Арам шӨптерге баҚылау
Адамдардың көпшілігі бау бақша және көкөніс өсірумен шұғылданбайды немесе арам шөптерге шамасы келмегеннен соң тастап кеткен. Бірақта біріншіден – ауладағы бақшаңызда тұрақты жұмыс жасасаңыз онша көп арам шөп болмайды. Екіншіден - шөп шөптеу жақсы дене жаттығуы және күнделікті күйбің тіршіліктен бір мезет арылып, өзіңмен - өзің ғана болатын кезің.
Тазалықты ұстаныңыз
Алаңқайдағы, ормандағы, даладағы, жол жиегіндегі өсіп тұрған арам шөптер жаман емес, бірақта сіздің бақшаңызда бұларға орын жоқ. Олар көкөністер мен жемістердің ылғалы мен тамағын тартып алып өздерін өсірмейді. Сондықтан да арам шөптердің өсуін үнемі қадағалап, еңбегіңіздің еш болмауын бақылап отыруыңыз керек.
Топырақты тыңғылықты даярлау
Ең бірінші мақсат арам шөптерден құтылу. Егерде көпжылдық арамшөптерді қолмен жұлып тастасаңыз, онда тек біржылдықтары ғана қалады. Осыларға тұқым шашуға мүмкіндік бермеу керек. Бұны тесенің көмегі арқылы істеу керек, шөптерді гүлдетпей көзін жойып отыру қажет. Жерге неғұрлым тұқым аз шашылса, келесі жылы соғұрлым арам шөп те азаяды.
Суіне мүмкіндік бермеңіз
Сіз күнделікті арам шөптерді тесемен шөптей берсеңіз, онда олар өсіп үлгермейді. Кішкентай өскіндерді құрту оңай, ал бойлап кеткендері кесел туғызады. Бұлардың көзін жою үшін біраз күш пен уақыт қажет.
Тесенің көмегімен
Құралдың түрі сіздің қалауыңызға, ыңғайыңызға байланысты. Жіңішке тесемен қол созымдай, ал жалпақ тесемен көп ілгері жерді шөптей аласыз. Егер сізде үш тісті қопсытқыш болса, онда арам шөпті тамырымен қопарып алуыңызға болады. Құрғақ ауа райында тесені қолданғаныңыз жөн. Ол топырақтың құрлымы мен ылғалдығын бұзбайды. Ылғалды ауа райында қопсытқыш дұрыс, терең қазып топырақтың су алмасу ағымын жақсартады.
Сімдіктің түбін шөптеу
Арам шөптер - тесе мен қопсытқышты қолдануға ыңғайлы жерде өсе бермейді. Кейбір өсімдіктің түбін тесемен тазалай беруге болады. Мысалы қырыққабат (капуста), жүгері т.б. Бірақ сәбізді, қызылшаны бұлай тазалай алмаймыз, сондықтан да қолмен жұмыс жасауға тура келеді. Кей кезде кішкентай сарымсақтың қысқа сапты тесесін іске қосамыз. Өсімдіктің тамырына таяу жұмыс істегенде тамыры мен сабағын сындырып алмауға тырысыңыз.
Опармай тек қопсыту
Бағбаншылар айтады: «Егерде арам шөптердің көбеюіне бір мүмкіндік берсең, осыны жеті жылда әзер құртасың» - деп. Табиғатта да осылай. Шөптің тұқымдары топырақпен араласып кетіп, тек қана қопарылып жердің бетіне шыққан кезде ғана өнеді. Жерді жылда жыртып немесе күрекпен қопарып арам шөптердің жаңа тұқымдарын жердің бетіне шығара береміз, арам шөптердің азаймайтын себебі де осы. Арам шөптерді азайту үшін топырақты қопармай – ақ бет жағын қопсыта салса да болады. Шөптерді тұқым шашар мерзімінде жойып отырса жылдан жылға азая береді. Ол үшін арам шөптерді тесемен қырқып отырса болғаны.
АУРУЛАР МЕН ЗИЯНКЕСТЕР
Көптеген бағбан мен әуесқойларды - өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері зәрелерін ұшырады. Бірақта шектен шығар шырғалаң өте сирек болады. Мұндай жағдайды бау - бақша, көкөніс өсіретіндер ғұмырларында бір – екі қабат кездестірулері мүмкін.
