Топырақтанушыларға тиым салынады.

Бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер мыналар болып табылады:
1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
2) қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
3) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;
4) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
6) уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
7) еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
8) мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;
9) қызметкерлер өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегi мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау нормаларынан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы.

Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Жалпы талаптар.

1.1 Жұмыс істеу орнын қарап ретке келтіру, жұмыс үстел үстіндегі артық заттарды алып тастау, сонымен қатар жұмысшының көңілін аудартатын заттарды алып тастау, жұмыс үстел мен орындығының дұрыстығын қадағалау.

1.2Жұмыс орны санитарлық және гигиеналық талаптарға сай болуы шарт: жеткілікті жарықтың болуы (электрлік қуат пен күн сәулесі), жақсы желдетілуі тиіс. Сонымен қатар аптечка болуы тиіс.

1.3Өрт сөндіру қауіпсіздігі сақталуы тиіс. Электр сымдарының дұрыс болуы тиіс, өрт сөндіргіш құралы болуы тиіс.

1.4Жұмыс істер алдында есептегіш машиналардың және компьютерлердің дұрыстығын қарап шығу тиіс. Жұмыс уақыты біткеннен кейін жұмыс үстел үстін ретке келтіру тиіс.

1.5 Электр тоғына қосулы есептегіш машиналарды, компьютер, желдеткіш, және т.б. электр жабдықтарын қараусыз қалдыруға болмайды.

Тиым салынады.

1.6Жұмыс үстінде темекі шегуге.

1.7Электр жабдықтарын өз бетімен жөндеуге тиым салынады.

Далалық жұмыстары бойынша топырақтанушылардың қауіпсіздік ережелері.

Топырақтанушылар тиіс.

2.1Қауіпсіздік ережелері бойынша танысып шығуы тиіс.

2.2 Далалық жағдайдағы алғашқы дәрігерлік көмек оқып шығу және ыңғайлы аптечка қорапшасын алуы тиіс.

2.3 Вакцинация алуы тиіс.

Далалық жұмыстар кезеңінде топыақтанушылар тиіс.

2.4Жорықтық мүліктер, құрал-сайман мен құрал жабдықтар белгіленген тәртіппен болуы тиіс.

2.5 Ауыз суын сақтайтын ыдыс аяқтар, сонымен қатар жеке құты болуы тиіс.

2.6 Масахана және жәндіктерге қарсы жақпа майы болуы тиіс.

2.7 Далалық жұмыстарға арналған киімдер, аяқ киім, комбизоны, бас киім, көзілдірік және т.б. болуы тиіс.

2.8 Ұйықтар алдында улы жыландар мен жәндіктердің шағуын алдын алу үшін палаткаларды, көрпе жастықтарды тексеру қажет.

2.9 Газ баллондар және алау отын пайдаланғанда өрт қауіпсіздік ережесін сақтау тиіс.

2.10 Жерді зерттеу жұмыстарын бастамас бұрын құрал саймандардың дұрыстығын тексеру тиіс. (күрек, лом, балта)

2.11 0,5-2,5 м қазба жұмыстарын жүргізгенде қазып алынған топырақтар қауіпсіздік ережесіне сай қазба жұмыстарынан 0,5 м алшақтықта болуы тиіс.

2.12 Қауіпсіздік ережелеріне сай сынаманы іріктеу кезінде 2 маман болуы тиіс.

2.13 Қазба жұмыстары біткеннен кейін орнын бітеу тиіс.

Топырақтанушыларға тиым салынады.

2.14Далалық зерттеу жұмыстарна дәрігерлік анықтама рұқсаттама қағазынсыз баруға тиым салынады.

2.15 Ауырғанда және әлсізденгенде далалық зерттеу жұмыстарын істеуге тиым салынады.

2.16 Карта бойынша белгіленген бағыттан ауытқуға тиым салынады.

2.17 Ауыз су, азық-түлік қорынсыз далалық жұмыстарға шығуға тиым салынады.

2.18 Ыстық күндері бас киімсіз жұмыс істеуге тиым салынады.

2.19 Уақытша электра қуаты бар жақын жерге тоқтауға, өзен, көл жағаларына тоқтауға тиым салынады.

Наши рекомендации