Сиыр сүті – шикізат (ГОСТР 52054 - 2003).

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН СТАНДАРТТАУ ТАЛАПТАРЫ

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ (ГОСТ 25967 - 83).

Стандарт толығымен СТС ЭВ 2044 – 79 стандартына сәйкестендірілген.

Ет бағытындағы ірі қара малдарының өнімдік көрсеткіштерін анықтау әдістері мен тұқымдық малдарға арналған стандарт: өсуі, экстерьер, сиыр сүттілігі, тірілей салмағының өсуі, салмағының өсуіне кететін азық шығыны.

Бұл стандарт асыл тұқымды зауыттар мен станцияларда, асылдандыру шаруашылықтары мен фермаларында қолданылады.

1. Өсу қарқынын анықтау әдістері.

Әдістің негізгі мақсаты малдың тірілей салмағын анықтау мен өз төлінің көрсеткіштері бойынша бағалануымен анықталады.

1.1. Құрал – жабдықтар. Салмағы 2000 кг дейінгі малды және өлшеу дәлдігі 1 кг аспайтындай ГОСТ 14004 – 68 бойынша белгіленген таразымен өлшенеді.

1.2. Сынақ жүргізу. Азықтандырудан бұрын малдың жасына байланысты салмағын анықтау кезеңдері:

- 5 жасқа дейінгі бұқалар мен сиырларды жылына бір рет;

- бұқаларды туылған кезінде, енесінен бөлгенде, 205 күндігінде, 12 және

15 айында;

- таналарды: туылған кезінде, енесінен бөлгенде, 205 күндігінде және 12 айында. Бірінші шағылыстырған кезінде.

Әр айдың соңында бұқалардың әкелерінің көрсеткіштерімен салыстыра отырып, өнімділігін бағалау салмағын анықтап оған бақылау жасау. Бақлау мерзімі 8-ай мен 15-ай аралығында жүреді.

1.3. Алынған деректерді өңдеу. Малдың нақтылы өсуін килограмм бірлігімен жүргізеді.

Бақылау мерзімінің соңы мен басында бұқаның салмағын екі өлшеудің орта көрсеткіші бойынша анықтайды.

2. Экстерьерді анықтау әдісі

Бұл әдістің мәні малдың дене пішіні мен оның өлшемдерін бағалау болып табылады: шоқтығының биіктігі, көкрегінің тереңдігі, кеудесінің ұзындығы, көкрегінің орамы.

2.1. Құрал жабдықтар. Әмбібап өлшеу таяғы.

Өлшеу рулеткасы.

2.2. Сынақ жүргізу. Анықтау жүргізу:

- 3 – 5 жастағы ересек малдарда:

- жасын белгілеген соң қашырымға дайындайтын жас малды сынақтан өткізу

- бақылаудағы бұқаларды сынақтан өткізу.

Малдың денесінің сырт пішінін көзбен бағалайды: басы, мойны, көкірегі, кеудесі, арқасы, белі, бөксесі, аяқтары т.б. Бұл бағытта арнайы өлшемдер жүргізілуі де тиіс, белгіленген әдістер бойынша, оларды ұстану қажет.

2.3. Алынған деректерді өңдеу.

2.3.1. Дене пішінінің көрсеткіштері балл мен бағаланады

2.3.2. Белгіленген талаптар бойынша ересек малдың дене пішінін 100 баллдық көрсеткіштер шкаласымен бағалайды.

2.3.3. Шкала көрсеткіштері бойынша 15 айлық бұқаның дене бітімін 60 балл мен бағалайды.

2.3.4. Жас малдың дене бітімі 5 баллдық көрсеткіштермен бағаланады: 5 - өте жақсы, 4 – жақсы, 3 – қанағаттанарлық, 2 – қанағатсыз.

3. Сиырдың сүттілігін анықтау әдісі.

Бұл енесінің сүтін ему кезіндегі төлдің салмағының өзгеруімен анықталатын әдіс.

3.1. Құралдар. ГОСТ 14004 – 68 бойынша 1 кг аспайтын дәлдікпен, 500 кг-дейінгі салмақты өлшеуге арналған таразыны қолдану.

3.2. Сынақ жүргізу.

Бұзауды 205 күнге туралап енесінен бөлгенде және туылған кезде өлшейді.

3.3. Алынған нәтижені өңдеу.

Төмендегі формула кг өлшем бірлігі бойынша сиырдың сауу мерзіміндегі сүттілігін анықтайды:

М = m – m.

m – бұзаудың тірілей салмағы, кг.

m1 – бұзаудың туылғандағы тірілей салмағы, кг.

4. Тірілей салмақтың өсімін анықтау әдісі.

Бұл ұрпағының сапасы және өз өнімділігі бойынша бұқаның тірілей салмағын анықтау негізіне жақындастырылған әдіс болып табылады.

4.1. Құралдар.

