Мұқаба және титул парағы

Мұқаба және титул парағы бірінші беттері болады, олар нөмірленбейді, бірақ жалпы беттер санына кіреді (Қосымша В, Г). Жұмыстың тақырыбы нақты, түсінікті және мазмұнға сәйкес келуі керек.

3.2 Дипломдық жұмысты орындауға арналған тапсырма

Дипломдық жұмысты орындауға арналған тапсырмада жұмысқа арналған бастапқы мәліметтер, дипломдық жұмысты орындау барысында жасалатын жұмыстар тізімі, графикалық материалдар тізімі, негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі, жасалатын жұмыстар тізімі, жұмыс бойынша кеңестер, дипломдық жұмысты орындау кестесі. Дипломдық жұмысты орындауға арналған тапсырманың формасы (Қосымша В) келтірілген.

3.3 Мазмұны

Мазмұны кіріспеден, барлық бөлімдердің атауынан (бөлімшелерден, пункттерден тұрады, егер олардың атауы бар болса), қорытындыдан, құжаттың осы элементтерінен басталатын бет нөмірінің көрсетілуінен, сондай-ақ, оларды белгілейтін белгілер мен тақырыпшалардантұрады (Қосымша Д).

Кіріспе

Кіріспе 3-5 беттен тұрады, онда жұмыстың негіздемесі, оның мақсаты мен міндеттері, өзектілігі, мәселенің теориялық және практикалық маңыздылығы, оның қазақстан және шетелдердегі химия ғылымында зерттелу дәрежесі кіреді. Зерттеу нысанының толық сипаттамасы міндетті емес, авторларға нұсқау жасау керек емес. Егер жұмыстың нәтижелері (оның қандай да бөлімі) баспа түрінде көрсетілсе немесе жарияланса, онда ол туралы кіріспеде еске сала кету керек.

Негізі бөлім

Негізі бөлім 2-3 тараудан және тарау бөліктерінен құралады. Негізгі бөлім мынадай бөлімдерден тұрады:

- әдеби шолу;

- жұмыстың әдістері мен нысандары;

- тәжірибе нәтижелері мен оларды талқылау

Деби шолу

Әдеби шолу – авторлардың зерттеген әдебиеттерінің көлемі туралы, мәселелердің басты және логикалық түйінін шығару, сондай-ақ, талқыланатын дипломдық жұмыстың бөлімі. Шолуға тақырыпқа сай сол және басқа өлшемде берілген зерттеулердің элементтерін құрайтын әдебиеттер көздері ғана кіреді.

Ғылыми еңбектерді зерттеуді мүмкіндігінше мына сатылармен оның тараулары бойынша жүргізу керек:

- шығармамен толық жалпылама танысып шығу;

- жалпы мазмұнына көз жүгірту;

- шығарманың қажетті бөлігін таңдап оқу;

- материалдардың таныстырылған көшірмесі;

- болашақ диплом жұмысынан алынған үзіндінінің сыңи бағалануы, оны тексеру және «таза» көшірмесін жазу.

Әдебиетті зерттегенде материалдарды тек жұмысқа енгізуге ғана талпынбау керек. Сонымен қатар, табылған мәліметті ой елегінен өткізіп алу керек. Бұл үрдіс тақырып бойынша жұмыс аяқталғанға дейінгі уақыт бойы іске асырылуы тиіс, сонда басқа жұмыстармен танысу кезінде пайда болған өзіндік көзқарастар жаңа білім алу жолында негіз болып қалана алады.

Таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді зерттеу кезінде онда бар әдебиеттің барлығы емес, тек дипломдық жұмысқа тікелей қатысы бар бөлігі ғана қолданылады, сол себепті жұмыс бағалы да пайдалы болып табылады. Осылайша, оқылғанның бағалану критериі дипломдық жұмыстың тәжірибесіне пайдалану мүмкіндігін көрсетеді.

Әдебиет көздерін зерттей отырып, көшіріліп алынған мәліметтерді кейін де қолдануға болатындай ретке келтіріп отыру керек. Сілтемелерді «Әдебиеттер тізімі» бөліміне тәртібі бойынша дереу реттеп жазып отыру керек.

Әдебиеттік шолу бөлімі тек әдебиет жиынтығына айналмауы керек (тіпті толық болса да). Әдебиет мәліметтерін талдау қажет, оларға көңіл бөліп қарау, түсініксіз мәселелерді шешудің кейбір жолдарын көрсетеді. Мұндай мәселелерде автордың әдебиеттерді таңдаудағы үлесі, басқа авторлардың ортақ пікірге қосыла ма, жоқ әлде олардың өз пікіріне қалып немесе басқа авторлардың ойынқайталай ма соған көп көңіл болу қажет.

Студент жұмысын бастағанға дейінгі уақытта мәселе қалай зерттелінгенін және қойылған мақсат бойынша әдебиет тізімін құрастырып, әдебиет мағлұматтарын топталған кесте түрінде жіктеуі қажет. Әдеби шолу тек ғана көшіріп жазып алу әрекеті емес, ол сол мәліметтерге талдау жасап, тұлғалық түрде бағалап зерттеудің мәселесін шешудегі үлесі қорытындылануы керек.

Келтірілген жұмыстар авторларының фамилиялары мәтінде түпнұсқа тілінде келтіріледі. Шет ел монографиялары мен шолулары орысша әдеби тілмен жазылуы керек.

Диплом жұмысындағы әдебиеттерге сілтемелер мәтінде келтірілуіне қарай нөмірленіп, квадрат жақшада көрсетіледі. Мәселен, [2] жұмыста көрсетіледі. ЯМР спектрінің қарапайымдылығы молекула симметриялығын [42] дәлелдейді. ....., Кузнецов [20-24] ұсынды. .... молекулалардың қосарлануы әдісімен [8,9,15,16], ... Файгль [85] көрсеткендей...

Наши рекомендации