Тақырып бойынша глоссарий.

Қазақ тіліндегі терминдер Ағылшын тіліндегі терминдер Орыс тіліндегі терминдер
Тағам нәруыздарының қорытылуы– асқазан-ішек жолдарының пептидгидролазаларының қатысуымен нәруыз молекуласының гидролиз үрдісі. The digestion of food proteins is a proicess of hydrolysis of proteins with participating of peptidehydrolases of gastrointestinal tract Переваривание белков пищи – процесс гидролиза молекул белка с участием пептидгидролаз желудочно-кишечного тракта
Нәруыздардың шіруі –бұл тоқ ішектің қуысында, микрофлораның ферменттерінің әсерінен жүреді,биохимиялық өзгеріске ұшыраған циклді және диаминомонокарбон амин қышқылдарынан ішек және өлік уының түзілу үрдісі The rotting of proteins is a process of biochemical conversion of cyclic and diaminomonocarboxylic aminoacids with formation of intestinal toxins and ptomaines. this process occurs in the lumen of large intestine under action of enzymes of microflora Гниение белков – это процесс биохимического преобразования циклических и диаминомонокарбоновыхаминокислот с образованием кишечных и трупных ядов, происходит в просвете толстого кишечника под действием ферментов микрофлоры
Нәруыздардың шіру өнімдерін залалсыздандыру– бұл Нәруыздардың улы шіру өнімдерін алалсыздандыру үрдісі, бауырда өтеді, усыз күкірт және глюкурон қышқылдарының эфирлері түзіліп, зәр арқылы шығады   The detoxification of rotting products occurs in the liver, resulting in formation of non-toxic esterosulfuric and esteroglucuronic acids, which are eliminated by urine Обезвреживание продуктов гниения белков – это процесс детоксикации ядовитых продуктов гниения белков, происходящий в печени, приводящий к образованию безвредных эфиросерных и эфироглюкуроновых кислот, которые выводятся с мочой
Жануар индиканы – бұл индоксилкүкірт қышқылының калий немесе натрий тұздары. (индолдың залалсыздануынан түзіледі) “Animal indicant” is potassium or sodium salt of indoxylsulfuric acid (it is formed in detoxification of indol) Животный индикан – это натриевая или калиевая соль индоксилсерной кислоты (образуется при обезвреживании индола)
Кадаверин мен путресцин – тоқ ішектегі нәруыздардың шіруі нәтижесінде «өлік улары» (лизин мен орнитин декарбоксилденгенде) түзіледі. Cadaverine and putrescine are ptomaines, forming during of rotting of proteins (decarboxylation of lysine) in the large intestine Кадаверин и путресцин – «трупные яды», образующийся в результате гниения белков (декарбоксилирования лизина) в толстом кишечнике
Крезол, фенол, индолискатол – тоқ ішектегі нәруыздардың шіруі нәтижесінде түзілетін ішектің улары (тирозин мен триптофаннің бүйір тізбегі тотыққанда). Cresol, phenol, indol and scatol are intestinal toxins, forming during rotting of proteins (oxidation of side chain of cyclic aminoacids – tyrosine and tryptophan) in the large intestine Крезол, фенол, индол и скатол – кишечные яды, образующиеся при гниении белков (окислении боковой цепи тирозина и триптофана) в толстом кишечнике
Асқазан сөлініңжалпы қышқылдығы–100 мл асқазан сөліндегі қышқыл түзетін заттардың жиынтығы,қалыпты жағдайда-40-60 Т.Б The total acidity of gastric juice is a sum of all acidic products of 100 ml of gastric juice; normal value is 40-60TU Общая кислотность желудочного сока – сумма всех кислых продуктов в 100 мл желудочного сока, в норме 40-60ТЕ
Асқазан сөлінің бос тұз қышқылы–100 мл асқазан сөліндегі бос тұз қышқылының мөлшері, қалыпты жағдайда-20-40 Т.Б The free acidity of gastric juice is a quantity of hydrochloric acid in 100 ml of gastric juice; normal level is 20-40TU Свободная кислотность желудочного сока – количество свободной соляной кислоты в 100 мл желудочного сока, в норме 20-40 ТЕ
Байланысқан тұз қышқылы –асқазан сөлінің тағам Нәруыздарымен және басқа заттармен байланысқан, тұз қышқылының мөлшері, қалыпты жағдайда -8-12 Т.Б. The coupled acidity of gastric juice is a quantity of coupled hydrochloric acid (with proteins etc); normal level is 8-12TU Связанная кислотность – количество соляной кислоты, связанной с белками пищи и др. веществами желудочного сока, в норме 8-12 ТЕ
Гиперхлоргидрия, гипохлогидрия, ахлоргидрияиахилия – бос тұз қышқылының жоғарылауы, төмендеуі, болмауымен, сонымен қатар жалпы қышқылдықтың және пепсиннің болмауымен сипатталатын, асқазан сөлініңжалпы қышқылдығының патологиялық жағдайының өзгерісі. Hyperchloirhydria, hypochlorhydria, achlorhydria and achylia are pathological statements of change of gastric acidity, characterizing by increase, decrease, absence of free hydrochloric acid; absence of total acidity and pepsin (accordingly) Гиперхлоргидрия, гипохлогидрия, ахлоргидрия и ахилия – патологические состояния изменения кислотности желудочного сока, характеризующиеся повышением, понижением, отсутствием свободной соляной кислоты; отсутствием общей кислотности и пепсина соответственно

