Заттар мен жан-жануарды эвакуация

жасау: заттардың құрып кету қаупі тұрған кезде,оларды өрттен шығара бастауға

адамдарды құтқарған соң кіріседі. Жан-

жануарды құтқару кезінде топпен жасаған жөн. Өрттен шығарылған заттарды алыс жерге

қойған жөн. 4.Өртті өшіру түрлері: сумен өшіру,көбікпен өшіру,газбен өшіру,бумен

өшіру.Өрт сөндіргіш құралдары: -судың ағыны,шашыраған және бу түрін пайдаланатын;-химиялық ж/е ауа –механикалық көбіктер

-инерттік газдар;-ұнтақ құрғақ газдар. Сумен сөндіру: ең қарапайым әдіс. Өрттің жану

шартына байланысты суды бағытталған ағым,шашырату түрінде пайдалану.ал суды шашыратып себу бағытталған ағыннан гөрі тиімдірек, себебі бұл ретте су үлкен ауқымды

өшіре алады.Көбікпен сөндіру: тез тұтанатын сұйықтарды ток қуаты жүріп жатқан

қондырғыдағы өртті сумен сөндірмейді,себебі

ток ұруы мүмкін. Яғни осы сәтте газ бен сұйық құрылған көбікті пайдаланады. Бұның өзі екі

түрі бар:- химия көбігі.-ауалық-механикалық

көбік.Газбен сөндіру: газбен сөндіру

құралдарына өртті көмірқышқылмен ж/е галоидтелінген көмірсутегімен сөндіруді

жатқызады. Көмірқышқыл галоидті

көмірсутегі адамға зиян келтірмейді. Өртті

газбен сөндіруде мыналар қолданылады:-көмірқышқылының автоматты қондырғылары:

- жылжымалы көмірқышқыл өртсөндіргіші:

-қол өртсөндіргіші.Бумен сөндіру: өртті

бумен сөндіру әдісі жанып жатқан заттарға

отегінің келуін шектеу әдісі. Өрт пайда

болған ж/е оны өшіру кезіндеұстамдылық,жағдайды жедел бағалау,қабілетін ұстап,дұрыс шешім қабылдау қажет. Өзің абдырамай жүйкеңді жұқартпай,басқалардың үрейленуіне жол

бермеген дұрыс.

Өндіріс орындарындағы өрт кезінде әр қызметкердің бірінші міндеті болып материалды бағалы заттар мен адамдарды құтқару болып табылады. Өрт шыққан кезде әр қызметкер міндетті:

1. бірден 01 телефонына звондап, жақын маңдағы өрт сөндіруші мекемеге өрт туралы хабарлау және жоғарғы мекемеге, басқармаға жағдайды айту.

2. мекемеден адамдарды шығаруда қолынан келетін іс-әрекеттерін аямау. Адамдарды шығаруды еңт алдымен өрт басталған ғимараттан, содан кейін өрттің таралу қаупі бар ғимараттардан шығару керек. 3. эвакуацияланған адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру.

4. эвакуациямен қатар шама келгенше өз күшімен және ғимаратта бар өрт сөндіргіш заттармен өртті сөндіруге ат салысу.

5. шақырылған өрт сөндірушілердің бастығына болған жайды дұрыс түсіндіріп бере алатын адамды дайындау.

- өрт шыққан жерге жақындау жолдарын;

- өрт гидранттарының орналасуын;

- жанып, түтінденіп жатқан ғимараттан адамдардың бәрі эвакуация жасалды ма және қай ғимараттарда тағы адамдар бар екендігін ТЕКСЕРУ КЕРЕК.

40 Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс-әрекеті.