Агрономиялық немесе бау бақша мен егістік туралы оқулықты алып оқысаңыз, өсімдіктің аурулары мен зиянкестерінің тізімінен басыңыз айналады. Осылардың бәрі де топырақтың әр шаршы сантиметірінде және әр өсімдіктің әр жапырағында отырған сияқты әсер аласыз. Осылай көз алдыңызға елестетесіз. Апат (эпидемия) белгілі бір табиғаттың заңдылығына сәйкес өте сирек болатын құбылыс. Мысалы: Жемір шегіртке (Саранча) 50 жыл мөлшерінде бір қайталанып отырады, басқа уақытта қамыс ішіндегі ұясының маңында ғана болады. Бізде өткен ғасырдың басында, ортасында және аяғында болды. Соңғысына бәріміз де куәміз. (1997 - 98 – 99 жылдардағы шегіртке апаты). Сондықтан да аурулар және зиянкестермен күресуде дәрменсіздік танытатындай бізде ешқандай негіз жоқ.
Аралас бау бақша
Ең жақсы қорғаныс – көптеген жемістердің, көкөністердің, шөптердің түрлерін бірге егу. Егер сіз тек қана сәбіз ғана егіп, оны «сәбіз шыбыны» түгелдей жеп кетсе, онда сіз түксіз қаласыз. Егер сіз жеміс – жидектердің, көкөністердің жиырма түрін ексеңіз, ұшыраған шығыныңыз өніміздің жиырмадан бір ғана бөлігі. Бұған онша ренжімейсіз.
Аралас бау бақшада гүлдерді де көптеп егеді. Әсіресе өсімдіктің табиғи қорғағыштары «хан қызы» (божья коробка), «шырылдауық шыбын» (муха журчалка) ұшып келетін. Бұлар зиянкестердің салған жұмыртқалары мен қуыршақ - құрттарымен тамақтанады. Сондықтан да сіздерге берер кеңесім гүлдерді көбірек түр – түрімен егіңіздер, сонда бау бақшаңыз зиянкестер мен аурулардан аман болады. Химияны мүлдем ұмытасыз. Барлық жерде де, тіпті өзіңіз аурсаңыз да табиғаттың өз күшін, қасиеттерін қолдануды үйреніңіз. Табиғатта бәрі де тепе теңдік қалыпта болады. Осыны бұзып алмауға тырысуымыз керек.
Дала тағылары
Еккен жеміс ағаштарыңыз бен көкөністеріңіз қарамасаңыз үй малдарымен қоса дала аңдарынан да зардап шегеді. Дала қояндарын, тышқандарын т.б. ұстап алу мүмкін емес, сондықтан да алдын ала сақтандыру шараларын қолданған жөн. Темір тор жеміс ағаштарын жақсы сақтайды. Торды жерге терең көмбесеңіз астынан қояндар мен тышқандар кіріп кетеді.
Стар
Құстар қайда болмасын бар. Әсіресе торғайлардан көп запа шегеміз. Бұның бірақ амалы бар, ол көздері кішкентай темір тор тартып тастау. Әрине бұл қымбатқа түседі. Жеміс пісе бастағанда уақытша қоршауға да болады. Немесе қарақшы қойып, желбірлеп тұратын таспа тартып тастау қажет.
Құстар тек жемісі мен жапырағын жегенмен қоймай, топыраққа аунап өсіп келе жатқан өскіндерге де зиянын тигізеді. Әсіресе күнбағыс, жүгері өсіретін аймақтарда, шаруалардың «ата жауы» қарғалар. Олар жүгеріні еккен кезде дәрілемесе еккен кезде тұқымдарын теріп жеп қояды. Күзде өнім пісе бастағанда орасан зор шығынғ ұшыратады. Бұның амалы алқаптың бұрыш бұрышынан тұрып алып мылтықпен ату. Өлген қарғаларды жиілетіп алқап арасына ұзын сырыққа іліп қою. Қытайда қарғаларды былай құртады екен. Балапан басып жатқан қарғаның жұмыртқасын қарға ұшып кеткенде не түнде қол шаммен барып алып, суға бір қайнатып қайта орнына салып қояды екен. Қарға балапан шығарамын деп ұяда жатып жұмыртқаларын шайқай – шайқай зарығып өледі дейді.