ГОСТ 14004 – 68 бойынша 1 кг аспайтын дәлдікпен және 1000 кг таразыны пайдалана отырып салмақ өлшеу.

4.2. Сынақ жүргізу.

Әр айдың соңында бұқашықтарға бақылау салмақ өлшемін 8-ден 15 айға дейінгі аралықта өткізіп отыру.

4.3. Алынған нәтижені өңдеу.

Бақылау жүргізгендегі қосқан салмағын оның өткізген салмағына есептеп анықтайды.

5. Қосқан салмақ бірлігіне есептегендегі азық шығынын анықтау әдісі.

Бұл әдіс бұқашықтардың тірілей салмағының өсуіне кеткен азық шығынын есептеуге бағытталған. Сынақ станцияларындағы бұқалардың өнімділігін әкелерінің көрсеткіштерімен салыстыру және өз өнімділігі бойынша да бағалау әдісіне негізделген. Мұнда да жоғарыда көрсеткендей құралдарды пайдалану сынақ жүргізуді және алынған нәтижені өңдеу жұмыстары жүзеге асырылады.

Сиыр сүті – шикізат (ГОСТР 52054 - 2003).

1. Қолдану аймағы.

Бұл стандарт өндірісте әртүрлі сүт өнімдерін өндіру үшін балаларға арналған сүт тағамдарын жасау мақсатында республикада өндірілетін немесе сыртқа шығарып сататын сиыр сүтіне арналған. Мұнда сүт өнімінің қауіпсіздігі ескеріліп бақылау әдістері мен қабылдау ережелері және таңбалау, тасымалдау талаптары көрсетілген. Стандартта нормативтік құжаттарға (ГОСТ, МЕМ СТ) сілтемелер жасалынған.

2. Жіктелуі.

2.1. Стандартта ГОСТ Р 51917 қарастырған терминдер мен олардың түсініктемесі қолданылады: сиыр сүті – шикізат алғашқы өңдеуден өтіп, сүт немесе сүт компоненттеріне жатпайтын қоспаларды пайдаланып тазартылған және сауылғаннан кейін (4±2)0С дейін салқындатылған сүт өндірісі мен пайдалануға дайын өнім.

2.2. Сиыр сүті органолетикалық, физика – химиялық, микробиологиялық көрсеткіштеріне байланысты: бірінші, екінші және үшінші сортқа бөлінеді.

3. Жалпы техникалық талаптар.

3.1. Тағам өнімдеріне қойылатын талаптарға сай қауіпсіздігі, сапасы мен ветеринария заңдарына сәйкес инфекциялық жұқпалы аурудан таза шаруашылықтарда сауылатын сиырдан малынан алынуы тиіс.

3.2. Органалептикалық көрсеткіштер бойынша мына талаптарға сай келуі керек (12- кесте)

12- кесте

  Көрсеткіштер Сүттің сорттылық нормалары
Жоғарғы Бірінші Екінші Сортқа жатпайтын
  Консистен-циясы Біркелкі тұнбасы жоқ, түйіршіксіз сұйық, мұздатылған жіберілмейді Белок тұнбасы бар аздап механикалық қоспасы бар
  Дәмі, иісі Бөгде дәмсіз, таза сүт иісі мен дәмі бар   Азық дәмі білініп тұрады
  Көктем мен қысқы мерзімде аздап азық дәмі шығып тұрады
Түсі Ақ түстен ашық сары түске дейін Крем түстес, ашық көк т.б.

3.3. Сүт физика – химиялық көрсеткіш талаптары бойынша 13 кестедегідей болуы тиіс.

13- кесте

Көрсеткіштер Сүттің сорттылық нормалары
Жоғарғы Бірінші Екінші Сортқа жатпайтын
Қышқылдығы, 0Т 16,0-18,0 16,0-18,0 16,0-20,99 15,99 кем емес, 21,00 аспауы керек
Тазалық тобы, кем емес I I II III
Тығыздығы, кг/м3, аз емес 1028,0 1027,0 1027,0 1026,9 кем емес
Мұздату температурасы, 0С - 0,520 жоғары емес - 0,520 жоғары

3.4. Афлатоксин, антрибиотиктер, ингибирлеуші элементтер, радионуклидтер, пестициттер, патогендік микроорганизмдер, оның ішінде КМАФАн М және соматикалық клеткалар т.б. токсикалық элементтер санитарлы нормалық талаптарға сай болуы тиіс.

3.5. Жоғары сортқа жататын және термо – төзімділігі II сорттан төмен емес сүттер балалар тағамын дайындауға қолданылады (ГОСТ 25228).

3.6. Республика аумағында белгіленген базистік сүт майы мен белок % көрсеткіштері қолданылуы тиіс.

3.7. Сауылған сүт сүзбеден тазартылып өткізілгені жөн (фильтрлеу). Сауылғаннан кейін температурасы (4±2)0С жағдайында сүт шаруашылықта екі сағаттан артық ұсталмауы тиіс.

