Аралық бақылау сұрақтары. 1. Энергия алмасуы, түсінік.Энергия алмасуының сатылары.
1. Энергия алмасуы, түсінік.Энергия алмасуының сатылары.
2. 1сатысы- көмірсулардың, липидтердің, Нәруыздардың арнайы катаболизм жолдары арқылы активті сірке қышқылына дейін ыдырау.
3. Үш карбон қышқылдарының циклі (ҮКЦ), мәні, маңызы.
4. ҮҚЦ реакцияларының реті.
5. Биологиялық тотығу (БТ), түсінік, маңызы.
6. БТ тізбегі, сутегі мен электрондарды тасымалдауға қатысатын ферменттер.
7. Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні, маңызы. БТ мен ТФ қабысу нүктелері.
8. Р/О коэффициенті.
9. Биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорланудың ажырауы (мысалдар келтіру).
10. Тағам көмірсуларының қорытылуы.
11. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Ол қалай іске асады? Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері, глюкозаның бүйрек межесі.
12. Анаэробты гликолиз. Маңызы.
13. Анаэробты гликолиз реакциялары (ФГА түзілгенге дейін).
14. Анаэробты гликолиз реакциялары (лактат түзілгенге дейін
15. Анаэробты гликолиздің энергетикалық балансы. Анаэробты гликолиздің соңғы өнімі, оның өзгерістері.
16. Глюкозаның аэробты гликолитикалық жолмен тотығуы (схема). Энергетикалық балансы.
17. Липидтердің қорытылуына қатысатын ұйқы безі және ішек сөлі ферменттері.
18. Өт қышқылдарының өкілдері, липидтер алмасуындағы олардың рөлі
19. Хиломикрондар, түзілуі, құрамы, ағзадағы өзгерістері. Қан тамырішілік липолиз.
20. Липопротеиндер– құрылысы мен рөлі
21. БМҚ-ң β-тотығуы реакциялары.
22. Пальмитин қышқылының β-тотығуының энергетикалық балансын есептеу.
23. Глицериннің тотығуы, энергетикалық балансы
24. Холестериннің химиялық табиғаты және ағзадағы маңызы
25. Кетон денелерінің химиялық табиғаты және олардың маңызы.
26. Нәруыз алмасуының ерекшеліктері. Азоттық баланс ұғымы.
27. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің химиялық құрамы.
28. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының рөлі
29. Асқазан сөліндегі қышқылдық түрлері. Қалыптыдан ауытқуы. Қалыптыдан ауытқу себептері.
30. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері, пайда болу себептері.
31. Қалыпты асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері және олардың патология кезіндегі өзгерістері.
32. АІЖ-дағы нәруыздардың қорытылуы, бұл үрдістерге қатысатын ферменттер, оларға сипаттама.
33. Нәруыздардың гидролиз өнімдерінің сіңірілуі.
34. Гемоглобиннің ыдырауының сатылары.
35. Өт, нәжіс және зәр пигменттерінің түзілуі.
36. Тікелей билирубин, қасиеттері және құрылысы.
37. Тікелей емес билирубин, қасиеттері және құрылысы
38. Қандағы жалпы билирубиннің қалыпты мөлшері. Гипербилирубинемия, сарғыштану туралы түсінік.
39. Паренхиматоздық сарғыштанудың пайда болу себептері, қандағы биохимиялық көрсеткіштер, паренхиматоздық сарғыштанудағы нәжіс пен зәр түсінің өзгерістері. Гемолиздік сарғыштанудың пайда болу себептері, қандағы биохимиялық көрсеткіштер, гемолиздік сарғыштанудағы нәжіс пен зәр түсінің өзгерістері.
40. Механикалық сарғыштанудың пайда болу себептері, қандағы биохимиялық көрсеткіштер, механикалық сарғыштанудағы нәжіс пен зәр түсінің өзгерістері.
№14 Сабақ
1. Тақырыбы: Гормондар.Кальций мен фосфор алмасуын реттейтін гормондар. Қандағы глюкоза деңгейін реттейтін гормондар.
2.Мақсаты:
Гормоналдық зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялауды және сәйкес ұсыныстарды беруге үйрену.
3. Оқытудың міндеттері:
Студенттер осы сабақтан кейін тиіс:
1) Кальций-фосфор алмасуын және қандағы глюкоза деңгейін реттейтін гормондардың түзілетін орны, әсер ету механизмі, физиологиялық эффектілері және секрециясының реттелуі
2) Биохимияның басқа тақырыптарын және постреквизиттерді талдағанда бұл тақырыптың мәліметтері бойынша білімдерді қолдану.
3)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.
4) Тақырыптың негізгі терминдерін ағылшын және екінші тілде пайдаланып кәсіби коммуникацияға түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Кальцитонин, әсер ету механизмі, нысана-жасушалары, түзілу орны, физиологиялық әсері, қандағы кальйий мен фосфаттардың мөлшеріне әсері және секрециясының реттелуі.
2. Паратгормон, әсер ету механизмі, нысана-жасушалары, түзілу орны, физиологиялық әсері, қандағы кальйий мен фосфаттардың мөлшеріне әсері және секрециясының реттелуі.
3. Кальцитриол (1,25(ОН)2Д3), әсер ету механизмі, нысана-жасушалары, түзілу орны, физиологиялық әсері, қандағы кальйий мен фосфаттардың мөлшеріне әсері және секрециясының реттелуі.
4. Инсулин, түзілуі, әсер ету механизмдері, нысана жасушалары, Нәруыздар,көмірсулар және липидтер алмасуына әсері.
5. Глюкагон, әсер ету механизмі, нысана жасушалары, заттар алмасуына әсері.
6. Катехоламиндер (адреналин және норадреналин), түзілуі, әсер ету механизмі, нысана жасушалары, Нәруыздар,көмірсулар және липидтер алмасуына, қан тамырларына әсері.
7. Глюкокортикостероидтар, әсер ету механизмі, заттар алмасуына әсері.
8. Соматотропты гормон, химиялық табиғаты, әсер ету механизмі, заттар алмасуына әсері.
9. Соматомединдер
10. Қантты диабет кезіндегі қан мен зәрдегі биохимиялық көрсеткіштер.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
Тақырыптың жеке сұрақтары мен глоссарийді ағылшын және екінші тілде талқылау кіретін ауызша талдау, жазбаша сұрау, қантты диабет бойынша рольдік ойын, кестемен жұмыс.
Талдау барысында кестелер толтырылады