Оқытылушылардың білімін және компетенциясын бағалау критерийлері
Білімін бағалау | Бағалау критерийлері |
«Өте жақсы» - әріптік символы «А», сандық эквиваленті 4,0 және пайыздық мөлшері 95-100% және «А-», сандық эквиваленті 3,67 және пайыздық мөлшері 90-94%. | Бұл баға оқытылушыға бағдарлама материалын толық меңгергенін көрсетсе және ешқандай қате жібермесе, бақылау және лабораториялық жұмыстарды дер кезінде және қатесіз орындап, олар бойынша есеп берсе, жұмыс нәтижелерін талдауда өзінің ерекше ойлау қабілетін көрсетсе, коллоквиумдарды мерзімінде қатесіз тапсырып, үй тапсырмаларын мерзімінде орындап, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысса, пәнді зерттеу барысында өздігінен қосымша ғылыми әдебиетті қолданса, бағдарлама материалын өздігінен жүйелей алатын болса қойылады. |
«Жақсы» - әріптік символы «В+», сандық эквиваленті 3,33 және пайыздық мөлшері 85-89%, «В», сандық эквиваленті 3,0 және пайыздық мөлшері 80-84% және «В-», сандық эквиваленті 2,67 және пайыздық мөлшері 75-79%. | Бұл баға егер студент бағдарлама материалын 75% төмен емес меңгерген болса, жауап беру кезінде өрескел қателіктер жібермеген, бақылау және лабораториялық жұмыстарды дер кезінде орындап, оларды қатесіз, ескертулерсіз тапсырғанда, коллоквиумдарды мерзімінде тапсырып, үй тапсырмаларын ескертусіз, қателіктерсіз орындағанда, оқытушының нұсқауымен қосымша оқулықтарды қолданғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, кейбір өрескел емес қателіктер жіберіп, оларды өзі жоя алса, оқытушының көмегімен бағдарлама материалын жүйелей алған болса қойылады. |
«Қанағаттанарлық» - әріптік символы «С+», сандық эквиваленті 2,33 және пайыздық мөлшері 70-74, «С», сандық эквиваленті 2,0 және пайыздық мөлшері 65-69%, «С-», сандық эквиваленті 1,67 және пайыздық мөлшері 60-64%, «D+», сандық эквиваленті 1,33 және пайыздық мөлшері 55-59% және «D», сандық эквиваленті 1,0 және пайыздық мөлшері 50-54%. | Бұл баға егер студент бағдарлама материалын 50% төмен емес меңгерген болса, бақылау және лабораториялық жұмыстарды, үй тапсырмаларын орындағанда оқытушының көмегіне жүгінсе, коллоквиум тапсыру кезінде өрескел емес қателіктер жіберген болса, зерттеу жұмысында белсенділік танытпай, оқытушының көрсеткен оқулық әдебиетімен шектелген болса, материалды жүйелеуде қиындықтарды сезінген болса қойылады. |
«Қанағаттанарлықсыз» - әріптік символы «F», сандық эквиваленті 0 және пайыздық мөлшері 0-49%. | Бұл баға егер студент бағдарламада көрсетілген негізгі материалды, пән бағдарламасының жартысынан басым бөлігін меңгермегенде, жауаптарында қателіктер жібергенде, ағымдық, аралық және қортынды бақылау формаларында көрсетілген тапсырмаларды орындамағанда, бағдарламада көрсетілген барлық негізгі оқулық әдебиеттерді толық оқымағанда қойылады. |
Оқу жұмыс жоспарындағы пәннен семестр бойынша ағымдағы үлгерім рейтингін есептегенде студенттің алған барлық бағалары: аудиториялық сабақтар, ОӨЖ және аралық бақылаудың бағалары ескеріледі.
Рейтингті есептеу салмақтық коэффициенттерді ескеріп жүргізіледі:
- Жүйелік оқыту бойынша – аралық бақылау үшін (АБ) – 0,4; практикалық сабақтар үшін (ПС) – 0,4; ОӨЖ үшін – 0,2.
1. Академиялық мерзім немесе оқу жылы бойынша пәннен ағымдық үлгерім рейтингі оқу жұмысының әрбір түрлері үшін есептелініп, оқытылушының жинаған балдарының қосындысын берілген жұмыс түрі үшін салмақтық коэффициенттерді ескере отырып қойылған бағаның ең мүмкін болатын максимал санына бөлу арқылы анықталады.
Практикалық сабақтар рейтингін есептеу (РПС):
(жүйелік технология үшін)
мұнда: n1, n2,…ni – практикалық сабақтардың бағалары; төменгі индекстері – жорнал бойынша бағаның реттік нөмірі;
k – тақырыптық жоспарға сәйкес бағалардың максимал мүмкін саны.
Кредиттік технология үшін ОӨЖ рейтингін есептеу:
мұнда: n1, n2,…ni – ОӨЖ үшін бағалар; төменгі индекстері – жорнал бойынша бағаның реттік нөмірі;
k – тақырыптық жоспарға сәйкес бағалардың максимал мүмкін саны.
Жүйелік және кредиттік технология үшін аралық бақылаудың рейтингін (АБР) есептеу: аралық бақылауда алған баға × 0,4.