Натрий арсенатын бергеннен кейінгі торайлардың мүшелері мен ұлпаларындағы мышьяктың мөлшері
( Гарнер бойынша)
Мүшелер мен ұлпалар | Мүшелер мен ұлпалардағы 1 кг/мг-ға шаққандағы мышьяк мөлшері | Мүшелер мен ұлпалар | Мүшелер мен ұлпалардағы 1 кг/мг-ға шаққандағы мышьяк мөлшері | ||
Препаратты бергеннен кейінгі 3- ші күн | Препаратты бергеннен кейінгі 8-ші күн | Препаратты бергеннен кейінгі 3- ші күн | Препаратты бергеннен кейінгі 8-ші күн | ||
қарында | 0,30 | 0,10 | Көк бауырда | 0,28 | 0,08 |
Аш ішекте | 0,50 | 0,30 | қанда | 0,30 | 0,14 |
Тоқ ішекте | 0,45 | 0,10 | өтте | 0,50 | 0,24 |
бауырда | 2,12 | 2,10 | майда | 0,10 | 0,45 |
Ұйқы безінде | 0,25 | 0,20 | Бұлшық етте | 0,32 | 0,12 |
жүректе | 0,37 | 0,08 | сүйекте | 0,21 | 0,08 |
бүйректе | 0,77 | 0,40 | теріде | 0,30 | 0,10 |
бауырда | 0,47 | 0,75 | Тері жабындысында | 3,50 | 2,00 |
Барлық мүшелердің капиллярлары зақымданады, бірақ соның ішіндегі айқын өзгерістер ішек капиллярларында білінеді. Капиллярлардың зақымдану механизмі өте күрделі. Жылдам сіңірілген мышьяк тікелей миға әсер етеді. Осыған орай оны жүйке уы депте санауға болады. Мышьяктың бүйрек арқылы бөлінуі негізінен апталап, айлап ұзақ уақытқа созылады. Ол тек зәр арқылы ғана емес, сонымен қатар, нәжіспен, сүтпен және жатыр бөлінділері арқылы сыртқа шығады.
Алиментарлы (ауыз қуысы арқылы) енген мышьяк препараттарының жануарлар үшін орташа летальды мөлшері (г)
(Гарнер бойынша)
Рет-тік саны | Малдың түрі | Мышьякты ангидрид | Натрий арсениті |
Мүйізді ірі қара малы | 15,0-45,0 | 1,0-4,0 | |
қой | 3,0-10,0 | 0,2-0,5 | |
Шошқа | 0,5-1,0 | 0,05-0,1 | |
Жылқы | 10,0-45,0 | 1,0-3,0 | |
Ит | 0,1-1,5 | 0,05-0,15 | |
Құстар | 0,05-0,3 | 0,01-0,1 |
Мышьяк және оның қосылыстарынан уланудың клиникалық белгілері. Мышьяк және оның препараттарынан улану жануарларда жіті және созылмалы түрде өтеді. Жоғарыда келтірілгендей, ол әртүрлі себептерге байланысты; уланудың келіп түскен мөлшері, күйі (құрғақ күйі, ерітінді түрінде), түсу жолдары, жануарлардың сезімталдығы және т.б. Барлық жануарларда клиникалық белгі негізінен, не ас қорыту жолдарының, не жүйке жүйесінің зақымдануымен белгіленеді.
Осыған байланысты, уланудың асқазандық (ауыз арқылы) және жүйкелік салдану (тері арқылы әсер ету) түрін ажыратуға болады.
Ірі қара малдың мышьякпен жіті улану кезіндегі клиникалық белгілері Улану жіті және созылмалы түрде өтеді. Жіті улану кезінде, әдетте, алғашқы тәуліктерде, кейде 12 сағат ішінде білінеді. Алғашқыда әртүрлі қабынумен және мазасызданумен сипатталынса, кейіннен малдың қажу- күйзелуін байқауға болады. Бірінші тәуліктің аяғына қарай еріксіз бұлшық еттің дірілі (бас, қабырға), жануарлардың азықтан бас тартуы, суды аз мөлшерде қабылдауы, сілекей ағу сияқты белгілер байқалады.
Удың ағзаға бір тәуліктен кейін ас қорыту жолдары арқылы түскеннен кейін тимпания белгілері алдыңғы қарында едәуір немесе толық атония, перистальтиканың шуғыл әлсіреуі байқалады.
Жүрек қызметі әлсірейді. Тамыр соғуы жиілейді, кілегейлі қабықтар, әсіресе, коньюктивада гиперемия байқалады, көз қарашығы кеңейген. Өкпені тыңдағанда ылғалды сырыл естіледі. Өлерінің алдында тырысу және аяқтарының азуы байқалады. Өлімнің себебі: тыныс алу орталығының салдануы
Мышьяк препараттарымен уланудың созылмалы түрінде малдың тәбеті бұзылады. Жалпы әлсіздік байқалады және малдың біртіндеп сүттілігі төмендейді, іш тастайды т.б.
Ұсақ мал, қойдың мышьякпен улануы жиі кездеседі. Бұл жағдай, мышьяк препараттарының кейбіреулерін тоғышарлық ауруларға (қотыр, биттеу) қарсы ванна түрінде қолданумен түсіндіріледі.
Қойдың улануының клиникалық белгілерінің ірі қара малдарынан онша айырмашылығы жоқ. Ерекше көзге түсетіні малдың құлағы және мүйізі суйды, мал күйзеледі, терлейді, ауыздың шеті көбіктеніп тұрады, бұлшық еті дірілдейді, мал ұйқылы жағдайда болады. Мал жатқанда басын астына қарай бұрады. Тамыр соғысы (120-200)тынысы жиілейді (30-60),кілегейлі қабығы көгереді (цианоз).
