Полимерлердің химиялық реакцияларына әсер ететін факторларды мысалдармен түсіндіріп анықтап беріңіз.
Конфигурациялық әсерлер:Стереоизомерлердің қайсысы болса дахимиялық түрлендіру кезінде реакциялық қабілеттікке ықпал етеді. Мысалы, синдиотактикалық құрылымды полиакрил қышқылына тионилхлоридпен әсер еткенде ангидридтік буындар пайда болмайды, ал изотактикалық полиакрил қышқылы суды жеңіл бөліп шығарып, полиангидрид түзеді. Сонымен, функционал топтарының реакциялық қабілеттігі изо- немесе синдиотактикалық тізбектелу ретіне, яғни буындардың тізбекке қалай орналасқанына байланысты. Мысалы – метакрил қышқылы мен n-нитрофенилметакрилат сополимерлерінің гидролиздену, поливинилхлоридті гидрохлорсыздандыру және полиакрилонитрилді қыздырып циклдеу реакциялары. Цис- және транс-изомерлер де реакциялық қабілеттілікке әсер етеді. Мысалы, поливинилхлоридтің гидрохлорсыздануы оның тізбегіндегі буындардың орналасуына байланысты екі түрде жүреді. Буындар тізбекте әдеттегідей «бас соңында» типті орналасса, онда поливинилен түзіледі: Полимер раекцияларының механизмі мен жылдамдығына елеулі ықпал ететін «көрші» әсері. Бұлай деп функционал тобының реакциялық қабілеттігіне әрекеттесіп үлгерген «көрші» орналасқан топтың әсерін айтады. Конформациялық әсерлердің екі түрі бар.Біріншіден, макромолекуланың бірнеше буындарымен бөлінген функционал топтары реакцияға түсу үшін олар бір-бәрәне жақындау керек, яғни реакция жүру үшін қажетті конформацияның болуы және оның сақталуы шарт. Осындай әсерлер реакция жылдамдығын 104-106 есе арттырады. Мұндай эффект ферментативті процестерге тән. Екіншіден, химиялық түрлену нәтижесінде макромолекуланың конформациясы өзгереді. Себебі, реакция кезінде макромолекуланың химиялық құрамы, ішкі және молекулааралық әсерлер, полимер тізбегіндегі буындардың ішкі айналмалы потенциалдық тосқауылдары және т.б. өзгереді. Реакцияның бас кезінде ыңғайлы болған макромолекула конформациясы өзгеріп, реакция жылдамдығын төмендетуі де мүмкін. Бұған кері жағдай да кехдеседі. Мысалы, поливинилацетаттың гидролизін алуға болады: Тізбекте гидроксил тобы жиналған сайын реакция жылдамдығы арта түседі. Концентрациялық әсерлер:Ерітіндідегі макромолекуланың маңында реакцияға түсетін реагенттің концентрациясының өсуіне байланысты реакция жылдамдығы артады. Молекуладан ірі түзілімдердің әсері:Төмен молекулалық реагент полимермен жанасқанда, оның бетінде орналасқан функционал топтары ған әрекеттеседі. Ал полимердің бетінде орналаспаған функционал топтарымен әрекеттесу үшін реагент алдымен полимер қабатына диффузияланып өтуі керек. Диффузиялану ұзақтығы тек қана реакция жағдайларымен ған емес, сонымен қатар полимердің және реагенттің химиялық құрылымымен, макромолекулалардың текшелену тығыздығымен анықталады. Макромолекуланың аморфты аймағының текшелену тығыздығы кристалл аймағына қарағанда төмендеу. Сондықтан төмен молекулалық реагенттердің макромолекуланың аморфты бөлігіне жақындау мерзімі кеміп, реакцияның жүру толықтығы артады. Электростатикалық әсерлер:Зарядталған макромолекула төмен молекулалық реагентпен әрекеттескенде реакция жылдамдығының өзгеруі электростатикалық өзгеруі электростатикалық әсерге байланысты. Мысалы, катализатор ретінде поли-4-винилпиридин қолданылған 3-нитро-4-ацетоксибензолсульфаттың гидролизін қарастырсақ:
Бұл реакцияда реакцияда катализатор қызметін ионданбаған пиридин ядросы атқарады. Жоғарыда қарастырылған әсерлер жеке түрде кездеспейді, әдетте макромолекулалық реакцияларда бірнеше әсерлер қабаттасып жүреді.