Ерітіндідегі комплекс түзу реакцияларының жылдамдығы
Реагенттердің концентрациясына, температураға, еріткішке және жүйенің жеке қасиеттеріне байланысты комплекс түзу реакцияларының жылдамдықтары өзгеріп тұрады. Бейорганикалық және органикалық лигандтары бар комплекстердің көпшілігінің түзілу және диссациациялану реакциялары өте тез жүреді. Бұндай комплекстер лабильді комплекстер деп аталады. Лабильді комплекстің мысалы ретінде мыстың тетрааминді комплексін Cu(NH3)42+ айтуға болады. Бұл комплекс мыс тұзының ерітіндісіне аммиак ерітіндісін қосқанда өте тез түзіледі де, ал ерітіндінің қышқылдығын арттырғанда тез бұзылады.
Ішкі сфералары өте бояу реакцияласатын немесе мүлдем реакцияласпайтын комплексті қосылыстарды инертті комплекстер деп атайды. Оларға Co(NH3)63+ ; Fe(CN)63-; және т.б. қышқылдығы өте жоғары ерітіндіде ыдырамайтын комплекстер жатады. Комплекстерді лабильді және инертті деп шартты түрде ғана бөледі, өйткені оларды бір-бірінен бөліп тастау негізсіз болады. Таубенің пікірі бойынша егер 0,1 М ерітіндідегі комплекс қатысында жүретін реакция бөлме температурасында 1мин ішінде өтетін болса, ондай комплекс лабильді болады. Дегенмен бұндай критерий еркін болып қалады.
Бақылау сұрақтары мен жаттығулар
1. Комплексті қосылыс деген не?
2. Координациялық сан, дентанттық деген не? Бір және көпдентатты комплекстерге мысал келтіріңдер.
3. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығына қандай факторлар әсер етеді?
4. Комплексті қосылыстардың жалпы және сатылай түзілу константалары бір-бірімен қандай байланыста болады?
5. Комплекстену функциясы деген не? Осы функцияны пайдаланып қандай есептеулер жүргізуге болады?
6. Комплексті қосылыс түзілу реакцияларының аналитикалық химияда қолданылуына мысал келтіріңдер.
Тест тапсырмалары
1. Комплексті [Ag(CN)2]-ионының сатылай тұрақсыздық константалары (К) мен тұрақтылық (β) константалары арасындағы тәуелділік мына теңдеулермен анықталады:
1) ;
2) ;
3) ;
4) ;
5) дұрыс жауап берілмеген.
2. Күміс иондарының аммиакпен комплекс түзуінің комплекстену функциясын (F(L)=Ф) қайсы теңдеумен есептеуге болады?
1) ;
2) ;
3) ;
4) ;
5) .
3. Мына реакциялар бойынша: Ag++CN-↔[Ag(CN)] (1); [Ag(CN)]+CN- ↔[Ag(CN)2]- (2) комплекс түзілу тепе-теңдігінің жалпы термодинамикалық константасы мына теңдеумен анықталады:
1) ; 2) ;
3) ; 4) ;
5) .
4. [Ag(NH3)2]+комплексті ионының сатылай тұрақтылық және тұрақсыздық константалары арасындағы тәуелділігі мына теңдеулермен анықталады:
1) , , ;
2) , , ;
3) , , ;
4) , , ;
5) дұрыс жауап берілмеген;
5. Комплексті ионның диссоциациялану процесінің жеке сатыларын сипаттайтын константалар (К) мен оның жалпы тұрақтылық константасы (βn) арасында қандай арақатынас бар?
1) βn= K1+ K2+ ... Kn;
2) βn= K1x Kn;
3) βn= 1/K1 . K2 ...KN;
4) βn= K1x K2... Kn;
5) βn= (K1+ K2 ... +Kn) / K1x K2... .Kn.
6. [Ag(NH3)2]+комплексті ионын бұзу үшін төменде көрсетілген қандай қосылысты пайдаланған ең тиімді?
1) NaCl ЕКAgCl= 1,6 х 10-10;
2) NaBr ЕКAgBr= 7,0 х 10-13;
3) NaJ ЕКAgJ= 1,0 х 10-16;
4) NaSCN ЕКAgSCN= 1,0 х 10-12;
5) NaOH ЕКAgOH= 2,0 х 10-8.
