Көмірсулардың биологиялық ролі

Көмірсулардың биологиялық маңызы өте зор. Көмірсулар тұқым- қуалаушылық хабарының негізін қалаушы ДНК, РНК-ның құрамына кіреді. Көмірсулар эритроцит құрамына кіретіндіктен қанның тобын анықтайды. Көмірсулар күрделі белоктардың, әртүрлі гормондардың құрамында болады. Олар қорғаныс қызметін атқарады. Иммунитетті сақтауға көмірсулардың маңызы зор.

БІР ЖӘНЕ ЕКІ ГЕТЕРОАТОМДЫ БЕС МҮШЕЛІ

ГЕТЕРОЦИКЛДАР

Тұйық тізбектің құрамында көміртегі атомдарынан басқа бір немесе бірнеше басқа атомдар болатын қосылыстар гетероциклды қосылыстар деп аталады. Олар әртүрлі болуы мүмкін, табиғатта кең тараған гетероциклдарға бес және алты мүшелілер жатады.

Гетероатомның ролін азот, күкірт, оттегі және т.б. атқаруы мүмкін. Гетероциклдар қаныққан, қанықпаған және ароматты болып бөлінеді. Олардың ішінде физиологиялық белсенді заттардың және дәрі дәрмектердің құрамында кездесетін ароматтылар табиғатта кең тараған. Бес мүшелі бір гетероатомды гетероциклдарға пиррол, фуран және тиофен жатады. Олар өзара генетикалық байланыста болатын ароматты қосылыстар болып табылады.

көмірсулардың биологиялық ролі - student2.ru пиррол көмірсулардың биологиялық ролі - student2.ru Фуран көмірсулардың биологиялық ролі - student2.ru Тиофен

Пиррол сатылап тотықсызданады:

көмірсулардың биологиялық ролі - student2.ru

Пирролин Пирролидин

Пирролидин ядросы кейбір табиғи қосылыстардың, дәрілік заттардың, кейбір алкалоидтардың, пролин және гидроксипролин α–амин қышқылдарының сол сияқты γ–амин май қышқылы пирролидон–2–лактамы туындыларының құрамына енеді.

Азотты табиғи заттардың маңызды тобын құрамына төрт пиррол сақинасы енетін тетрапирролды қосылыстар құрайды. Тетрапирролды қосылыстарда метен =СН тобымен бөлінген екі пиррол сақинасынан тұратын екі дипиррилметенді фрагмент болады.

Дипиррилметенді фрагменттер көптеген тетрапирролды қосылыстарда макроциклды порфин сақинасын түзеді, оның пирролды циклдардағы жартылай немесе толық алмасқан түрі порфириндер деп аталады.

көмірсулардың биологиялық ролі - student2.ru

Дипиррилметан

Порфириндердің мысалына қан гемоглобинінің құрамына енетін протопорфирин жатады:

Порфиннің ядросы
көмірсулардың биологиялық ролі - student2.ru

Протопорфин Гем

Порфириндер табиғатта металдармен түзілетін комплекстер түрінде кездеседі, мысалы, порфириннің магниймен комплексі хлорофиллдың негізін құрайды, ал порфириннің темірмен комплексі гемопротеиндердің простетикалық тобы түрінде қызмет етеді, мысалы, оларға гемоглобин, цитохромдар және басқа ферменттер жатады. Порфириндердің темірлі туындылары гемдер деп аталады. Мысалы, протогем – гемоглобиннің простетикалық тобы. Цитохром С ядросының да құрылысы осындай.

Витамин В12 (цианкоболамин) құрылымы бойынша металдардың порфиринді комплекстеріне жуық. Ол қанды қалыпты өндіру үшін қажет.

көмірсулардың биологиялық ролі - student2.ru Витамин В12 (цианкоболамин)

Фуранның туындысы фурфуролдан (фуран–2–карбальдегид) фуран қатарының күшті бактерицидтік қасиеттер көрсететін 5 – нитротуындылары алынады. Бұл қатардан микроорганизмдер туындататын іріңді – қабыну процестерінде (дизентерия, тиф, т.б.) тиімді әсер ететін фурацилин және фуразолидон жиі қолданылады.

көмірсулардың биологиялық ролі - student2.ru Фурацилин
көмірсулардың биологиялық ролі - student2.ru Фуразолидон

Тиофен тотықсызданып, тетрагидротиофен түзіледі:

көмірсулардың биологиялық ролі - student2.ru

Тетрагидротиофен

Тиофеннің туындылары қабынуға қарсы, антисептикалық және жергілікті жансыздандырғыш қасиеттер көрсететін ихтиол майының құрамында болады. Тетрагидротиофеннің туындысына биотин (витамин Н) жатады, оның қоректің құрамында жеткіліксіз болуы белоктар мен майлардың дұрыс алмаспауына және тері дерттеріне әкеледі.

Наши рекомендации