Жарылыс-бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен

санының босауы. Ол қысымы өте жоғары

қатты ысыған газдың пайда болуына алып келеді,аяқ асты кеңейген жағдайда

қоршаған денеге соққылық механикалық

әсер етеді. Жарылыс қатты ортада

төңірегін бұзып,ұсақтайды,ауаның судың жойқын әсердегі ауалық н/се

гидрарликалық соққы толқындарын құрайды.жарылу қауіпі бар объектілерге қорғаныс,мұнай өндіруші ж/е ұқсатушы,

мұнай химия, газ,тоқыма,химия

объектілері,нан өнімдерімен дәрі-дәрмек өнеркәсібі, жылдам тұтанатын ж/е

жанатын сұйықтар,сұйытылатын газ

қоймалары жатады. Кәсіпорында ауаның,бензиннің,табиғи газдың буынан

қант ж/е ағаш шаңынан жинақталуынан

пайда болған ауа қоспасы жарылысты

болдырмау үшін, 1-ші кезекте ықтимал от

шығу көздерін жоюды ж/е кәсіпорындарды қорғауға бағытталған шараларды жүргізеді. Олардың негізгілері мыналар: -жарылыс

кезінде ең жоғарғы қысымға тең жүктемені көтеруге қабілетті берік қоршауды,құрылғыларды жобалау;-жарылу

қаупі бар аймақтарда оттегі құрамы қажетті жанудан аз болатын инертті ортаны, берік қағидалар мен жарылу қауіпі бар аймақты оқшауландыру.-жарылу қауіпі бар өндірісті жарылыс болған жағдайда қоршаған ортаға

залал келмейтіндей жерлерге орналастыру;

-жарылыс кезінде пайда болған қысымды

шығару үшін арнайы сақтандырғыш клапандарын орнату;1989жылы 20мамырда Алматы-2теміржол станциясында сұйық

пропан құйылған цистернаның жарылысы кезінде 34адам қаза болып,100адам

жарақат алды. 2000жылы республикада

газды пайдалану бұзудан тұрғын үй

секторында 35жарылыс болды бұдан

49адам зардап шегіп оның 9қаза болды.

Жарылыс ж/е өрт қаупі бойынша барлық өнеркәсіп орындары 6категорияға:

А,Б,В,Д,Г,Е. Әсіресе А категориясына

жататын мұнай өңдейтін ж/е

хим кәсіпорында,мұнай өнімдерінің

қоймасы газ шаруашылығы ж/е т.б жатады. Көмір шаңын,ағаш ұнтағын.қант

қоспасы даярлайтын ж/е тасымалдайтын цехтар,сондай-ак Б категориясына жататын өзгеде нысандармен ағаш кесуі,ағаш өңдеу,ұста,ағаш ыдыс өндірісі ж/е В категориясына жататын өзге нысандарда

қауіпті. Бүкіл құрылыс материалдары

3топқа бөлінеді: жанбайтын,қиын жанатын,жанатын.

Егер сіз отырған ғимаратта жарылыс болған болса, ең бастысы – сабырлылық сақтау. Аман шығатыныңызға сенімді болыңыз. Жарылыс болғаннан кейін бұл ғимараттан мүмкіндігінше тезірек шығу керек. Қажетті заттарыңызды жинаймын немесе қоңырау шаламын деп ғимаратта бөгеліп қалмаңыз. Егер сіздің айналаңызда заттар, бөлшектер құлап жатса жедел парта немесе столдың астына заттардың құлауы тоқтағанша тығылып қалыңыз, содан кейін тез арада ғимараттан шығуға тырысыңыз. Лифтпен пайдаланушы болмаңыз! Жарылыстан кейін өрт шыққан болса, сізге мүмкіндігінше төмен иіліп тіпті еңбектеп жүруіңіз керек, бұл жағдайда сіз тезірек ғимараттан шығуыңыз керек. Бетіңізді сулы шүберекпен немесе киіммен орап алыңыз, сол арқылы демалыңыз. Егер ғимаратта өрт болып жатса ал сіздің алдыңызда есік жабық тұрса, оны ашпастан бұран тұтқасын қолмен ақырын ғана түртіп көру керек. Егер тұтқасы ыстық болмаса ақырын ашып көрші ғимаратта өрт жоқ па деп көріңіз де кедергілер болмаса басыңызды төмен басып сыртқа шығып кетіңіз. Егер түтін мен өрт шығуға кедергі жасаса есікті жауып басқа шығатын жол іздеңіз. Ғимараттан сонымен қатар терезе арқылы шығуға болады. Егер сіз ғимараттан шыға алмасаңыз құтқарушыларға көмек керектігі жайында белгі беріңіз. Бұл үшін киіммен немесе затпен бұлғаңыз.

Наши рекомендации