Арқасы пальпация кезінде ауырсынады. Руминациясы баяулаған, жіті жағдайы малдың өліміне әкеп соғады.
Шошқалар жіті түрде уланады. Мал күйзеледі, төсеніштің астына кіріп кетеді, тәбеті нашарлайды, құлағы мен құйрығының сууы байқалады. Қатты мазасыздану байқалмайды. Зерттеу кезінде ауыз қуысының кілегейлі қабығының ойық жарасы және эрозия байқалады. Соңы өлімнен аяқталады.
Жылқының жіті улануы 4-6 сағаттан 2-3 тәулікке дейін созылады. Малдың жалпы күйзелуі байқалады. Мал азықтан бас тартады. Басын салбыратып, ұйқылы күйде тұрады. Бас, мойын және артқы аяқ бұлшық еттері әлсін-әлсін тартылады. Ал, уланудың ауыр түрінде жануар көбінесе жатады. Жатқан кезде аяқтарын астына жиып алады, ауырсынады, ішіне қарай береді. Сілекейдің тоқтауы да мүмкін. Алғашқы сағаттарда дефикация және зәр бөлу процессінде өзгерістер болмайды. Іш өту 4-5 сағаттан кейін немесе одан кеш басталуы мүмкін. Нәжіс қан аралас, кейінен ішектің шырышты қабығымен аралас шығады. Дене температурасы қалыпты, кейде төмен. Ал созылмалы өткенде, яғни 2 тәуліктен асқан кезде, мұрын қуысынан серозды сұйық ағады, коньюктива қабынады және ішек атониясы байқалады.
Ит және мысық. Ет қоректілерде мышьяк қосылыстарымен улану кездейсоқ немесе өте сирек кездеседі. Ақ мышьяктан улану мөлшері ауыз арқылы түскенде иттерге 0,1-1 г, мысыққа 0,05-0,1.
Клиникалық белгілері. жалпы әлсіздік, жүрек қызметі нашарлайды, құсады. У түскеннен кейін 6 сағаттан 2 тәулік арасында жануарлар өледі.
Құстардың мышьякпен улануы. Тауықтар және күрке тауықтар жиі, үйректер және қаздар сирек уланады. Құстардың бұл заттардан улануы кеміргіштерге қарсы қолданылған мышьяк препараттарын шоқып жегеннен және улы химикаттарды дұрыс жерде сақтамағаннан болады.
Тауықтарда жіті улану кездерінде айдарында және сырғалығында цианоз байқалады, жұтынуы қиындайды және өңешке пальпация жасағанда қатты ауырынады, жалпы әлсірейді, шөлдейді, дене температурасы төмендейді.
Созылмалы уланған құс арықтайды, нәжісіне қан араласады.
Балау - клиникалық белгілеріне қарсы және зәр, нәжіс, ал иттерге шошқаларда құсықты химиялық талдау нәтижесіне қарай қойылады.
Өлгеннен кейінгі балау мүшелердегі патологиялық- анатомиялық өзгерістеріне қарап қойылады.
Болжам - улану жағдайына қарай, яғни уланудың ауыр түрінде қолайсыз.
Емі. Унитиолды жануарларға тамыр арқылы және ауыз арқылы береді (тері және бұлшық етке қолданбайлы, өйткені абсцесті қабыну реакциясы туындайды). Унитиол ерітіндісін күре тамыр арқылы баяу жібереді. Бұларды 40%-ды стерильді глюкозада дайындайды немес ерігеннен кейін стерильдейді.
Ауыз арқылы бергенде стерилизацияның керегі жоқ. Унитиол ертіндісінің концентрациясы 10%-ды.
Жануарлардың жіті улану кезіндегі унитиолдың күре тамыр арқылы берілетін мөлшері ірі қараға 10-20мг/кг, шошқаға, ешкіге, итке және құсқа 25 мг/кг, қойға 50мг/кг. Ал ауыз арқылы мөлшерін екі есе көбейтіп береді.
Уланудың созылмалы түрінде ауыз арқылы 8-10 күн береді (0,05мг/кг).
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Өлімге әкелетін жіті улану кезінде тері асты шелінде, әсіресе құрсақ қуысында тамырларда қанқұюлар байқалады. Лимфа түйіндері үлкейген, қара-сұр түсті, жұмсарған, қабықты және милы қабаттың шекарасы тегістелген. Асқазанның кілегейлі қабығы гиперемияланған, геморрагиялық қабынған. Кей жерлерде ойық жаралар кезедседі. Ішектер толығымен зақымдалады, әсіресе тоқ ішек қатты өзгерістерге ұшырайды. Ішек ішіндегі жынға қан және шырын араласқан. Тоқ ішекте қан құйылуы байқалады. Созылмалы улануда бауыр атрофияланады. Жіті кезінде бауыр борпылдақ, бас шеті жуандаған, сұр майлы түстенеді. Өт қабы үлкейген және өтке толған. Бүйрек үлкейген, консистенциясы болбыр, жүректің көлемі үлкейген, жүрек қабында сары түсті экссудат жиналған. Жүрек бұлшық еті болбыр, эпикард және эндокард астында қан құйылу байқалады.
Алдын алу. Алдын алу шаралары улы заттарды дұрыс қолданудан басталады. Астық-жеміс зиянкестерімен күресу үшін құрамында мышьяк қатысқан (протарс, арсенит т.б.) қосылыстардың өте кең қолданылуын ескере отырып, оларды қолдану өте қатаң, түрде жүргізілу керек. Бұл заттарды астық сақтайтын қоймаларда сақтауға тиым салынуы, олармен жұмыс істеу кезінде сақтық шараларының ескерілуі және мышьяк құрылымды препараттарды қолданған кезде әрқашан ескерілетін мөлшерін сақтау керек.