Нұсқа Ж – Мамыр меруертгүлі

1-кезең

1. Өндірілетін өсімдік- Мамыр меруертгүлі

Planta productive- Convallariae majalis

2. Дәрілік өсімдік шикізаты- Materia vegetabilis medicinalis

a) Меруертгүл шөбі –Herba convallariae

b) Меруертгүл жапырақтары–Flores convallariae

c) Меруертгүл гүлі–Folia convallariae

3. Тұқымдасы-Лалагүлділер-Лилейные Familia- Liliaceae

3. Меруертгүл шөбінің, гүлінің, жапырағының морфологиялық сипаттамасы:

Шөбі: бүтін және сынған жапырақтардың гүлтабандары, гүлсағағының жеке гүлдерінің қоспасы.

Жапырағы: эллипс немесе ланцет тәрізді, жоғарғы жағы үшкірленген, негізіне қарай кішірейеді, ұзын қынапқа өтеді, жеке немесе 2-3 болып біріккен; жапырақ жиегі- бүтін, жүйкеленуі- доға нервті. Жапырақ пластинкасы жұқа, сынғыш, беті талшықсыз жылтыр. Ұзындығы 10-20 см, ені 3-8 см дейін.

Гүлі: гүлсағағы кеділі-бұдырлы, қалыңдығы 1,5 мм; Біржақты, жай гүл шоғырлы, онда 3-12 сарғыштау гүлдері орналасады. Гүлдері қосжынысты, гүлшоғырында тәжі секілді қоңырауға ұқсас, нәзік бір жаққа салбырап орналасқан ақ түсті, бітеу күлтелі, қысқа гүлтабанда алты қысқа бөлек тісшелері бар. Қысқа жіпшеде 6 аталығы бар, олар гүлшоғыр негізіне бекіген, байламы жоғарғы,үшұялы.Шөбі өсімдіктің жапырағынан және гүлдерінен тұрады.

Түсі: жапырақтары- жасыл, сирек күрең –жасыл түсті, гүлдері сарғыштау, гүл сағағының түсі –ашық жасыл,иісі әлсіз, дәмі анықталмайды.

2-кезең

1. Гүлдену кезеңінде жиналған және кептірілген шөбі, жапырақтары (гүлдеуге дейін және гүлдеудің басында), гүлдері(гүлдеу кезінде жиналған) көпжылдық шөптесін өсімдігі. Мамыр меруертгүлі- Convallariae majalus L, Кавказдық меруертгүлі – Convallaria transcausasica Utkin ex Grossh және Кейске меруертгүлі – Convallarria keiskei Mig. Тұқымдасы- Лилейные- Лалагүлділер.

Сандық көрсеткіштері –шөбі 1 г биологиялық активтілігі 120 БӘБ –тен кем емес, ылғалдылығы -14% -дан көп емес; гүл шоғыры 5 % -дан көп емес; диаметрі 3 мм сүзгіден өтетін бөлшектер 3% -дан көп емес; табиғи түсін жойған шикізат –сарғайған, қарайған, қоңырданып кеткен 5 % -дан көп емес; органикалық қоспалар -1% -дан көп емес; минералды қоспалар 0,5% -дан көп емес.

Гүлі – 1г биологиялық активтілігі 200 БӘБ –тен кем емес, ылғалдығы – 12% -дан көп емес; гүлшоғырындағы қарайған гүлдері 5 % -дан көп емес; гүлі жоқ немесе уатылған, сынбаған гүл сағақтарының мөлшері 1 % -дан көп емес; органикалық қоспалар – 0,5 % -дан көп емес; минеральды қоспалар 0,3% -көп емес.

3.Микроскопия.Меруертгүл жапырағын калий гидроксидінің 2,5% ерітіндісінде 5 минут қайнатады,Петри табақшасына ауыстырып, бірнеше рет ағын сумен жуады.Препаровалдық иненің көмегімен нысан заттық шыныға көшіріледі. Жарықтандыру үшін хлоралгидрат ерітіндісінен 1 тамшы тамызылады, жабынды шынымен жабады.Меруертгүл жапырағының препаратының микроскопиясында келесідей диагностикалық элементтерді табады: жапырақтарын үстінен қарағанда эпидермис жасушаларының тіке қабырғалары; устьицалары доғал; жапырақ ұзындығына бағытталған, эпидермистің 4 жасушасымен қоршалған (тетраперигенді тип).

3-кезең

1. Мамыр меруертгүлі өсімдігінің химиялық құрамында әсер етуші заттар: карденолидтер, 20 түрлі гликозидтер, олардың негізінде К–строфантидин агликоны жатыр. Негізгі гликозидтері конваллотоксин және конваллозид. Сонымен қатар, конваллотоксол, локундьозид, глюконваллозид, дезглюкохейротоксин бар.

Мамыр меруертгүл өсімдігінің химиялық құрамындағы ілеспелі заттары: фарнезол және ликопин – гүлдерінен алынған, флавоноидтар және кумариндер.

2. Химиялық құрамындағы әсер етуші заттарды бөліп алу әдістері:

Қажетті зертханалық құралдар (колба,воронка. келі мен келсап, сүзгіш қағаздар,таразы,өлшегіш тастар,пробиркалар,су моншасы,тазартылған су) таңдап алынады.Шикізатты келіде ұсақтайды да диаметрі 3 мм електен өткізеді.0,5 г салмақтағы ұсақталған шикізатты алып, көлемі 100 мл колбаға салады.Өлшенген шикізатқа 50 мл 80 % спирт құйып, 24 сағатқа тұндырады. Спиртті вакуум арасында ұшырады, сулы қалдықты бөлгіш воронкаға ауыстырып, липофильді заттарды төртхлорлы көміртекпен 10 мл 6 рет экстрагирлейді. Бөлгіш воронкада, қалған қалдықты хлороформмен 10 мл 4 рет өңдейді. Хороформды бөліктерді қосады, 2 г сусыз натрий сульфатын қосып, 3-5 минутқа қалдырады, қағаз фильтр арқылы фильтрлейді және сапалық реакцияға қолданылады.

4-кезең

Наши рекомендации