Техникасының ережелері.
Мұнайхимиясының теориялық негіздері» пәнінен зертханалық жұмыстар
Зертханалық жұмыс № 1
Мұнай мен газ химиясы және зертханаларында
Техника қауіпсіздігі бойынша жалпы ережелер
Химия лабораториясында жұмыс істегенде келесі ережелер сақталу қажет:
- Оқулықтың сәйкес бөлімдерімен, лекция материалдарымен және лабораториялық жұмыстың мазмұнымен толық танысу .
- Тәжірибеге қажетті барлық реактивтер (ыдыстар, приборлар, реактивтер) толық түгелденбейінше жұмысты бастамау.
- Жұмыс кезінде операциялардың реті мен кезегі әдістемелік нұсқауда көрсетілгендей дәл сақтау.
- Қауіпсіздік ережелерін сақтау (қажет болған жағдайда тәжірибелерді ауа сорғыш шкафта жасау, оңай тұтанатын заттармен байқап жұмыс жасау).
- Тәжірибе жүріп жатқан кезде мұқият қадағалап отыру және өзгерістерді бақылау. Жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын ретке келтіру.
- Бақылау нәтижелері мен реакция теңдеулерін лабораториялық журналға жұмыс аяқтала салысымен түсіру .
Реактивтер жӘне олармен жұмыс жасау тӘртібі.
Лабораториялық жұмысты орындау үшін лабораторияда реактивтердің белгілі бір артық мөлшері болу керек, яғни, бір бөлігі лабораториялық столда, екінші бөлігі – шкафта.
Тазалығы жағынан реактивтер химиялық таза (х.т.), анализ үшін таза (а.ү.т.), таза (т.) болып бөлінеді.
Реактивтерді қолдпанғанда олардың негізгі қасиеттерін білу қажет: отқа қауіптілігі, улылығы, басқа реактивтермен қопарылыс түзуі.
Ерітінділер және құрғақ реактивтер қақпағы шыны немесе резинадан жасалған шыны ыдыстарда сақталады. Әрбір ыдыста ребелсендің аты мен сапасы көрсетілген этикеткасы болу керек. Егер этикеткасы болмаса ол реактивті оқытушының рұқсатынсыз қолдануға болмайды.
Реактивтерді қолданғанда келесі ережелерді сақтау қажет.
- Тәжірибеде реактивтің мөлшері көрсетілмесе, ребелсенді өте аз мөлшерде қолдану қажет.
- Реактивтің артық мөлшерін қайтадан алынған ыдысына салуға немесе құюға болмайды
- Реактивті қолданып болысымен ыдыстың қақпағын жауып орнына қою керек.
- Құрғақ реактивтерді әр уақытта фарфордан немесе металдан жасалған құрғақ , әрі таза қасықтармен алу қажет. Қолданып болған соң оларды тазалап қою қажет.
- Егер реактив тамшуырмен (пипеткамен) алынса оны жумастан басқа ыдысқа салуға болмайды.
- Улы және оңай тұтанатын заттармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін толық сақтаған жөн.
Лабораторияда жұмыс істегенде қауіпсіздік
техникасының ережелері.
- Улы және жағымсыз иісті заттармен жүргізілетін тәжірибелердің барлығы ауа сорғыш шкафта істелінуі тиіс.
- Бөлініп жатқан газды ыдысқа жақындап иіскеуге болмайды. (1- сурет).
- Қышқылдарды сұйылтқан кезде қыщқылға суды емес керісінше суға қышқыл қосу қажет.
- Реактивтерді қйып жатқан кезде бетіне немесе киіміне шашырап кетпес үшін ыдысқа еңкейіп тұруға болмайды.
- Пробирканы қыздырып жатып аузын өзіне немесе қасындағы жолдасына қаратуға болмайды. (2-сурет)
- Егер бетке немесе қолға сұйық таматын болса сол мезетте сумен жуып тастау керек. Күшті қышқылдың тамшыларын судың көп мөлшерімен жуып болған соң сұйытылған сода ерітіндісімен шайқау керек. Ал сілті тамған жерді сумен әбден тайғанақтағаны кеткенше жуу қажет.
- Оңай тұтанатын ұшқыш заттамен жұмыс істегенде, оттан алыстау жерде не болмаса ауа сорғыш шкафтың астында істеу қажет.
- Жанған бензин, спирт, эфирді сөндіру үшін жанып жатқан отқа құм себу керек.
- Күйіп қалған жағдайда, күйген жерді калий перманганаты арітіндісі батырылған мақтамен немесе құрғақ калий перманганаты кристалдарымен сүрту қажет.
- Қатты уланған және күйген жағдайда дәрігерге көріну қажет.
- Лабораториядан кетер кезде газ түтікшелерінің жабық екенін тексеру қажет.
1-сурет 2- сурет
Заттарды иіскеп көру Лабораторияда жұмыс істеу тәсілдері