Тәжірибе. Тағам өнімдеріндегі темір(ІІІ) ионын қағаздық хроматография әдісімен анықтау
Хроматографиялық қағаздан ені 6 см және ұзындығы 10 см жолақ қиып алады. төменгі шетінен 1 см қашықтықта қарындашпен жіңішке етіп сызық жүргізеді (старт сызығы). Жіңішке капилляр көмегімен старт сызығына зерттелетін ерітінді дақтың диаметрі 5 мм-ден аспайтындай етіп тамызады. Осы старт сызығына дақтан 2-3 см қашықтықта басқа капиллярмен 0,05 % темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін тамызады. Қағазды ауада кептіреді. Осылай дайындалған хроматографиялық қағаз жолағын, шеттері резина көмегімен ұстатылған екі таяқшаға бекітеді және еріткіштер қоспасы бар (этанол және сұйылтылған тұз қышқылы, 1:4) стақанға салады. Стақандағы еріткіштер қабатының қалыңдығы 1-1,5 см тең болуы тиіс. Қағаз жолағы сұйықтыққа 2-3 мм батырылып орналастырылуы тиіс. еріткіштер 7-8 см биіктікке көтерілгенде, жолақты стаканнан шығарады және карандашпен еріткіш көтерілген биіктікті белгілейді. Хроматографиялық қағазды ауада кептіреді. Темір(ІІІ) ионын анықтау үшін жолақты калийдің гексацианоферратымен(ІІ) дымқылдайды.
Қорытынды:Хроматограмманы салыңыз. Стандартты ерітінді мен зерттелетін ерітіндінің пішінін, түсін және старт сызығынан басталған ара қашықтығын салыстыра отырып, иондардың идентификациясы туралы қорытынды жасаңыз, темір(ІІІ) ионы бойынша ерітінділердің концентрацияларын салыстырыңыз.
№8 Тәжірибелік сабақ
ТАҚЫРЫБЫ:Дисперсті жүйелер. Коллоидты ерітінділерді алу тәсілдері, олардың қасиеттері және оларды тазарту әдістері. Мицелланың құрылысы. Диализ. Коллоидты ерітінділерді тәжірибелік жолмен алу және олардың кейбір қасиеттерін зерттеу
МАҚСАТТАРЫ:
· дисперсті жүйелер және олардың жіктелуі, коллоидты ерітінділерді алу әдістері, мицелланың құрылысы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру;
· коагуляция табалдырығы мен электролиттің коагуляциялау қабілетін есептей білуді үйрету;
· биологиялық сұйықтықтарды микрогетерогенді (коллоидты) жүйелер ретінде түсінік қалыптастыру;
· медициналық тәжірибеде қолданылатын дисперсті жүйелер жайлы түсінік қалыптастыру;
· диализ әдістерінің медицинада қолданылу мүмкіндігін қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу.
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:
· студент химиялық конденсация жолымен алынған коллоидты ерітінді мицелласының құрылысын жаза және түсіндіре біледі;
· студент әрекеттусі заттардың көлемі мен концентрациясы белгілі болған жағдайда мицелланың заряды мен құрылысын болжай алады;
· студент коллоидты ерітінділердің қасиеттерін және тұрақтылық факторларын сипаттай алады;
· студент коагуляциялау табалдырығын тәжірибелік жолмен анықтай алады, коагуляциялау табалдырының мәнін есептеумен қатар электролиттің коагуляциялау қабілетін анықтай біледі;
· студент физикалық және химиялық конденсация әдістерімен коллоидты ерітінділерді тәжірибелік жолмен алу дағдыларын меңгереді және капиллярлы талдау әдісімен коллоидты бөлшектер зарядын анықтай алады.
тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Дисперсті жүйелер. Негізгі түсініктер. Дисперсті жүйелердің жіктелуі.
2. Коллоидты ерітінділерді алу әдістері. Мицелланың құрылысы.
