Тақырып бойынша глоссарий.
Термин на русском языке | Термин на английском языке | Термин на казахском языке |
Инсулин – гормон белковой природы, образуется в бета-клетках островков Лангерганса поджелудочной железы, вызывающий понижение уровня глюкозы в крови | Insulin is a hormone of protein nature which is formed in beta-cells of pancreas and causes the decrease of glucose level in the blood | Инсулин-табиғаты нәруыз болып табылатын гормон, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларында түзіліп, қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуіне әкеледі. |
Контринсулярные гормоны (глюкагон, соматотропный гормон, глюкокортикоиды, катехоламины) – гормоны, повышающие уровень глюкозы в крови | Contra-insular hormones (glucagon, growth hormone, glucocorticoids, catecholamines) are hormones increasing the level of glucose in blood | Контринсулярлы гормондар (глюкагон, соматотропты гормон, глюкокортикоидтар, катехоламиндер)- қандағы глюкоза деңгейін жоғарылататын гормондар. |
Глюкагон – пептидный гормон альфа-клеток островков Лангерганса поджелудочной железы, повышает уровень глюкозы в крови преимущественно за счет усиления глюконеогенеза из глицерина | Glucagon is a peptide hormone of alfa-cells of pancreas, increasing the level of glucose in blood due to the gluconeogenesis from glycerol | Глюкагон- пептидтік гормон, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарының альфа-жасушаларында түзіліп, көбінесе глицериннен глюконеогенез күшеюі есебінен қандағы глюкоза деңгейінің жоғарлауына әкеледі. |
Адреналин и норадреналин (катехоламины) – производные тирозина, образуются в мозговом слое надпочечников, повышают уровень глюкозы в крови за счет преимущественно гликогенолиза | Adrenalin and noradrenalin (catecholamines) are tyrosine derivatives which are formed in medullar layer of adrenal glands. They increase the level of glucose in blood due to glycogenolysis | Адреналинменнорадреналин (катехоламиндер)- тирозиннің туындылары, бүйрек үсті безінің милы қабатында түзіледі, көбінесе гликогенолиз есебінен қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауына әкеледі. |
Глюкокортикоиды – стероидные гормoны пучковой зоны коры надпочечников, повышают уровень глюкозы в крови преимущественно за счет глюконеогенеза из аминокислот | Glucocorticoids are steroid hormones of zone fasciculatae of adrenal cortex. They increase the level of glucose of blood due to gluconeogenesis from aminoacids | Глюкокортикоидтар – бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының шоғырлы аймағының стероидты гормoндары, көбінесе амин қышқылдарынан глюконеогенез күшеюі есебінен қандағы глюкоза деңгейінің жоғарлауына әкеледі. |
Соматотропный гормон – гормон-простой нәруыз, который образуется в передней доле гипофиза, обладает двухфазным действием на уровень глюкозы – кратковременным инсулиноподобным (первые 30 минут) и долговременным диабетогенным (стимулирует образование глюкагона) действием | Growth hormone is a hormone of protein nature which is formed in adenohypophysis. This hormone possesses 2-phase effect on the level of glucose: short time action, 30min (insulin like) and long-time effect (diabetogenic or stimulates the glucagon formation) | Соматотропты гормон- гормон-жай нәруыз, гипофиздің алдыңғы бөлігінде түзіледі, глюкоза деңгейіне екі сатылы әсер етеді- қысқа уақыт инсулинтәрізді (алғашқы 30 минут) және ұзақ уақыт диабетогенді (глюкагонның түзілуін стимулдейді) әсер көрсетеді. |
Соматомедины – пептиды, образующиеся под действием соматотропного гормона в печени, обладают инсулиноподобным действием | Somatomedins are peptides forming in the liver under action of growth hormone. They have an insulin like action | Соматомединдер—бауырда соматотропты гормонның әсерінен түзілетін пептидтер, инсулинтәрізді әсер етеді. |
Сахарный диабет – хроническое эндокринное заболевание, характеризующееся повышением уровня глюкозы в крови, жаждой, полиурией и полифагией | Diabetes mellitus is a chronic endocrine disease, characterizing by hyperglycemia, polyuria, polyphagia | Қантты диабет—созылмалы эндокриндік ауру, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауымен, шөлдеу, полиурия және полифагиямен сипатталады. |
Инсулинзависимый сахарный диабет – сахарный диабет, связанный с недостаточностью инсулина | Insulin-dependent diabetes mellitus is associated with insufficiency of insulin | Инсулинтәуелді қантты диабет- инсулин жетіспеушілігімен байланысты қантты диабет. |
Инсулиннезависимый сахарный диабет – сахарный диабет, связанный с нарушением рецепторов к инсулину (инсулинорезистентностью) | Insulin-independent diabetes mellitus is associated with insulin-resistance | Инсулингетәуелсіз қантты диабет- инсулиннің рецепторларының бұзылуымен (инсулинрезистенттілікпен) байланысты қантты диабет . |
№ 15 Сабақ
1. Тақырыбы: Қан биохимиясы. Қан биохимиясы.Қан плазмасының химиялық құрамы. Органикалық және бейорганикалық заттарының қалыпты мөлшері. Қалыптыдан ауытқу себептері.