7. Төменде көрсетілген 0,1 M комплексті тұздар ерітінділерінің қайсысында Cd2+ ионының концентрациясы ең жоғары болады?
1) [Cd(CN)4]2- Kт= 7,8 х 10-18;
2) [Cd(NH3)4]2+ Kт= 2,8 х 10-7;
3) [CdCl4]2- Kт= 2,0 х 10-2;
4) [CdJ4]2- Kт= 3,8 х 10-6;
5) [Cd(N2H4)4]2- Kт= 1,3 х 10-4.
8. Өте сұйытылған [Ag(NH3)2]NO3ерітіндісіне мына тұздарды қосқанда кандай тұнба алдымен түзіледі?
1). KBrO3 ЕК (AgBrO3) = 5,5 х 10-5;
2) KCl ЕК (AgCl) = 1,6 х 10-10;
3) KBr ЕК (AgBr) = 7,0 х 10-13;
4) K2S ЕК (Ag2S) = 6,3 х 10-50;
5) тұнба түзілмейді.
9. Аммиакаттарды бұзуға жалпы комплекстерді ыдырату тәсілінің қайсысын қолдану тиімді?
1) сұйылту; 2) қыздыру; 3) қышқылдау; 4) тотықтыру;
5) тотықсыздандыру.
10. Тиосульфаттарды бұзуға жалпы комплекстерді ыдырату тәсілінің қайсысын қолдану тиімді?
1) сұйылту; 2) қыздыру; 3) қышқылдау;
4) сілтілеу; 5) күшті электролит қосу.
11. Сулы ерітінділерде комплексті тұздардың диссоциациясы былай сипатталады:
1) комплексті тұздар күшті электролиттерше диссоциацияланады;
2) комплексті тұздар электролиттік диссоциациялану процесінің бірінші сатысында әлсіз электролиттерше, ал комплексті иондардың өзі күшті электролиттерше диссоциацияланады;
3) комплексті тұздар әлсіз электролиттерше диссоциацияланады;
4) комплексті тұздар электролиттік диссоциациялану процесінің бірінші сатысында күшті электролиттерше, ал комплексті иондардың өзі әлсіз электролиттер сияқты диссоциацияланады;
5) комплексті тұздар бірінші және екінші сатылар бойынша да әлсіз электролиттерше диссоциацияланады.
12. Комплексті иондарда орталық атом мен лигандалар арасында қандай байланыс болмайды?
1) иондық;
2)ковалентті;
3)электровалентті;
4) донорлы-акцепторлық;
5)сутекті.
13. Комплексті ионның электролиттік диссоциациясы комплекстеуші лигандтың артық мөлшерін қосқанда:
1) төмендейді; 2) төмендейді, одан кейін жоғарлайды;
3) жоғарлайды; 4) жоғарлайды, одан кейін төмендейді;
5) өзгермейді.
14. Мына реакциялар қатарының қайсысы жүруі мүмкін:
1) Ag+ → AgJ → [Ag(CN)2]- → AgCl → [Ag(NH3)2]+ → Ag2S;
2) Ag+ → AgCl → [Ag(NH3)2]+ → Ag2S → [Ag(CN)2]- → AgJ;
3) Ag+ → AgCl → [Ag(CN)2]- → AgJ → [Ag(NH3)2]+ → Ag2S;
4) Ag+ → AgCl → [Ag(NH3)2]+ → AgJ → [Ag(CN)2]- → Ag2S;
5) Ag+ → Ag2S → [Ag(CN)2]- → AgCl → [Ag(NH3)2]+ → AgJ.
15. Күміс қосылыстарының қайсысы аммиак ерітіндісінде ең алдымен ериді?
1) AgCl EKAgCl= 1,6 х 10-10;
2) AgBr EKAgBr= 7,0 х 10-13;
3) AgJ EKAgJ= 1,0 х 10-16;
4) AgSCN EKAgSCN = 1,0 х 10-12;
5) Ag2S EKAg2S = 6,3 . 10-50.
16. MeLn комплексінің жалпы концентрациялық тұрақтылық константасының теңдеуін көрсетіңіз:
1) ; 2) ; 3) ;
4) ; 5) .
Тарау