3. Дисперсті жүйелердің қасиеттері. Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері. Медициналық-биологиялық тәжірибеде электрофорез бен диализдің қолданылуы.
4. Коллоидты жүйелердің тұрақтылығы және коагуляциясы. Коллоидты қорғау. Ағзадағы рөлі.
5. Дөрекі дисперсті жүйелер, олардың медицинада қолданылуы.
ОҚЫТУ әдістері:
Үйлескен түрде:
- семинар
- есептер шығару және жаттығулар орындау
- шағын топтарда жұмыс жасау (лабораториялық жұмыс жасау және оның нәтижелерін талдау);
- компьютерлік технологияны қолдана отырып ойын түрінде оқыту әдісі;
- ауызша немесе жазбаша сауалнама
ӘДЕБИЕТ:
Негізгі:
1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.137-158.
2. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 760-845.
3. Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 133-154.
Қосымша:
1. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.
2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.
3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.
4. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия. -М., 2001.-254б.
Көмекші:
1. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. -А., 2001.-744б.Қоканбаев Ә.Қ. Физикалық химияның қысқаша курсы. –А.: Білім, 1996.-224б.
2. Ленский А.С. Введение в бионеорганическую и биофизическую химию. -М.: ВШ, 1989.-256б.
Ағылшын тілінде:
1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
БАҚЫЛАУ:
Бағаланатын құзыреттіліктер:
- білім
- тәжірибелік дағдылар
Бақылау әдістері:
- тест тапсырмаларын және бақылау карталарын орындау
- ситуациялық есептер шығару немесе жаттығулар орындау
Бақылау сұрақтары:
1. Дайте определения понятиям дисперсная система, дисперсная фаза, дисперсионная среда, дисперсность, степень дисперсности.
Give the definitions of: dispersion, the dispersed phase, dispersion medium, dispersion, the degree of dispersion.
2. Дисперсті жүйелердің: дисперстілік дәрежесі бойынша, дисперсті фаза мен дисперстік ортаның агрегаттық күйі бойынша, дисперсті фазаның дисперсті ортамен өзара әрекеттесуі бойынша жіктелуі. Мысал келтіріңіз
3. Коллоидты ерітінділерді алудың диспергациялық және конденсациялық әдістердің мәні. Пептизация.
4. Мицелланың құрылысы. ҚЭҚ, электротермодинамикалық потенциал, электрокинетикалық потенциал.
5. Дисперсті жүйелердің қасиеттері: молекулярлық - кинетикалық, электрокинетикалық, оптикалық. Электрофорез. Электроосмос. Медицинада қолданылуы.
6. Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері: диализ, электродиализ, ультрафильтрация. Диализдің медицинада қолданылуы.
7. Коллоидты ерітінділердің молекулалық-кинетикалық және оптикалық қасиеттерін дөрекі дисперсті және молекулалық-дисперсті жүйелермен салыстыра сипаттаңыз. Тиндаль конусы дегеніміз не?
8. Коллоидты ерітінділердің салыстырмалы термодинамикалық тұрақтылығы, седиментациялық және агрегативті тұрақтылығы.
9. Зольдердің коагуляциясын қандай факторлар тудырады? Коагуляциялау сатылары. Коллоидты қорғау. Ағзадағы атқаратын рөлі.
10. Коагуляция табалдырығы мен электролиттің коагуляциялау қабілеті. Аддитивтілік, электролиттер қоспасы әсерінің синергизмі және антагонизмі.
11. Дөрекі дисперсті жүйелер: аэрозольдер, суспензиялар, эмульсиялар. Медицинада қолданылуы.