2. Мақсаты:
Студенттерде қан плазмасының негізгі органикалық және бейорганикалық компоненттері туралы және биологиялық сұйықтықтардан олардың мөлшерін анықтаудың диагностикалық маңызы туралы білім қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:
Студенттер осы сабақтан кейін тиіс:
1) Қанның негізгі қызметтерін, қан плазмасының химиялық құрамын және оның қан сары суынан айырмашылығын; органикалық және бейорганикалық құрам бөліктерінің қалыпты мөлшерін, оларды анықтаудың диагностикалық маңызын білу.
2) Постреквизиттер мен биохимияның басқа тақырыптарын оқу барысында аталған тақырыптан білімдерін қолдана білуі.
3) Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.
4) Ағылшын және екінші тілде кәсіби коммуникацияға кіруге қабілеттеніп, тақырыптың негізгі терминдерінде пайдалану
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қан плазмасының химиялық құрамы (схема), оның қан сарысуынан айырмашылығы.
2. Қан плазмасының нәруыздары (альбуминдер, глобулиндер, фибриноген, ферменттер), маңызы, қасиеттері, қалыпты мөлшері және патология кезіндегі өзгерістері. (1 кесте)
3. Гипер-, гипо-, дис- және парапротеинемия туралы түсініктер және олардың пайда болу себептері, түрлері.
4. Қан плазмасының ферменттері.
5. Қанның қалдық азоты (мочевина, несеп қышқылы, креатин, креатинин, билирубин), қалыпты жағдайдағы мөлшері, химиялық табиғаты, оларды анықтаудың маңызы.
6. Гиперазотемияның түрлері және оның пайда болу себептері.
7. Қан плазмасының азотсыз органикалық құрамдас бөліктері, өкілдері, олардың химиялық табиғаты, қалыпты мөлшері, патология кезіндегі өзгеруі.
8. Қан плазмасының бейорганикалық заттарының рөлі.
9. Қанның буферлік жүйесі. Ацидоз, алкалоз жағдайындағы бикарбонатты буфер жұмысы.
10. Ацидоз, алкалоз, түрлері, пайда болу себептері (2 кесте).
11. Натрий, калий, хлор – қалыпты жағдайдағы мөлшері, рөлі, қоры, қалыптан ауытқу себептері. Қандағы натрий мен калий мөлшерін реттейтін гормондар.
12. Кальций мен фосфор – қалыпты жағдайдағы мөлшері, рөлі, қоры, көзі, қалыптан ауытқу себептері. Қандағы кальций мен фосфор мөлшерін реттейтін гормондар.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
Ауызша сұрау, жазбаша сұрау, кесте толтыру, ЖИГСО әдісі бойынша шағын топта жұмыс жасау.
ЖИГСО әдісі бойынша шағын топтарда жұмыс жасағанда топ 3-4 адамнан үш топшаға (шағын топшаларға) бөлінеді, әр топшаның әр студентіне тақырыптың сұрақтары беріледі. Әр студентке бір сұрақты дайындау үшін 2-3 минут уақыт беріледі, кейін топшаның ішінде тапсырмаларды талдау үшін тағы уақыт беріледі (5 минут). Содан соң оқытушы негізгі сұрақтар бойынша әр топшадан студентті шақырып, оған сұрақ қояды, бірақ оған алдын ала берген сұрақ емес, сол топшадағы басқа студентке қойылған сұрақты қояды. Яғни, топшаішілік дисскусия уақытында әр студент, педагог ролін атқара отырып, шағын топшалардың басқа мүшелеріне өзінің сұрағын түсіндіреді. Егер уақыт қалса, тесттік тапсырмалар қарастырылады.