Титриметриялық анализ нәтижелерін есептеу
1. Ерітінділердің концентрациясын белгілеу.
Молярлы концентрация, СМ әрпімен белгіленеді, 1 дм3 (л) ерітіндідегі еріген заттың моль санын nA, не 1 см3 (мл) ерітіндідегі еріген заттың миллимоль санын көрсетеді. Заттың бір молі оның граммен не миллиграммен алынған молярлы массасы М(X): n(моль)=m(г)/М(X)г/моль; n(ммоль) = m(мг) / М(X) г/ммоль. Ерітіндідегі еріген заттың массасын (m) табу үшін оның моль санын бір мольдің массасына (молярлық масса) көбейту керек. Мысалы, концентрациясы 0,2 M күкірт қышқылының ерітіндісінде CH2SO4=0,2 M=0,2 моль/л; M(H2SO4)=98,08 г/моль;
m(H2SO4)=0,2 моль/л . 98,08 г/моль=19,6 г/л, яғни 19,6 г H2SO4 бір литр ерітіндіде еріп жүр. Жалпы түрде m(X)=С . M(X).
Эквиваленттің молярлы концентрациясы С(fэ, Х) әрпімен белгіленеді, 1 дм3 (л) ерітіндідегі еріген заттың мольэквивалент санын nЭ, не 1 см3 (мл) ерітіндідегі еріген заттың миллимольэквивалент санын көрсетеді. Мысалы,
H2SO4+2NaOH=Na2SO4+2H2O,
не 1/2H2SO4+NaOH=1/2Na2SO4+H2O
мольэквивалент H2SO4=1/2 моль H2SO4
1/2 – эквиваленттік фактор деп аталады – fэкв. Қышқылды-негіздік реакцияларда fэкв әрекеттесуге қатысқан сутек иондарының санымен, ал тотығу-тотықсыздану реакцияларында тотығу, не тотықсыздану реакциясына қатысқан электрондар санымен анықталады.
fэкв мәні жүретін реакцияның теңдігіне байланысты 1сутегі ионына не 1 электронға сәйкес (эквивалентті) заттың (ион, молекула т.б.) үлесін көрсетеді:
H3PO4+NaOH=NaH2PO4+H2O fэкв(H3PO4)=1
H3PO4+2NaOH=Na2HPO4+2H2O fэкв(H3PO4)=½
H3PO4+3NaOH=Na3PO4+3H2O fэкв(H3PO4)=1/3
не KMnO4+5FeCl2+8HCl=MnCl2+5FeCl3+4H2O+KCl
MnO4-+8H++5e→Mn2++4H2O fэкв(KMnO4)=1/5
Fe2+–1e→Fe3+fэкв(Fe)=1
С(fэ, Х) концентрациясы арқылы берілген ерітіндідегі еріген заттың массасын табу үшін оның мольэквивалент санын бір мольэквиваленттің массасына n(Мэ) көбейту керек. Бір мольэквиваленттің массасы молярлық масса мен эквиваленттік фактордың көбейтіндісіне тең:
Мысалы, мольэквивалент H2SO4–M(1/2 H2SO4)=fэкв(H2SO4) . M(H2SO4)=1/2 . 98,08=49,04 г/моль.
Мольэквивалент KMnO4–M(1/5 KMnO4)=fэкв(KMnO4) . M(KMnO4)=1/5.158,0=31,6 г/моль.
С(1/2H2SO4)=0,1М=0,1. fэкв моль/л, m(H2SO4) = 0,1fэкв(H2SO4) M(H2SO4) = 0,1 моль/л . 98,08 г/моль = 4,904 г/л
C( KMnO4)=0,5М,
m(KMnO4)=0,5.M( KMnO4)=0,5. fэкв(KMnO4);
m(KMnO4)=0,5 моль/л . 31,16 г/моль=15,8 г/л.
Жалпы түрде m(X)=Сн . fэкв . M(X).
Ерітіндінің титрі, Т әрпімен белгіленеді, ол – 1 мл ерітіндідегі еріген заттың грамм, не миллиграмм мөлшері.
Егер ерітіндінің молярлы, не нормальды концентрациялары белгілі болса бұл ерітіндінің титрін былай табуға болады:
; не
Керісінше ерітіндінің титрі белгілі болса, оның молярлы не нормальды концентрациясы жеңіл табылады:
; ;
Мысалы, 250 мл ерітіндіде 24,52 г H2SO4 еріп жүр. Осы ерітіндінің Т, СМ және Сн (fэкв = 1/2) неге тең деген сұраққа былай жауап беруге болады:
Жұмысшы ерітіндінің анықтайтын зат арқылы титрі – TЖ/А, бұл анықтайтын заттың 1 мл жұмысшы ерітіндімен әрекеттесетін грамм мөлшері.
Мысалы, TH2SO4/CaO=0,004679 г/мл, 1 мл күкірт қышқылы 0,004678 г CaO-мен әрекеттеседі. Ерітіндінің эквивалентінің молярлы концентрациясы белгілі болса, оның анықтайтын зат арқылы титрін табу қиын емес:
;
.
Ерітіндінің концентрациясын анықтайтын зат арқылы титрмен белгілеудің тиімділігі – анализдің нәтижесін есептеу жеңілденеді: mА=VЖ . ТЖ/А. Мысалы, темір анықталатын ерітіндіні титрлеуге 20,00 мл ТKMnO4/Fe=0,005850 г/мл KMnO4 ерітіндісі жұмсалады. Егер 1 мл KMnO4 ерітіндісі 0,005850 г темірмен әрекеттесетін болса, онда 20,00 мл KMnO4 20,00 мл . 0,005850 г/мл грамм темірмен әрекеттеседі:
mFe = TKMnO4/ Fe . VKMnO4= 0,005850 г/мл . 20,00 мл = 0,1170 г.
Ерітіндінің проценттік концентрациясы (С %) 100 г ерітіндідегі еріген заттың грамм мөлшерімен белгіленеді. Мысалы, 3 % NaCl ерітіндісі десе, ол 100 г ерітіндіде 3 г NaCl және 97 г су барын көрсетеді.
Процентті концентрациядан молярлы не эквиваленттің молярлы концентрациясына ауысу үшін ерітіндінің тығыздығын еске алу керек. Ерітіндінің массасы (Р), оның тығыздығы (r) және көлемінің (V) арасындағы байланыс P = V . r, не V = .
Мысалы, тығыздығы 1,14 г/мл 20,0 % күкірт қышқылының молярлы және эквивалентінің молярлы концентрацияларын табайық: fэкв (H2SO4) = 1/2. Алдымен 100 г 20,0 % ерітіндінің алатын көлемін табамыз: V= = 87,7 мл. 20,0 % ерітіндінің 100 г не 87,7 мл мөлшерінде 20,0 г H2SO4 бар. Содан кейін бұл ерітіндінің титрін, молярлығын және эквиваленттің молярлы концентрациясын табамыз:
.
Жалпы түрде:
;