Орташа және жеңіл дәрежедегі қант диабеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Пәні: Клиникага кіріспе

Тақырыбы: Науқастарды қолданылатын диета түрлері: қант диабеті

Орындаған: Жарылғасынова Алтынай

Тобы: 116 А

Тексерген: Тлеумагамбетова Бибигуль

Ақтөбе 2016

Орташа және жеңіл дәрежедегі қант диабеті

Химиялық құрамы және энергиялық құнарлығы (бір күндік рацион):

Ø ақуыз — 90-100 г

Ø майлар- 75-80 г (30% өсімдік тектес)

Ø көмірсу — 300-350 г (полисахаридтер)

Ø энергиялық құндылығы — 2300-2500 ккал

Ұсынылатын тағамдар мен өнімдер:

Ø 2 сорттағы қара бидайлы нан,бидайлы, ақуыз-кебекті нан;

Ø әртүрлі көкөністі көжелер, майлы емес ет және балық сорпасы;

Ø еттің майлы емес түрлері, құс және балық еті;

Ø сүт, қышқыл сүт өнімдері,майлы емес ірімшік және сыр;

Ø дақылдар, қарақұмық, сұлы жармалы;

Ø ірі бұршақ, картоп және көкөністер;

Ø жеміс – жидектер қышқыл – тәтті түрлері

Тиым салынатын тағамдар мен өнімдер:

Ø қою және майлы сорпа;

Ø еттің майлы емес түрлері, балық,құс еті, шұжық, тұздалған балық;

Ø тұздалған сыр, қаймақ, тәтті ірімшік;

Ø күріш, манка ботқасы, макарон өнімдері;

Ø тұзды және маринадталған көкөністер;

Ø жүзім, мейіз, қант,тоспа, кәмпит, тәтті шырындар, қант қосылған лимонад;

Ø етті және кулинарлық май

Қант диабеті кезінде белгіленеді:

Ø тағам рационында углевод пен май мөлшері шектеледі;

Ø күндік рационның химиялық құрамы емдеуші дәрігер беретін арнайы таблица арқылы мөлшерленеді;

Ø тағамды әр түрлі әдіспен дайындауға болады;

Ø тамақ ішу жиілігі күніне 4 реттен аз болмауы керек;

Ø қанттың орнына ксилит, сорбит ұсынылады;

Ø кебек қосылған арнай нандар;

Ø көкөністерді 8-12 сағат суда ұстап крахмалын азайту керек;

Ø қанттан басқа бал, қайнатпа, жүзім, інжір және қарбызды пайдалануға болмайды.

Диабет (лат. diabetes mellitus) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.

Диабетпен ауыратын толық адамдар алдымен артық салмақтан арылуы керек. Диабетшілер қант, кәмпит және басқа да тәтті тағамдарды ішпеулері қажет. Олардың ірі ұнтақты ұннан пісірілген нан, сондай-ақ крахмал қоспалы асбұршақ күріш, картоп және басқа да құрамында ақуыз бар тағамдармен тамақтанғаны жөн болады. Диабет ауруымен зардап шегетін ересек адамдардың алмұрт тектес тікенекті кактустың (нопал, опантиа) сөлін ішкені дұрыс. Бұл үшін кактусты ұсақтап турап, езіп, сөлін сығып алып, күніге тамақ алдында үш рет 1,5 кеседен қабылдау қажет. Тіс қызыл етін, таңдай қуысын инфекциядан сақтау үшін тісті тамақтан соң жуып тазалаған дұрыс болады.

Емдәм үшін NаСІ және холестериннің мөлшерін шектеу, дәрумендер мен липотроптық заттардың, клетчатка, пептиндер, алмастырылмайтын май қышқылдарын арттыру керек. Тамақтану уақыты белгілі бір уақытта күніне 5-6 рет болуы керек, ол көмірсулардың біркелкі ыдырап таралуына байланысты. Тамақтанудағы тиімді қуаттылық құндылық мүмкіндігінше мынадай болуы керек: таңертеңгі ас - 20%, 2-ші таңертеңгілік ас - 10%, түскі ас - 30%, сәскелік ас - 10%, г кешкі ас - 20%, түнгі ас - 10%.

Инсулин таңертең. күндіз, кешке - 3 мезгіл қабалданатын болса, онда көмірсулар мөлшері үш рет тамақтану кезінде бірдей мөлшерде болуы керек. Инсулинді енгізгеннен кейін асты 2 рет ішу керек: 15-20 минуттан кейін және 2-3 сағаттан кейін - бұл инсулиннің барынша қатты әсер ететін кезі. Бұл үшін аз-аздап тамақтанып, 2-ші таңертеңгілік және 2-ші кешкі ас құрамына көмірсуы бар тағам өнімдері болуы керек: ботқа, картоптан дайындалған тағамдар, көкөніс, жеміс-жидектер, сусын, қышқыл сүт, сүзбе немесе басқа заттарды нан қосып жейді.
Диабеттік кома кезінде тамыр ішіне глюкоза мен инсулин енгізіледі, комадан шыққаннан кейін алғашқы емдәм күндері негізінен кемірсулардан тұратын тағамдар: ботқа, картоп, ұннан даярланған тағамдар, көкөніс, әртүрлі тағамдар есебінен болуы керек. Одан әрі күнделікті дәмге жануар ақуызын, липидтік заттардың көзі болып табылатын сүзбе, треска, жұмыртқаның ақ уызы енгізіледі. Емдәмге күніне 40 г ксилит енгізіледі, ол антикетогенді әсер береді. Біртіндеп емдәмде май мөлшері көбейтіледі, бірақ кетоз бітпейінше 40-50 грамнан аспауы керек.

Орытынды

№9 диета қант диабеті кезінде тағайындалады. Ол майдың ағзаға тез сіңірілуін қамтамасыз етіп, көмірсу мөлшерін реттейді. Әдетте қант пен өзге тәтті тағамдарды жеуге қатаң түрде тыйым салынады. Күнделікті тамақтың құрамындағы ақуыздың, майдың, көмірсудың мөлшері өлшеніп отырады.

Қант диабетімен ауырған кезде адамның қарны қатты ашады. Сондықтан құрамында суы көп орамжапырақ, қияр, кәдіш сынды көкөністерді жеу керек. Диабет - тойып тамақ жеу немесе семіздікке шалдықтыратын жануар майын, жеңіл сіңірілетін көмірсуларды шамадан көп қолданғанда және басқа да тиімді тамақтану шарттары бұзылғанда дамиды. Қант ауруының алдын алу үшін дұрыс тамақтану керек. Майлы тамақты аз, өсімдік талшықтарын көп пайдаланыңыз. Күніне жеміс, жиделермен бес рет тамақтан. Көмірсутегіне бай азықтарын көп пайдаланыңыз. Қант пен тұзды пайдаланбау қажет. Кішкентай жеген қанттың өзі қандағы қант деңгейін аспандатып жіберуі мүмкін. Ал тұзды тамақ тез қан қысымын көтеріп жібереді. Өз салмағыңызды қалыпты ұстаңыз. Тез жүру – семірудің бірден бір емі. Аптасына 5 рет дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатын кісілер қант диабетімен ауру қауіп дәрежесін 50 % дейін төмендетеді. Кез келген ауа райында күніне 4 километр жаяу жүріңіз. Дәрумендер қабылдап, күйземеңіз.

Наши рекомендации