Оңыздар, биттер
Өсімдіктерге көптеген зиянкестер шабуыл жасайды. Ең көп тарағаны биттер (тля). Бұлар таңдамай бәрін де жей береді, онымен қоймай ауру таратады. Басқалары бірақ түріне зиянын тигізеді, мысалы: «сәбіз шыбыны» сәбізді ғана жейді. Қырыққабатты (капустаны) көктемде көшіргеннен кейін тамырын пллиэтилен пленкасымен жауып қойса «тамыр шыбыны» (капустная корневая муха) жұмыртқасын сала алмайды. «Скатопсид шыбыны» тек бұршақ тұқымдас өсімдіктерді ғана жейді. Сондықтан осы өсімдіктердің қурай бастаған сабағының ұшын алып тастаса болғаны.
Егер келтірген зиян өршіп бара жатса химиялық қорғанысты қолдану керек. Ол үшін алдымен қапшығына жазылған нұсқаумен мұқият танысып шығыңыз. Техникалық қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындаңыз. Химиялық әдісті басқа амал жоқ кезде ғана қолданыңыз. Пісіп келе жатқан, не піскен өнімдерді улап алып жүрмеңіз!
Рттар
Құрттармен күресудің үш жолы бар. Біріншісі – барлық еккен алқапты су және жарық өтпейтін пленкамен немесе кішкене тор көздері бар тормен жауып тастайды. Бұл жағдайда көбелектер жұмыртқасын сала алмайды. Екінші амал – күнделікті тексеріп, жапырақтардағы құртты немесе жұмыртқасын қолмен теріп алып тастаңыз. Бұл сізге өнбестей болып көрінгенмен, үлкен келеңсіздіктен құтыласыз. Енді соңғысы, басқа амал жоқ кезде химиялық қорғанысты пайдалану. Алдымен сыртында жазылған нұсқауды мұқият оқып барып қана қоланыңыз.
Шырыштар мен ұлулар (Слизи и улитки)
Шырыштар мен ұлулар – ауладағы көкөніс пен жеміс ағаштарының қас жауларының біреуі. Бұлардан арылу үшін ең дұрысы қараңғы түскенде қол шаммен аралап жүріп жинап алу. Сонан кейін оларды сабын салған ертіндінің ішіне салып, ауаша апарып тастау керек. Егер осылай бірнеше кеш аралап шықсаңыз осы зиянкестерден толық құтыласыз.
Егер жағдай ушығып кетсе онда уды қолданыңыз. Химиялық улардың тірі (органикалық) және өлі (неорганикалық) түрлерін пайдалануға болады. Уланып өлген шырыш пен ұлуларды өсімдіктің жанында қалдырмаңыз, бұларды басқа құстар т.б. жеп қойса арты неге апарып соғатыны белгісіз ғой. Қолданбас бұрын сыртында жазылған нұсқаумен мұқият танысып шығыңыз.
Аурулар
Бау бақшаны, көкөністерді дұрыстап өсірсеңіз талай аурулардың алдын аласыз. Егер ауру жапырақтар мен шіри бастаған жемістерді уақтылы жинап, биттерді құртып және өсімдіктің жыл сайын орнын ауыстырып отырсаңыз жағдайыңыз жаман болмайды. Өте ылғалды, ешуақытта кеппейтін топырақ ауру туғызады. Топырақта судың жақсы сіңуі мен алмасуы аурудың таралуына жол бермейді. Дені сау мықты көшеттер ауруға бой алдырмайды, сондықтан да әлсіз, шілбиген ауру көшеттерді босқа берсе де алмаңыз. Аруларға төзімді сорттарды таңдап алыңыз.
Вирус ауруларынан құтылудың бірден – бір жолы аурған өсімдіктерді жағып жіберу. Мысалы қиярда, асқабақта, шпинатта болатын «жапырақ бедері» (листовая мозаика) ауруын жоятын амал жоқ, сондықтан ауру өсімдіктерді ойланбастан жағып жіберіңіз, есесіне қалғандарын аман алып қаласыз. Егер бұлай істемесеңіз жұқпалы індет келесі жылы қайта өршіп шығады. Ауруларды азайту үшін ауыспалы танап жасаңыз.
Есіңізде болсын, аурған өсімдіктерді қойыртпаққа қоспаңыз. Теория бойынша шіріген кезде барлық споралар өліп қалуы тиіс, сақтансаң құдай да сақтаймын деген ғой.