Глифталь шайырын алу жолын көрсету, реакциясын жазыңыз, кинетикасын анықтау жолын көрсетіңіз.
Глифталь шайырын фталь ангидриді мен глицеринді поликонденсациялау арқылы алады. Арнайы ыдысқа фталь ангидриді мен глицеринді салып ауа немесе май қыздырғышта 2-3 сағат бойында 120˚С тан асырмай қыздырады.
Процестің кинетикасын анықтау .шін алдын ала өлшенген колбаларға 15, 30, 45, 60 мин уақыт аралықтарында, 0,3-0.5г болатын сынамаларды біркелкі реакциялық ортадан алып, қышқылдық санын анықтайды. Поликанденсация біткен сқң шайырды фарфор табақшасына құяды.
Полиэтерификация реакциясы жүре түскен сайын, реакциялық ортада қышқылдық саны азайып, ортадан бөлінген су мөлшері көбейеді. Поликонденсациядың әр сатысында қышқылдық саны мен бөлінген судың мөлшерін анықтау, процестің кинетикасын толық зерттеуге мүмкіндік береді.
Қышқылдық сан стандартты әдіспен, яғни реакциялық ортадан алынған сынаманы 10мл (бензол мен спирт 1:1 көлемі бойынша) қоспасында ерітіп бір екі тамшы фенолфталейн тамызып, ерітіндіні 0,1н KOH ерітіндісімен титрлеу арқылы анықталады. Қышқылдық санның уақытқа байланысты графикалық өрнегін тұрғызады. Қышқылдық санды мына теңдеумен анықтайды:
KC=(a*T*1000)/g
Мұндағы, a-зерттелетін заты бар колбаны 0,1н KOH ерітіндісімен титрлеуге кеткен мөлшері, мл;
T-0,1н KOH ерітіндісің титрі г/мл;
g-зерттелетін заттың мөлшері, г;
54) Полимерлердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз.
Полимерлердің көпшілік қызықты да ерекше қасиеттері олардың өте жоғары молекулалық массасына байланысты. Мысалы, полимерлерге тән маңызды механикалық беріктік қасиет, оның молекулалық массасы белгілі бір шамадан артқанда ғана байқалады. Әдетте полимердің қажетті қасиеттері молекулалық массаның белгілі бір аралығында сақталады. Ол аралық полимердің табиғатына, құрылымына, алу жолдарына тікелей байланысты.
Жоғары молекулалық полимергомологтардың қоспаларын бір бірінен бөліп, белгілі бір молекулалық массасы бар дербес зат алу мүмкін емес. Мұндай полимерлер орташа молекулалық массамен өрнектеледі. Орташалау әдісіне байланысты молекулалық масса орташасандық, орташамассалық және орташатұтқырлық болып бөлінеді.
Орташасандық молекулалық масса полимер ерітіндісінің қату температурасының төмендеуі (криоскопия), қайнау температурасының өсуі (эбулиоскопия), осмос қысымы мен бу қысымының төмендеуі сияқты концентрацияға не молеккула санына тәуелді қасиеттерді өлшеу арқылы анықталады.
Орташамассалық молекулалық масса жарық шашырауының таралуын өлшеу арқылы, ультрацентрифуга және диффузия әдістерімен анықталады. Ультрацентрифуга әдісі(жылдамдық седиментациясы) молекулалық массасылық таралудың сандық сипаттамасын дәл бере алады. Ортадан тепкіш өрісте макромолекулалардың шөгу жылдамдығы олардың молекулалық массасына байланысты. Центрден тепкіш күштің әсерінен полимер бөлшектері ұяшық түбіне шөге бастайды да,ерітінді мен еріткіш арасында айқын шекара пайда болады. Тұнба шөккен сайын бұл шекара түбіне қарай ығысады. Шекараның жылжу жылдамдығы макромолекулалардың шөгу жылдамдығына тең. Белгілі бір уақыт аралығындағы бағана биіктігінің өзгерісін фотопластинкаға түсіріп алып тұрып,алынған седиментациялық диаграмманы әр түрлі жолдармен өңдеп, полимердің молекулалық таралу қисығын тұрғызады. Бұл әдіс таралудың сандық көрінісін дәл көрсеткенімен біршама күрделі және қымбат құрылғыны талап етеді.
Турбидиметриялық әдіс ролимер ерітіндісін тұндырғышпен титрлеп, оптикалық тығыздықты өлшейтін аспаптурбидиметр арқылы сұйытылған ерітіндінің лайлылығын өлшеуге негізделген. Ерітіндінің лайлылығы мен қосылған тұндырғыштың мөлшерінің арасындағы байланысты көрсететін турбидиметриялық қисық полимердің молекулалық массалық таралуының сапалық сипаттамасын береді.
Орташатұтқырлық молекулалық массаны анықтауға вискозиметриялық әдіс қолданылады.
55) Анионды полимерлеу әдісіне түсетін мономерлер, олардың формуласын жазыңыз.
Аниондық полимерленуде өсіп келе жатқан активті тізбектің соңында теріс заряд болады. Аниондық полимерленуде винилді және дивинилді қатардағы, қос байланыс жанында электронакцепторлы орынбасарлары бар мономерлер оңай түседі, мысалы цианды винилиден, нитроэтилен, акрилонитрил, метакрилонитрил, акрил және метакрил эфирлері және т.б. Элетронакцепторлы орынбасарлар қос байланыстың электрофильдігін арттырып, түзілген аниондарды тұрақтандырады. Мұндай мономерлердің аниондық полимерлену қабілеттігі орынбасарлардың электртерістігіне байланысты өседі. Сонымен қатар карбонилді қосылыстар, мысалы, альдегидтер және басқалар да түсе алады.
CH2=CH→CN цианды винилиден
CH2=CH→NO2 нитроэтилен
CH2=CH→C6H5