3.8. Таңбалануы

3.8.1. Тасымалдау кезінде өткізушіден өнімге мынадай таңбалау – ақпараттық көрсеткіштер талап етіледі (жеке тұлғадан): өнімнің аты; өткізушінің аты – жөні; мекен – жайы; көлемі (л).

3.8.2. Тасымалдау кезінде өткізушіден өнімге мынадай таңбалау – ақпараттық көрсеткіштер талап етіледі (заңды тұлғадан): өнімнің аты; өткізуші аты – жөні; мекен – жайы; мемлекет аты; партия нөмері; күні мен уақыты; сүт температурасы; қолданылған стандарт белгісі.

4. Қабылдау ережелері.

4.1. Бұзауды енесінен айырғаннан кейін жеті күнге дейінгі және суалу бес күнге қалғанға дейінгі сүт тағамға пайдалануға жарамсыз деп танылады.

4.2. Қабылдау ережесі – ГОСТ 13928 бойынша жүргізіледі және ветеринарлық, қауіпсіздік пен сапасына белгіленген тәртіп бойынша куәлік (анықтама) беріледі. Бұл сапасы мен қауіпсіздік қамтамасыз ететін куәлікте мынадай көрсеткіштер белгіленеді: куәлік нөмері мен берілген күні; өткізушінің аты – жөні мен мекен – жайы; өнім аты мен сорты; партия номері; жіберілген күні, уақыты; партия мөлшері (л); сараптау нәтижесінің көрсеткіштері; ветеринарлық құжаттың нөмері мен берілу уақыты (анықтама) және оны берген мемлекеттік мекеме аты; пайдаланылған стандарт нөмері мен сілтемелер.

4.3. Сүт қабылдау кезіндегі сапасын бақылау мерзімі мен көрсеткіштері (14 кестеде).

4.4. Стандартта көрсетілген 3.4. көрсеткіштері бойынша бақылауды денсаулық сақтау мекемелерінің рұқсаты бойынша жүргізеді.

14- кесте

  Бақылайтын көрсеткіштер   Бақылау мерзімі Қайта бақылау кезіндегі сынақ әдістері
Өткізуші сұрануы бойынша Күмән туған жағдайда
Органолептикалық Күнделікті әр партиядан ГОСТ 28283 ГОСТ 28283
Температура, 0С Күнделікті әр партиядан ГОСТ 26754 ГОСТ 26754
Титірлеу қышқылы, 0Т Күнделікті әр партиядан ГОСТ 3624 ГОСТ 3624 (2.2)
Май массасының үлесі, % Күнделікті әр партиядан ГОСТ 5867 ГОСТ 22760
Тығыздығы, кг/м3 Күнделікті әр партиядан ГОСТ 3625 ГОСТ 3625
Жиілік тобы Күнделікті әр партиядан ГОСТ 8218 ГОСТ 8218
Бактериялық ұрықтану, КОЕ/г 10 күнде бір рет ГОСТ 9225 ГОСТ 9225
Белок массасы, % бір айда екі рет ГОСТ 25179 ГОСТ 23327
Қату температурасы 0С, күнделікті әр партияда ГОСТ 25101 ГОСТ 30562
Фосфатаза құрамы күмән туған кезде ГОСТ 3623 ГОСТ 3623
Термотөзімділік тобы Күнделікті әр партияда ГОСТ 25228 ГОСТ 25228
Соматикалық кл.құрамы, мың/см3 10 күнде бір рет ГОСТ 23453 ГОСТ 23453
Ингибрлік заттары 10 күнде бір рет ГОСТ 23454 ГОСТ р 51600

4.5. Барлық көрсеткіштері бойынша стандарт талаптарына сай келіп, сүтте ингибрлік заттар табылса, бұл сортқа жатпайтын өнім болып есептелінеді. Мұндай сүттің келесі партиясы міндетті түрде арнайы тексеруден өтіп ингибрлік заттары жоқтығы расталғаннан кейін ғана қабылданады.

4.6. Сүттің химиялық және микробиологиялық тазалығы бақылау арнайы белгіленген талаптарға сай жүргізіледі.

4.7. Сүттің сапасы бір белгісінен (көрсеткішінен) болса да күмән туғызса, сараптауды сол партиядан қайта жүргізеді, бірақ үлгісінің мөлшері артығырақ алынады. Екінші қайтара жасалған сараптау нәтижесі соңғы, әрі нақты болып табылады және сол партияға өз күшін сақтайды.

4.8. Егер сүт органолептикалық, физика – химиялық, микробиологиялық көрсеткіштері бойынша талаптарға сай келіп, тығыздығы 1026 кг/м3, қышқылдығы 150Т немесе 210Т болса, онда мұндай сүтті екінші сортты өнім қатарына жатқызады. Бақылау үлгісін алудың мерзімі 14 күннен аспауы тиіс.

Наши рекомендации