияқты бұл тәсіл де дене бітімі дамуының көрсеткіштерін бір-бірінен жеке дара, корреляциялық байланыссыз қарастырады.