Түйісу төзімділігі шегін σHlim анықтауға арналған формулалар кестесі
Тістерді термиялық және химия-термиялық өңдеу әдісі | Тістер беттерінің орташа қаттылығы | Болат | Мәндерді есептеудің формуласы |
1. жұмсарту, қалыптастыру немесе жақсарту | 350 HB кем | Көміртекті және легирленген | σHlim=2HHB+70 |
2. Көлемдік және беттік шынықтыру | 38…50 HRC | σHlim=17HHRC+200 | |
3. Цементтеу және нитроцементтеу | 56 HRC жоғары | Легирленген | σHlim=23HHRC |
4. Азоттау | 550…750 HV | σHlim=1050 | |
Ескерту:HRC, HB, HVбірліктеріндебейнеленген қаттылықтар арасындағы қатынастар 12.2-сурет бойынша анықталады. |
12.3-сурет.Шыдам мерзімі коэффициентін ZN
анықтайтын график
егер
≤
болғанда, (12.19)
бірақ біртекті құрылымды материалдар үшін 2,6-дан көп емес және беттік қатайтылған материалдар үшін 1,8-ден көп емес;
егер
>
, бірақ 0,75-тен кем емес (12.20)Эквивалентті циклдер әдісін пайдаланғанда Nk орнына NHE қояды.
NHlim – кернеу циклдерінің базалық саны, ол төзімділік шегіне сәйкес келеді және график (12.4-сурет) немесе формула бойынша анықталады
≤
(12.21)
12.4-сурет. Кернеу өзгеруі циклдерінің базалық
санын NHlim анықтайтын график
Айналу жиілігі n, мин-1 және уақытты Lh, сағ. кезіндегі, кернеулер өзгерісінің циклдар сандарындағы беріліс ресурсы Nk:
, (12.22)
мұндағы n3 – есептелетін дөңгелектің бір айналымындағы тістің ілінісуге кіруінің саны (сандық жағынан, есептелетінмен ілінісуде тұрған, дөңгелектер санына тең). Жалпы жағдайда беріліс жұмысының жиынтық уақытын Lh (сағ) формула бойынша есептейді:
(12.23)
мұндағы L – жұмыстың жылмен есептелген саны;
kгод – берілісті жылдық пайдалану коэффициенті (kгод ≤ 1);
kсут - берілісті тәуліктік пайдалану коэффициенті (kсут ≤ 1).
Шаршау қисығына сәйкес σН кернеулер σHlim мәнінен төмен мәнге ие бола алмайды. Сондықтан Nk >NHlim кезінде және де, сәйкесінше, ZH=1 болса, (12.19) формуласындағы теңсіздік белгісін ескереді. Екінші теңсіздік белгісі пластикалық деформацияны немесе беттік қабаттың морт қирауын болдырмау шартымен рауалы кернеулерді шектейді: ZNmax = 2.6, біртекті құрылымды материалдар үшін (жақсартылған, көлемдік-шыныққан) және ZNmax = 1.8 беттік-беріктендірілген үшін (ЖЖТ шынықтыру, цементтеу, азоттау).
Май тұтқырлығының ықпалын ескеретін ZL коэффициент, ZL=1 қабылдайды.
Тістердің түйіндесетін беттерінің кедір-бұдырлығының әсерін ескеретін коэффициентін ZR қатаң бетті жұп тісті берілісі үшін кедір-бұдырлық параметріне Ra байланысты қабылдайды (ZR =1…0.9). Үлкен мәндер тегістелген және ажарланған беттерге сәйкес келеді (Ra=0.63…1.25) үшін ZR=1, Ra=1.25…2.5 үшін ZR =0.95, Rz=10…40 үшін ZR=0.9.
Шеңберлік жылдамдықтың V әсерін ескеретін коэффициент Zv (Zv = 1…1.15) шеңберлік жылдамдыққа және түйісетін беттердің қаттылығына байланысты 12.5-сурет қисықтары немесе формулалар бойынша анықталады
H ≤ 350 HV болғанда, Zv = 0.85*v0.1 (12.24)
H > 350 HV болғанда, Zv = 0.925*v0.05 (12.25)
Тісті доңғалақтың өлшемдерін ескеретін коэффициент ZX. D < 700 мм болғанда, ZX = 1 қабылдайды, егер d > 700 мм болса, онда
. (12.26)
Тістердің түйіскен беттерінің материалдары қаттылығының төмендеуіне әсерін ескеретін коэффициенттің Zω, қабылданатын мәні Zω = 1.
Беттік қабаттың қалдық деформациясын немесе морт сынуын тудырмайтын рауалы шектік түйісу кернеуі σHPmax
, (12.27)
мұндағы σHSt – максималь, көбінесе, соққылы күшсалмақ әсері кезіндегі шектік түйісу кернеуі;
SHStmin – максималь түйісу кернеуі бойынша есептеудегі беріктік қорының минималь коэффициенті.
Тістер беттерінің жүктемелек қабілеті 12.14-кестеде келтірілген кез-келген сынбаға шарттары орындалғанда қамтамасыз етіледі.
12.5-сурет. Zv коэффициентін анықтайтын график
12.14-кесте
Тістер беттерінің жұмысқабілеттік сынбағасы
Сынбағасы | Жүктемеу қабілетінің шарты |
Кернеу | σН ≤ σНР (12.28) σНmax≤ σНРmax(12.29) |
Қауіпсіздік | SH ≥ SHmin (12.30) SHSt ≥ SHStmin (12.31) |
Ресурс | NL ≥ NK (12.32) σНmax≤ σНРmax(12.33) |
Істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы | PH(NL ≥ NK)≥ PHmin(12.34) PHSt(σНSt ≥ σНmax) ≥ PHStmax (12.35) |
Ескерту: SH – қауіпті шаршау түйісуін болдырмауға арналған беріктік қорының есептік коэффициенті
(12.36)
SHSt – максималь жүктеме кезіндегі қалдық деформацияны немесе беттік қабаттың морт сынуын болдырмауға арналған беріктік қорының есептік коэффициенті
, (12.37)
мұндағы σHmax – бүкіл қызметі кезіндегі максималь түйісу кернеуі;
NL – қызметтің есептік мерзіміне сәйкес кернеулер циклдерінің саны;
NK – қызметтің берілген мерзіміне сәйкес кернеулер циклдерінің саны;
PH – қызметтің берілген мерзімі кезіндегі істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы;
PHmin – PH минимальды регламенттелген мәні;
PHSt – максималь түйісу жүктемелері бойынша есептеу кезіндегі істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы;
PHSt min - PHSt минимальды регламенттелген мәні;