№12 Сабақ

1. Тақырыбы: Күрделі белоктар алмасуы.Гемоглобиннің ыдырауы. Өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі. Пигменттік алмасудың бұзылуы (сарғыштану).

2. Мақсаты:

Белоктар алмасуының бұзылыстары кезінде қан мен зәрдің биохимиялық сараптамаларының нәтижелерін интерпретациялауды және сәйкес ұсыныстарды беруге үйрену.

3. Оқытудың міндеттері:

Студенттер осы сабақтан кейін тиіс:

1) Гемоглобиннің түзілуі мен ыдырауының негізгі сатыларын білу.

2) Сарғыштанудың әр түрлерінің молекулалық механизмдері мен зертханалық көріністерін білу.

3) Биохимияның басқа тақырыптарын және постреквизиттерді талдағанда бұл тақырыптың мәліметтері бойынша білімдерді қолдану.

4)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.

5)Күрделі белоктар алмасуының бұзылыстары және олардың алдын алу үшін өмір салты мен қоректену, зертханалық зерттеулер туралы ұсыныстарды дәлелдеу.

6)Ағылшын және екінші тілде кәсіби коммуникацияға кіруге қабілеттеніп, тақырыптың негізгі терминдерінде пайдалану

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Гемоглобиннің ыдырауының сатылары, реакциялар реті.

2) Өт, нәжіс және зәр пигменттерінің түзілуі.

3)Тікелей және тікелей емес билирубин, қасиеттері және құрылысы.

4) Сарғыштану, түрлері, пайда болу себептері.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері:

Бағдарламалық бақылау сұрақтары бойынща жазбаша сұрау

Тақырып сұрақтары бойынша аузша талдау.

Шағын топтарда ЖИГСО әдісі бойынша жұмыс, тест, TBL .

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Орыс тілінде:

9. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

10. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы

1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.

2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

3.Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007

4.Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

Орыс тілінде:

5.Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

6.Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.

Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.

Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.

7.Аблаев Н.Р., Бейсембаева Ш.А. Клинически значимые биохимические показатели и их интерпретация: учеб пособие, Алматы, КазНМУ, 2007

8.Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008

Бақылау

Сұрақтар:

1.Гемоглобин, құрылысы, ролі.

2. Гемоглобиныдырауы.

3.Тікелей және тікелей емес билирубиннің құрылысы және қасиеттері.

4.Гипербилирубинемия, сарғыштану туралы түсінік. Сарғыштану түрлері. Жалпы билирубин нормасы.

5.Сарғыштану түрлерінің пайда болу себептері, белгілері (лабораториялық нәтижелер), механизм туралы түсінік (№1кестені толтыру)

№1 кесте – Сарғыштану түрлері

Сарғыштану түрлері Пайда болу себебі Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшері Зәрдің түсі Нәжіс түсі
жалпы тікелей тікелей емес
1. Гемолиздік (бауыр үсті)            
2. Паренхималық (бауырлық)            
3. Обтурациялық (бауыр асты)            
4. Жаңа туған нәрестелердегі (физиологиялық)            

Блиц сұрақтар:

1. Гемоглобин ыдырауы қайда жүреді?

2. Эритроциттерден босап шыққан гемоглбин қандай нәруызбен тасымалданады?

3. Өт пигменттерін атаңыз.

4. Зәр, нәжіс пигменттерін атаңыз.

5. Сарғыштану түрлері қандай?

6. Қан плазмасындағы жалпы билирубиннің қалыпты мөлшері.

7. Билирубиннің түрлерін атаңыз.

Наши рекомендации