Есептер мен жаттығулар (оқытушының таңдауы бойынша беріледі):
1. Келесі берілген зольдер мицеллаларының құрылысын жазыңыз:
· күміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золінің;
· гидролиз реакциясымен алынған темір (III) гидроксиді золінің;
· барий хлоридімен тұрақтандырылған барий карбонаты золінің;
· адсорбциялық пептизация тәсілімен алынған темір (III) гидроксиді золінің;
пептизатор – темір (III) хлориді;
· химиялық пептизация тәсілімен алынған темір гидроксиді (III) золінің;
пептизатор – хлорсутек қышқылы;
· темір (III) хлоридімен тұрақтандырылған берлин көгі золінің;
· калий (II) гексацианоферратымен тұрақтандырылған берлин көгі золінің;
· калий хлоридімен тұрақтандырылған қорғасын (II) хлориді золінің;
· калий сульфатымен тұрақтандырылған барий сульфаты золінің;
2. AgNO3 артық мөлшерінде алынған күміс иодиді золінің бөлшектері электрофорез кезінде қай электродқа қарай жылжитынын анықтаңыз. Мицелланың құрылысын келтіріңіз.
3. Күкіртсутек қышқылының артық мөлшерінде алынған күшән (мышьяк) сульфиді золінің бөлшектері электрофорез кезінде қай электродқа қарай жылжитынын анықтаңыз. Мицелланың құрылысын келтіріңіз.
4. Келесі берілген заттардың қайсысы жаңа тұндырылған алюминий гидроксидінің пептизациясын тудырады: а) калийдің гексацианоферраты (III); б) барий хлориді; в) калий гидроксиді; г) алюминий хлориді; д) аммиак? Дәлелдеу арқылы түсіндіріңіз.
5. Зольдің коагуляциялау табалдырығы анықталған: КС1 үшін 189 ммоль/л, К2SO4 үшін 183 ммоль/л, СaCl2 үшін 2,9 ммоль/л. Зольдің зарядын анықтаңыз.
6. 10 мл күміс иодидінің теріс зарядты бөлшектерін коагуляциялау үшін концентрациясы 0,05 моль/л-ге тең 0,45 мл барий нитраты ерітіндісі қажет. Осы зольдің коагуляциялау табалдырығын барий нитраты ерітіндісінің әсерінде анықтаңыз.
7. Бөлшектері теріс зарядталған қандай да бір золь үшін келесі электролиттерді коагуляциялау табалдырығының мәніне орай орналастырыңыз: CrCl3, Ba(NO3)2, K2SO4, Дәлелдеу арқылы түсіндіріңіз.
8. 10 л алюминий гидроксиді золінің коагуляциясын тудыру үшін қажет 0,01М калий бихроматы электролитінің көлемін есептеңіз. Берілген электролит бойынша зольдің коагуляциялау табалдырығы 0,63 моль/л-ге тең.
9*. Күміс иодиді гидрозолі бірдей көлемдегі 0,04 н KJ мен 0,01 н AgNO3 араластыру арқылы алынған. Екі электролиттің қайсысында (MgCO3 немесе К3[ Fe(CN)6]) коагуляциялау табалдырығы жоғары болады және не себепті?
10. 4 л темір (III) гидроксиді золіне тығыздығы 1,1 г/мл, 0,91 мл магний сульфатының 10%-дық ерітіндісін қосқанда зольдің коагуляциясы туындады. Зольді сульфат-иондарымен коагуляциялау табалдырығын есептеңіз.
11*. Электролиттердің коагуляциялау қабілеті қандай да бір зольге қатысты келесі қатар бойынша төмендейді: Na3PO4 → K2SO4 → NH4NO3. Коллоидты бөлшектердің заряды қандай? Коагуляциялау қабілеті жобамен жоғарыдағы электролиттердікіне тең болатын электролиттерге мысал келтіріңіз.
12*. Қорғасын (II) бромиді золі қорғасын ацетаты мен кальций бромиді ерітінділерін араластыру арқылы алынған. Берілген зольге қатысты магний нитратының коагуляциялау қабілеті аммоний сульфатының коагуляциялау қабілетіне қарағанда жоғары. Берілген зольдің мицелласының формуласыен жазыңыз.
ОСЫМША